Windows сөзнамасы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мазмұны: | Үсті — А Ә Б В Г Д Е Ж И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Х Ш A—Z |
---|
А
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алмалы дискі (Floppy disk)
- Диаметрі 3,5 дюймді құрайтын, көп дүркін пайдаланылатын магнитті арқау. Қазіргі кезде сыйымдылығы 1,44 МБ алмалы дискілер пайдаланылады. Дискілердің алғашқы үлгілерінің мұқабалары икемді болғандықтан, олар ағылш. floppy disk — иілгіш дискілер деп аталады.
- Апару (Move)
- Таңдалған элементтің үстінен тінтуір батырмасымен басып ұстап тұрып жылжыту арқылы бейнебеттің үстімен жылжыту. Мысалы, бейнебеттегі терезенің орнын ауыстыру үшін терезе тақырып атын сүйреп апаруға болады.
- Арқау (Media)
- Дерек сақтауға жарайтын кез келген тұрғылықты немесе алмалы құрылғы. Мысалы, тұрғылық дискілер, алмалы дискілер, магнитті таспалар, ықшам дискілер.
- Ашылмалы мәзір (Pull Down Menu)
- Мәзір жолының үстінен нұқығанда ашылатын мәзір. Мәзір ашық тұрады, алайда пайдаланушы тінтуір батырмасын тағы бір рет баспайынша немесе мәзір тармағын таңдамайынша басқа әрекет жасалмайды.
Ә
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Админ (Administrator)
- Windows XP Professional жүйесінде — үйшік контроллерлерін немесе жергілікті компьютерлерді, олардың пайдаланушы тіркелгілері мен топтық тіркелгілерін орнату мен басқару, құпия сөздер мен рұқсаттар беру және пайдаланушыларға желіде жұмыс істеу мәселелерін шешуде көмек көрсету үшін жауап беретін адам. Админдер Админдер тобының мүшелері болып табылады және үйшікті немесе компьютерді толық басқарады.
- Windows XP Home Edition жүйесінде — компьютердегі бүкіл жүйеге өзгеріс енгізіп, бағдарламалар орната алатын және компьютердегі барлық файлдарға қатынай алатын адам. Компьютер әкғімшісінің тіркелгісін иеленетін адам компьютердегі барлық басқа пайдаланушы тіркелгілеріне түгел қатынай алады.
- Әмір (Command, Macro, Script)
- Пайдаланушы белгілі бір әрекетті іске асыру мақсатында бағдарламаға беретін нұсқау. Әдетте әмірлер пернетақтадан теріледі немесе мәзірден таңдалады.
- Әмір жолы терезесі (Command Prompt window)
- MS-DOS амалдық жүйесімен өзара әрекеттесуге арналған, жұмыс үстеліндегі терезе. MS-DOS әмірлері жыпылықтайтын жүгіргімен белгіленген кіру нүктесінде теріледі. Сондай-ақ MS-DOS терминін қараңыз.
Б
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бағдарлама (Program)
- Бағдарламалар белгілі бір тапсырмаларды орындауға, мысалы, мәтінді өңдеуге, бухгалтерлік есеп жүргізуге немесе дерек басқаруға арналған. Бағдарламалар сондай-ақ бағдарламашықтар деп те аталады.
- Байланған нысан (Linked Object)
- Құжатқа кірістірілген, бірақ бастапқы файлда қалатын нысан. Байланған деректер бастапқы құжатта өзгертілген кезде жаңартылып отырады. Байланған деректерді өзгерту үшін олардың үстінен екі рет басыңыз. Бейнебетте осы деректер қай бағдарламада жасалса, сол бағдарламаның мәзірлері мен құралдар үстелдері пайда болады. Егер екі құжат та бір компьютерде болса, онда байланған деректерге енгізілген өзгерістер бастапқы құжатта да көрінетін болады. Сондай-ақ бастапқы құжат терминін қараңыз.
- Барынша кішірейту (Minimize)
- Терезе тақырып атының оң жағындағы «Барынша кішірейту» батырмасының көмегімен терезені құралдар үстеліндегі батырма мөлшеріне дейін кішірейту. Сондай-ақ барынша үлкейту, терезе тақырып аты терминдерін қараңыз.
