Mac компьютеріңіздегі iCloud мазмұныңызға қатынау
iCloud ең маңызды ақпаратыңызды—фотосуреттер, файлдар мен т.б. сияқты—барлық құрылғыларыңызда қауіпсіз, жаңа және қолжетімді күйде сақтауыңызға көмектеседі. Ол әрбір Apple құрылғысына кірістірілген және барлық адам бастау үшін 5 ГБ сақтау орнын алады. App Store, Apple TV қолданбасы, Apple Books немесе iTunes Store дүкенінен жасалған сатып алулар қолжетімді орынға есептелмейді. Сондықтан, сізде iPhone, iPad немесе iPod touch болса, жай ғана әрбір құрылғыда Apple ID идентификаторыңызбен кіріңіз, iCloud параметрін қосыңыз, сонда қажетті барлық нәрсеңіз болады. Көбірек сақтау орнын және премьюм мүмкіндіктерді, соның ішінде iCloud Private Relay (beta), Hide My Email, Custom email domains мүмкіндіктерін және HomeKit Secure Video қолдауын қажет етсеңіз, iCloud қызметіне жаңартуыңызға болады.
iCloud қызметін қолдайтын құрылғылар туралы жүйе талаптарының тізімін iCloud мүмкіндігінің жүйе талаптары атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Жұмыс үстелі мен Documents қалтасын iCloud Drive қызметіне автоматты түрде сақтаңыз. Файлдарды Documents қалтасына немесе жұмыс үстеліңізге сақтауыңызға болады, сонда олар iCloud Drive қызметінде автоматты түрде қолжетімді болады және оларды кез келген жерде ашуға болады. iCloud Drive қызметімен жұмыс істеу кезінде iMac компьютеріңіздегі файлдарға iPhone немесе iPad құрылғысында Files қолданбасынан, Интернетте iCloud.com торабынан немесе Windows компьютерінде iCloud for Windows қолданбасынан қатынай аласыз. Файлға құрылғыда немесе iCloud Drive қызметінде өзгертулер енгізгенде, өңдеулеріңізді кез келген жерде файлды қарағанда көре аласыз.
Бастау үшін System Preferences терезесін ашыңыз, Apple ID түймесін басыңыз, одан кейін iCloud түймесін басыңыз. iCloud Drive параметрін таңдаңыз, одан кейін Options түймесін басыңыз және «Desktop & Documents Folders» параметрін таңдаңыз. Қосымша мәліметтерді iCloud жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық құрылғыларда iCloud Drive дискісін пайдалану және орнату бөлімінен қараңыз. Сонымен қатар, Desktop және Documents файлдарыңызды iCloud Drive дискісіне қосу атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
iCloud Photos және Shared Albums мүмкіндіктерін пайдаланып фотосуреттеріңізді сақтаңыз және бөлісіңіз. Фотосурет кітапханаңызды iCloud қызметіне сақтаңыз және фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді, сонымен қатар оларға енгізген өзгертулеріңізді барлық құрылғыларда қараңыз. Фотосуреттер мен бейнелерді таңдаған адамдарыңызбен ғана бөлісіңіз және оларға өздерінің фотосуреттерін, бейнелерін және аңғартпаларын қосуға рұқсат етіңіз. Бастау үшін System Preferences терезесін ашыңыз, Apple ID түймесін басыңыз, iCloud түймесін басыңыз, одан кейін Photos параметрін таңдаңыз. Қосымша мәліметтерді iCloud жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud.com торабында iCloud Photos қолданбасын пайдалану бөлімінен қараңыз.
Сатып алуларыңызды кез келген жерден пайдаланыңыз. Құрылғыларыңызға бірдей Apple ID идентификаторымен кіргеніңізде, App Store, Apple TV қолданбасында, Book Store және iTunes Store дүкендерінде жасалған сатып алулар оларды сатып алу үшін пайдаланылған компьютерге немесе құрылғыға қарамастан кез келген уақытта қолжетімді болады. Сонымен барлық музыкаңыз, фильмдеріңіз, кітаптарыңыз және т.б. барлық жерде қолжетімді болады.
iMac компьютеріңізді Find My Mac көмегімен табыңыз. iMac компьютеріңіз жоғалса, оны картадан табу, оның экранын құлыптау және Find My Mac қосулы болған жағдайда, керек десеңіз оның деректерін қашықтан өшіру үшін Find My мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Find My Mac параметрін қосыңыз, System Preferences терезесін ашыңыз, Apple ID түймесін басыңыз, iCloud түймесін басыңыз, одан кейін Find My Mac параметрін таңдаңыз. Mac компьютеріңіз жоғалса немесе ұрланса атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Ескертпе: iMac компьютеріңізде бірнеше пайдаланушы тіркелгісі болса, тек біреуінде Find My Mac параметрін қосуға болады.
iCloud қызметімен көбірек әрекеттер орындаңыз. iCloud iCloud қызметінің барлық сақтау деңгейлері мен бөлісу мүмкіндіктерін беретін, бірақ қосымша мүмкіндіктері бар жазылым қызметі болып табылады. Кез келген өлшемдегі iCloud сақтау орны жоспарын Family Sharing арқылы бөлісуіңізге болады. Сондай-ақ, iCloud қызметі iCloud Private Relay (beta), HomeKit Secure Video мүмкіндіктерін және iCloud.com торабындағы Mail мекенжайыңыз үшін өзгертпелі электрондық пошта домендерін қамтиды. iCloud жазылымыңызбен алатын нәрселеріңіз мыналар:
Сақтау орны: 50 ГБ, 200 ГБ немесе 2 ТБ iCloud сақтау орны.
iCloud Private Relay (beta): Private Relay – Safari шолғышында IP мекенжайыңызды жасыратын және шифрланбаған трафигіңізді қорғайтын Интернеттегі құпиялылық қызметі. Ол қосулы кезде, Интернетті қосымша қауіпсіз және құпия жолмен шола аласыз.
Hide My Email: Жеке кіріс жәшігіңізге бағыттайтын бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларын жасаңыз, сонда электрондық пошта хабарын жеке электрондық пошта мекенжайыңызды бөліспестен жіберуіңізге және алуыңызға болады.
HomeKit Secure Video: Бейнежазбаңызды жазып, оны кез келген жерден қарау үшін үйіңіздің қауіпсіздік камераларын Home App қолданбасына қосыңыз. Оның барлығы толық шифрланған және бейненің ешқайсысы iCloud сақтау орныңызға есептелмейді.
Теңшелетін электрондық пошта домендері: iCloud Mail мекенжайыңызды өзгертпелі домен атауымен жекелендіріңіз. Жанұя мүшелеріңізді өздерінің iCloud Mail тіркелгілерімен бірдей доменді пайдалануға шақыруыңызға болады.
Family Sharing: Барлық iCloud жоспарларын бес жанұя мүшесіне дейін бөлісуге болады, сонда барлық адам бір жазылыммен барлық осы мүмкіндіктерді және берілген сақтау орнын қолдана алады.
Қосымша мәліметтер. iCloud пайдаланушы нұсқаулығын және iCloud деген не? бөлімін қараңыз қараңыз.