14 дюймдік және 16 дюймдік MacBook Pro компьютеріне арналған Magic Keyboard
14 дюймдік және 16 дюймдік MacBook Pro компьютеріңіздегі Magic Keyboard пернетақтасының жоғарғы жолындағы функция пернелері дыбыс деңгейін немесе экран жарықтығын арттыру сияқты негізгі функциялардың пернелер тіркесімдерін береді. Touch ID (қуат түймесі) функция пернелерінің оң жақ бүйірінде орналасқан. Touch ID құралын орнатқаннан кейін MacBook Pro компьютерінің құлпын ашу, экраныңызды жылдам құлыптау немесе App Store, Apple TV қолданбасынан және Apple Books дүкендерінен және Apple Pay қызметін пайдаланатын веб-тораптарда сатып алу үшін саусақ ізіңізді пайдалануыңызға болады.
Touch ID құралын орнату кезінде немесе кейінірек System Preferences терезесінің Touch ID тақтасында орнатуыңызға болады. Пернетақта теңшелімдерін орнату үшін System Preferences терезесін ашыңыз, Keyboard түймесін басыңыз, одан кейін қолжетімді параметрлерді көру үшін жоғарыдағы түймелерді басыңыз.
Touch ID (қуат түймесі) құралын пайдаланыңыз. MacBook Pro компьютеріңізді қосу үшін басыңыз (немесе қақпағын көтеріңіз және кез келген пернені басыңыз). Компьютерді бірінші рет іске қосқанда немесе қайта іске қосқанда құпия сөзіңізді теру арқылы кіруіңіз керек. Орнатудан және бастапқы кіруден кейін, бірдей сеанста құпия сөзіңіз сұралған кезде, түпнұсқалықты растау үшін тек саусағыңызды Touch ID сенсорына жайлап қоюыңызға болады.
Экраныңызды жылдам құлыптау үшін Touch ID пернесін басыңыз.
Желіде Apple Pay қызметімен қауіпсіз сатып алу үшін Touch ID құралын пайдалануыңызға да болады. Touch ID туралы қосымша ақпаратты MacBook Pro компьютеріңізді орнату бөлімінен қараңыз. Apple Pay туралы қосымша ақпаратты Mac компьютеріңізде Apple Pay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Ескертпе: MacBook Pro компьютеріңізді өшіру үшін Apple мәзірі > Shut Down тармағын таңдаңыз. MacBook Pro компьютеріңізді ұйқы режиміне қою үшін Apple мәзірі > Sleep тармағын таңдаңыз.
Көптеген жүйе функцияларына функция пернелері арқылы қатынауға болады.
Жарықтық пернелері (F1, F2): Экранның жарықтығын азайту немесе көбейту үшін немесе түймесін басыңыз.
Mission Control пернесі (F3): MacBook Pro компьютеріңізде не іске қосылып тұрғанын, соның ішінде барлық бос орындар мен ашық терезелерді көру үшін түймесін басыңыз.
Spotlight Search (F4): Spotlight терезесін ашу үшін түймесін басыңыз және MacBook Pro компьютеріңіздегі бірнәрсені оңай іздеңіз.
Dictation/Siri (F5): Айтуды белсендіру үшін түймесін басыңыз—мәтінді теруге болатын жерде (мысалы, Messages, Mail, Pages және басқа қолданбаларда) айтуыңызға болады. Siri көмекшісін ояту үшін түймесін басып тұрыңыз, одан кейін сұрауыңызды бірден айтыңыз.
Do Not Disturb пернесі (F6): Do Not Disturb параметрін қосу немесе өшіру үшін түймесін басыңыз. Do Not Disturb параметрі қосулы кезде, MacBook Pro компьютеріңізде хабарландыруларды көрмейсіз немесе естімейсіз, бірақ оларды кейінірек Notification Center терезесінде қарауыңызға болады.
Media пернелері (F7, F8, F9): Кері айналдыру үшін түймесін, ойнату немесе кідірту үшін түймесін немесе әнді, фильмді немесе слайдшоуды алға жылдам айналдыру үшін түймесін басыңыз.
Mute пернесі (F10): Кірістірілген динамиктерден немесе 3,5 мм құлақаспап ұясынан шыққан дыбысты өшіру үшін түймесін басыңыз.
Дыбыс деңгейі пернелері (F11, F12): Кірістірілген динамиктерден немесе 3,5 мм құлақаспап ұясынан шыққан дыбыстың деңгейін көтеру немесе төмендету үшін немесе түймесін басыңыз.
Function (Fn)/Globe пернесі: Басқа пернетақтаға ауысу үшін түймесін басыңыз (теңшелімдерде көрсеткен басқа тіл немесе эмодзи параметрлеріңіз арқылы жылжу үшін түймесін қайталап басыңыз) немесе айтуды бастау үшін екі рет басыңыз (ол теңшелімді орнатқан болсаңыз). Пернемен байланысты әрекетті іске қосу үшін функция пернесін басу кезінде Fn пернесін басып тұрыңыз. Жоғарғы жолдағы әрбір функция пернесі басқа функцияларды да орындай алады—мысалы, F11 пернесі барлық ашық терезелерді жасырып, жұмыс үстелін көрсете алады.
Function (Fn)/Globe пернесінің параметрлерін көрсету үшін System Preferences терезесін ашыңыз, Keyboard түймесін басыңыз және пернетақтаңызды немесе кіріс көзін өзгерту, эмодзиді және таңбаларды көрсету, айтуды бастау параметрлерін таңдаңыз немесе функцияларды анықтаңыз.
Пернетақта тіркесімдері туралы мәліметтер алыңыз. Әдетте сенсорлы тақтамен, тінтуірмен немесе басқа құрылғымен орындайтын әрекеттерді MacBook Pro компьютеріңізде орындау үшін пернелер тіркесімдерін басуыңызға болады. Мысалы, бөлектелген мәтінді көшіру үшін Command-C пернелер тіркесімін басыңыз, одан кейін мәтін қойылатын жерді басыңыз және Command-V пернелер тіркесімін басыңыз. Жиі пайдаланылатын тіркесімдер тізімін Mac компьютеріңіздегі пернелер тіркесімдері бөлімінен қараңыз. Mac компьютерін жаңадан пайдаланып отырсаңыз, сізге Mac компьютерін білмесіз бе? деген бөлім де қызық болуы мүмкін.