- Барынша үлкейту (Maximize)
- Терезе тақырып атының оң жағындағы «Барынша үлкейту» батырмасының көмегімен терезені ең үлкен мөлшерге дейін үлкейту. Сондай-ақ барынша кішірейту, терезе тақырып аты терминдерін қараңыз.
- Бастапқы құжат (Main document, Original document, Master document)
- Бастапқы құжат деп байланған немесе ендірілген нысан жасалған құжатты атайды. Сондай-ақ ендірілген нысан, байланған нысан терминдерін қараңыз.
- Басып шығарғыш (Printer)
- Мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы.
- Басып шығарғыш драйвері (Printer driver)
- Белгілі бір басып шығарғыштың аппараттық жасақтамасы мен ішкі тілінің қандай екеніне қарамастан онымен басқа бағдарламалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Нақты құрылғымен өзара әрекеттесуді драйвер жүзеге асыратындықтан, бағдарламалар әр түрлі басып шығарғыштарды сәтті пайдалана алады. Сондай-ақ құрылғы драйвері терминін қараңыз.
- Басып шығарғыш пен факстар (Printers and faxes)
- Басқару үстеліндегі («Бастау» мәзірі) қалта, онда басып шығарғыш орнату шебері, сондай-ақ компьютерде орнатылған барлық басып шығарғыштардың белгішелері орналасқан.
- Басып шығару кезегінің реттегіші (Print queue manager)
- Пайдаланушы басып шығаруға жіберген құжатты қабылдайтын және осы құжатты басып шығарғыш басып шығара бастаған сәтке дейін оны дискіде немесе жұмыстық жадында сақтайтын бағдарламалық жасақтама.
- Басып шығарғыш терезесі (Printer window)
- Басып шығарғышқа шығарылуын күтіп тұрған басып шығару тапсырмалары туралы мәліметті көрсететін терезе. Әрбір орнатылған немесе жалғанған басып шығарғыш бойынша басып шығару кезегіндегі құжаттардың санын, олардың иелерін және мөлшерін білуге болады.
- Бейне бейімдеуіш (Display card, Display adaptor)
- Деректерді монитор бейнебетінде көрсетуге мүмкіндік беретін, компьютердегі кеңейтім тақтасы. Деректерді бейнелеу сапасы бейне бейімдеуішке де, сондай-ақ мониторға да байланысты болады.
- Бейнебет ажыратылымдығы (Display resolution)
- Пикселдермен өлшенетін, бейнебетте көрініс беретін ақпараттың көлемін айқындайтын параметр. 640 × 480 сияқты төмен ажыратылымдық бейнебеттегі элементтерді үлкен қылып көрсетеді де, бейнебеттегі бос аймақ кіші болады. 1024 × 768 сияқты жоғары ажыратылымдық бейнебеттегі тұтас аймақты үлкейтіп. жекелеген элементтерді кіші етіп көрсетеді.
- Белгіше (Icon)
- Бейнебетте көрінетін және пайдаланушы қандай да бір әрекеттерді жасай алатын нысанды көрсететін кішкене сурет. Белгішелер әмірлерді еске сақтамастан немесе оларды пернетақтадан терместен компьютердің белгілі бір әрекеттерін басқаруға мүмкіндік береді.
- Белсенді (Active)
- Қазіргі сәтте пайдаланылып жатқан немесе бөлектелген терезені немесе белгішені суреттейді. Амалдық жүйе сіз таңдаған келесі перне басылымын немесе әмірді белсенді терезеге өздіктік түрде қолданады. Жұмыс үстеліндегі таңдалмаған терезелер немесе белгішелер енжар болып табылады. Терезені немесе белгішені белсенді ету үшін оның үстінен басыңыз.
- Белсенді элементтер (Active elements)
- Көрсетілетін деректері жаңартылып отыратын ақпарат, мысалы, биржалық мәліметтер, ауа райы кестесі немесе жаңалықтар. Белсенді элеметтер әдетте Интернет арқылы жаңартылып отырады.
- Бөлектеу (Select)
- Қандай да бір әрекет жасалуға тиіс деректерді немесе мәтінді пернетақтаның немесе тінтуірдің көмегімен бейнебетте белгілеу.
В
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Веб (World Wide Web, WWW)
- Еренсілтемелерді пайдалана отырып Интернетті қарап шығу жүйесі. Веб-шолғышты пайдаланған кезде бұл жүйе мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейне нысандарының жиыны түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Интернет терминін қараңыз.
- Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама (Antivirus software)
- Вирусқарсы бағдарламалар электрондық поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.
Г
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гигабайт (ГБ) (Gigabyte, GB)
- Дерек өлшеу бірлігі, 1 024 МБ-қа тең. Сондай-ақ килобайт (KБ); мегабайт (MБ) сөздерін қараңыз.
Д
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Дискі (Disk)
- Компьютерге тіркелетін, дерек сақтау құрылғысы, мысалы, алмалы дискі немесе тұрғылықты дискі (компьютердің тұрақты ішкі құраласы).
- Дискі, дискі әрпі (Drive, Drive Letter)
- Белгілі бір файл жүйесі үшін пішімделген және дискі әрібі бар дерек сақтау аймағы. Дерек сақтау үшін алмалы дискі, ықшам дискі, тұрғылықты дискі немесе басқа түрлі дискіні пайдалануға болады. Дискілер A әрпінен бастап, соңынан қос нүкте келетін әріптермен белгіленеді. Дискінің мазмұнын жетектегіштегі немесе «Менің компьютерім» терезесіндегі оның белгішесінің үстінен басу арқылы қарап алуға болады. Сондай-ақ файл жүйесі терминін қараңыз.
- Дыбыстауыш тақта (Sound card)
- Дербес компьютерлер үшін дыбыс жазу мен ойнату мүмкіндігін қамтамасыз ететін кеңейтім тақтасы.
- Дыбыстық файл (Audio file)
- Дыбыстық файлда Windows жүйесі компьютерде дыбыстық жазбаларды ойнату үшін пайдаланатын деректер орналасады. Windows жүйесіндегі дыбыстық файлдардың кеңейтімі — wav.
Е
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Енгізу тілі (Input Language)
- Деректер енгізілетін тілге сәйкес келетін тіл және пернетақта жаймасы.
- Ендірілген нысан (Embedded object)
- Басқа бағдарламада жасалған деректерді құжатқа кірістіру. Ендірілген деректерді жаңа құжатта олар қай бағдарламада жасалған болса, сол бағдарламаның мәзірлері мен құралдар үстелдерінің көмегімен өзгертуге болады. Ендірілген деректерді өзгерту үшін оларды бөлектеңіз де, үстінен екі рет басыңыз. Бейнебетте осы деректер қай бағдарламада жасалса, сол бағдарламаның мәзірлері мен құралдар үстелдері пайда болады. Ендірілген деректер бастапқы құжатпен байланысын сақтамайды. Бұл – егер бастапқы құжатта деректер өзгертілсе, ол жаңа құжатта көрінбейді деген сөз.
- Еренсілтеме (Hyperlink)
- Файлға, файлдағы белгілі бір жерге немесе Интернеттегі веб-бетке өту үшін үстінен нұқым жасалатын, асты сызылған түсті мәтін немесе сурет.
Ж
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жабдық (Hardware)
- Компьютерлік жүйенің физикалық құраластары, соның ішінде перифериялық құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар, модемдер және тінтуірлер.
- Желі (Network)
- Компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желелір тобы болып табылатын Интернет. Сондай-ақ желілік бейімдеуіш терминін қараңыз.
- Желіаралық қалқан (Firewall)
- Әдетте ішкі желіге немесе Интранетке сырттан рұқсатсыз қатынауға кедергі жасау үшін қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ететін, аппараттық жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың қосындысы. Желіаралық қалқан желіден тысқары аралық сервер арқылы байланыс жолын жоспарлау арқылы желі мен сыртқы компьютерлер арасындағы тура байланысты болдырмайды. Аралық сервер файлы желі арқылы жіберу қауіпсіз болатын-болмайтынын айқындайды. Желіаралық қалқан сондай-ақ қауіпсіз жиекті шлюз деп те аталады.
- ЖЖҚ (жедел жадтайтын құрылғы) (Random Access Memory, RAM)
- ЖЖҚ-ны компьютер бағдарламалық жасақтамаларды іске қосатын есептеу үрдістерін орындау үшін пайдаланады. Сонымен қатар ЖЖҚ-да бейнебетте көрінетін деректер уақытша сақталады. ЖЖҚ көлемінің артуы компьютерде күрделі бағдарламаларды іске қосуға және үлкен файлдарды өңдеуге мүмкіндік бермейді. Компьютер сөндірілген кезде ЖЖҚ-да сақталған деректер жойылып кетеді.
- ЖК (жасырын көшірме) (Carbon Copy, CC)
- Хабардың жасырын көшірмесі. Электрондық пошта хабарының осы жолағында аты көрсетілген хабар алушы хабардың көшірмесін алады, ал басқа алушыларға оның аты-жөні көрінбейтін болады.
- Жою (Delete)
- Тұрғылықты дискіден бағдарлама файлдары мен қалталарын жою, сондай-ақ жүйелік тізілімнен тиісті деректерді жою әрекеті.
- Жұмыс үстелі (Desktop)
- Windows жүйесінің жұмыс үстелі — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады. Сондай-ақ пайдаланушының сызбалық интерфейсі терминін қараңыз.
- Жүйелік тақта (Motherboard)
- Компьютердің негізгі құрастырғыш тақтасы. Жүйелік тақтада қосымша тақталарды тіркеуге арналған ағытпалар бар.
- Жылдамдығы жоғары қосылым (Broadband connection)
- Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылу, мысалы, DSL арқылы немесе кабельдік модемнің көмегімен қосылу.
И
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Интернет (Internet)
- Бүкіл дүние жүзінде орналасқан серверлерді біріктіретін желі. Интернетке қатынау мүмкіндігі болған кезде миллиондаған көздерден, соның ішінде білім беру мекемелерінен, мемлекеттік ұйымдардан, коммерциялық кәсіпорындардан және жекелеген пайдаланушылардан деректер алуға болады. Сондай-ақ веб терминін қараңыз. => Көбірек…
- Интернет провайдері (Internet Service Provider, ISP)
- Интернетке қатынауға мүмкіндік беретін ұйым. Интернет провайдері Интернетке қосылу үшін қажетті телефон нөмірін, пайдаланушы атын, құпия сөзді және басқа да мәліметтерді береді. Әдетте Интернет провайдерінің көрсететін қызметтері үшін ақы айына немесе сағатына төленеді. Сондай-ақ веб-сервер терминін қараңыз.
- Интранет (Intranet)
- Интернет технологиялары мен тілқатысу тәсілдерін пайдаланатын, бірақ тек компанияның қызметкерлері сияқты белгілі бір адамдар ғана пайдалана алатын, ұйым ішілік желі. Интранет сондай-ақ жеке желі деп те аталады.
К
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кезек (Queue)
- Пайдаланушы көрсеткен әрекеттердің орындалуына кезек күтіп тұрған бағдарламалардың немесе тапсырмалардың тізімі. Басып шығаруға қатысты кезек деп басып шығарылуын күтіп тұрған құжаттар тобы аталады. Сондай-ақ басып шығарғыш терминін қараңыз.
- Килобайт (Kilobyte, KB)
- Дерек өлшеу бірлігі, 1024 байт-қа тең. Сондай-ақ гигабайт, мегабайт терминдерін қараңыз.
- Клиент (Client)
- Сервер деп аталатын басқа компьютердегі ортақ желілік ресурстарды пайдаланатын компьютер. Сондай-ақ сервер терминін қараңыз.
- Көшірме (Copy)
- Хабардың көшірмесі. Электрондық пошта хабарының осы жолағында аты көрсетілген хабар алушы хабардың көшірмесін алады, ал басқа алушыларға оның аты-жөні көрініп тұрады.
- Күту қалыбы (Standby mode)
- Бұл күйде компьютер электр қуатын азырақ тұтынады, бірақ оның жұмыс қабілетін әп-сәтте қалпына келтіруге болады. Компьютер күту қалыбында тұрғанда жадыдағы деректер тұрғылықты дискіге жазылмайды. Қорек көзі үзіліп кеткен жағдайда жадыда орналасқан деректер жоғалып кетеді.
- Кірістіру орны (Input area, input box)
- Пернетақтадан енгізілген кезде мәтін қойылатын жер. Бағдарламаның терезесінде немесе тілқатысу терезесінде кірістіру орны әдетте жыпылықтаған тік сызық (жүгіргі) түрінде белгіленеді, сондықтан ол көбінесе жүгіргі орны деп аталады.
Қ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қалта (Folder)
- Бейнебетте кеңсе қалтасы түріндегі белгішенің (кішкене суреттің) көмегімен бейнеленетін, бағдарламалар мен файлдарға арналған контейнер. Қалталарға файлдармен қатар басқа қалталарды да салуға болады және олар бағдарламалар мен құжаттарды дискіде реттеп орналастыру үшін пайдаланылады.
- Қаріп (Font)
- Әріптерді, сандар мен арнайы таңбаларды бейнелеуге арналған баспаханалық белгілер жиыны. Сондай-ақ қаріп гарнитурасы терминін қараңыз.
- Қаріп гарнитурасы (Typeface, Font family)
- Штрих ені немесе керткен таңбаларының бар-жоғы сияқты ортақ сипаттамалары бар таңбалар жиыны. Сондай-ақ қаріп терминін қараңыз.
- Қатарлас порт (Parallel port)
- Қатарлас интерфейсі бар құрылғыларды жалғауға арналған кіріс-шығыс ағытпасы. Басып шығарғыштың көпшілігі қатарлас портқа жалғанады. Сондай-ақ тізбекті порт терминін қараңыз.
- Қауіпсіздік орталығы (Security center)
- Компьютердің қауіпсіздік жүйесінің жағдайын бейнелеуге, сондай-ақ жүйенің қорғалу дәрежесін жақсартуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді орындауға болатыны туралы құлақтандыруға арналған бағдарлама. Қауіпсіздік орталығы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі үш құраласын бақылайды: желіаралық қалқан, вирусқарсы бағдарламалық жасақтама және өздіктік жаңарту құралы.
- Қашықтан қатынасу қосылымы (Remote access connection)
- Телефон желісін пайдаланатын құрылғының көмегімен жергілікті желіге қосылу.
- Қойынды (Tab)
- Тілқатысу терезесінің бір бөлігі, жазу кітапшасындағы бетбелгіге ұқсайды және тілқатысу терезесінің әр түрлі параметрлер жиындарының арасында жылжуды қамтамасыз етеді.
- Қор көзі (Resource)
- Орындалып жатқан бағдарламада немесе үрдісте пайдаланылатын компьютердің немесе желінің кез келген бір бөлігі (мысалы, дискі, басып шығарғыш немесе жады).
- Қос нұқым (Double click)
- Тінтуір көрсеткісін қозғамастан оның батырмасын екі рет жылдам басып, босату. Бағдарламаны немесе оның мүмкіндігін жылдам таңдап, іске қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нұқу, апару терминдерін қараңыз.
- Қотару (Download)
- Сұратушы компьютерге файлдың көшірмесін модем немесе жергілікті желі арқылы Интернеттен көшіру.
- Құпия сөз (Password)
- Компьютерге және пайдаланушылардың тіркелгілеріне қатынауды шектеуге арналған қорғаныс құралы. Құпия сөз деп ресурстарға қатынау үшін енгізілуге тиіс таңбалар жиыны аталады. Құпия сөз әріптерден, сандар мен басқа да таңбалардан тұрады, және бұл жерде олардың үлкен-кішілігі есепке алынады.
- Құралдар үстелі (Tools, toolbar)
- Бағдарламаның сызбалық интерфейсіндегі бейнебеттік батырмалардың немесе белгішелердің қатары, бағаны немесе блогы. Осы батырмаларды баса отырып немесе белгішелердің үстінен нұқи отырып, пайдаланушы бағдарламаның белгілі бір жетелерін белсендіреді. Мысалы, Microsoft Word құралдар үстелінде (басқаларымен қатар) мәтінді қиғаш немесе жуан етіп өзгертуге арналған батырмалар, сондай-ақ құжаттарды сақтау мен ашу батырмалары бар. Әдетте пайдаланушының құралдар үстелдерін баптауға және оларды бейнебет бойымен жылжытуға мүмкіндігі болады.
- Құрылғы (Device)
- Жергілікті желіге немесе компьютерге жалғауға болатын кез келген жабдық, мысалы, компьютер, басып шығарғыш, тәрте, бейімдеуіш, модем немесе басқа перифериялық құрылғы. Құрылғылар Windows жүйесімен жұмыс істеуі үшін әдетте драйвер қажет болады. Сондай-ақ құрылғы драйвері, перифериялық құрылғы терминдерін қараңыз.
- Құрылғы драйвері (Device driver)
- Модем, желілік бейімдеуіш немесе басып шығарғыш сияқты нақты құрылғының амалдық жүйемен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Тіпті құрылғы жүйеде орнатылған болса да, тиісті драйвер орнатылып, бапталғанша Windows жүйесі құрылғыны танымауы мүмкін. Орнатылған және бапталған құрылғы драйверлері компьютердің жұмысын бастау барысында өздіктік түрде іске қосылады да, пайдаланушы үшін байқаусыз жегіледі. Әдетте драйверлерді жабдықты өндірушінің веб-торабынан қотарып алуға болады.
- Құсбелгі көзі (Checkbox)
- Құсбелгі көздері параметрлер жиынындағы жекелеген мүмкіндіктерді немесе параметрлерді іске қосу немесе ажырату үшін қолданылады. Егер параметр таңдалса, оның тұсында х белгісі немесе құсбелгі пайда болады.
- Құсбелгіні алып тастау (Uncheck)
- Құсбелгі көзін алып тастау жолымен параметрді ажырату. Құсбелгі көзін алып тастау үшін оның үстінен басыңыз немесе бөлектеңіз де, БОС ОРЫН батырмасын басыңыз.
Л
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Лақап (Shortcut)
- Компьютерде немесе желіде орналасқан кез келген элементке сілтеме (мысалы, бағдарлама, файл, қалта, дискіенгізгі, веб-бет, басып шығарғыш немесе басқа компьютер болуы мүмкін). Лақаптарды түрлі аймақтарда, мысалы, жұмыс үстелінде, Бастау мәзірінде немесе қалталарда орналастыруға болады. Сондай-ақ жұмыс үстелі, белгіше терминдерін қараңыз.
М
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мәзір (Menu)
- Белгілі бір әрекеттерді орындау үшін, мысалы, құжаттың бөлектелген бөлігін пішімдеу үшін пайдаланушы әмірлерді таңдайтын тізім.
- Мәзір жолағы (Menu bar)
- Бағдарлама терезесінің үстіңгі жағындағы тік бұрышты үстел, онда қолданыстағы мәзірлердің атаулары орналасқан. Егер тінтуірдің немесе пернетақтаның көмегімен мәзірлердің бірін бөлектесе, ондағы әмірлердің тізімі бейнебетте көрініс береді.
- Мәтін жолағы (Textbox)
- Бейнебеттегі тік төрт бұрышты өріс, онда әмірлерді орындау үшін қажетті деректер теріледі.
- Мегабайт (МБ) (Megabyte, MB)
- Дерек өлшеу бірлігі, 1 048 576 байтқа тең. Сондай-ақ гигабайт; килобайт сөздерін қараңыз.
- Менің компьютерім (My Computer)
- Тұрғылықты дискі мен алмалы дискілердің, ықшам дискінің, сондай-ақ кез келген тіркелген перифериялық құрылғылардың мазмұны бейнеленетін қалта. Бұл қалтаға қатынау үшін Бастау мәзірінен Менің компьютерім тармағын таңдаңыз.
- Менің құжаттарым (My Documents)
- Жылдам қатынауды керек ететін құжаттарды, суреттер мен басқа да файлдарды сақтауға ыңғайлы қалта. WordPad немесе Paint сияқты бағдарламалар файлдарды сақтайтын басқа орын көрсетілмесе, оларды «Менің құжаттарым» қалтасында өздіктік түрде сақтайды. Бұл қалтаға қатынау үшін Бастау мәзірінен Менің құжаттарым тармағын таңдаңыз.
- Менің сазым (My Music)
- Дыбыстық файлдарды сақтауға және өңдеуге ыңғайлы қалта. Бұл қалтаға қатынау үшін Бастау мәзірінен Менің сазым тармағын таңдаңыз.
- Менің суреттерім (My Pictures)
- Сызбалық файлдарды сақтауға және өңдеуге ыңғайлы қалта. Бұл қалтаға қатынау үшін Бастау мәзірінен Менің суреттерім тармағын таңдаңыз.
- Модем (Modem)
- Сандық деректерді телефон желісі арқылы жіберуге және қабылдауға арналған құрылғы.
Н
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нобай (Thumbnail)
- Көбінесе сызбалық кескіндер жиынын жылдам қарап шығу үшін пайдаланылатын, кескіннің кішірейтілген нұсқасы.
- Нұқу (Click)
- Тінтуірдің негізгі (сол жақ) батырмасын элементтің үстіне апарып, басу, содан соң батырманы босату.
- Нүкте (Pixel)
- Бағдарламалық жасақтама, бейнебет немесе басып шығарғыш әріптерді, сандар мен суреттерді жасау үшін пайдалана алатын ең кіші элемент. Компьютер бейнебетте немесе басып шығарғыш қағазда жасап шығаратын кескінді құрайтын мыңдаған нүктелердің қарапайым бөлігі болып табылатын төрт бұрышты тордың болжалды сызықтары қиылысқан жердегі аумақ. Сондай-ақ бейнебет ажыратылымдығы терминін қараңыз.
- Нысан (Object)
- Төлбелгілерінің бірегей жиынымен айрықшаланатын элемент (файл, қалта, басып шығарғыш). Мысалы, файлдың атауы, орналасқан жері мен мөлшері оның төлбелгілері болып табылады. Сондай-ақ басып шығарғыштың рұқсаттарытерминін қараңыз.
О
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ойын порты (Game port)
- Компьютерге тәртені немесе басқа да ойын құрылғыларын жалғауға арналған ағытпа. Сондай-ақ тізбекті порт терминін қараңыз.
- Оң жақ батырмамен басу (Right click)
- Тінтуірдің екінші (оң жақ) батырмасын нысанның үстіне апарып, басу, содан соң батырманы босату. Тінтуірдің оң жақ батырмасымен басу арқылы пайдалы әмірлер орналасқан мәтінмәндік мәзір ашылады, олардың тізбесі таңдалған нысанға және жағдайға қарай әр түрлі болады.
- Орнату (Install)
- Компьютерге бағдарлама файлдары мен қалталарын алғаш рет үстеу. Орнату жаңартудан басқаша болады, жаңарту кезінде бағдарламаның қолданыстағы қалталары мен файлдары жаңарақ нұсқаларымен ауыстырылады.
Ө
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өздіктік жаңарту (Automatic update)
- Windows жүйесінің қауіпсіздік мүмкіндігі, бұл қауіпсіздік жаңартуларды, маңызды жаңартуларды және жаңарту бумаларын пайдаланушы белгілеген кесте бойынша өздіктік түрде қотарып алуға және орнатуға арналған. Сонымен қатар осы мүмкіндіктің көмегімен маңызды жаңартулардың пайда болғаны туралы құлақтандырулар алуға болады.
- Өң (Background)
- Windows жүйесінің жұмыс үстеліндегі кескін. Нүктелік кескін (BMP файлы) түрінде сақтауға болатын кез келген өрнекті немесе суретті бейнебеттің өңдік суреті ретінде таңдауға болады.
П
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Пайдаланушы (User)
- Компьютерді пайдаланатын адам.
- Пайдаланушы атауы (Username)
- Windows жүйесінде пайдаланушы тіркелгісін айқындайтын бірегей атау. Тіркелгінің пайдаланушы атауы басқа топтық пайдаланушылар атауларының және оның өз үйшігінің немесе жұмыс тобының шеңберіндегі пайдаланушы атауларының арасында бірегей болуға тиіс.
- Пайдаланушы құпия сөзі (User password)
- Әр пайдаланушы тіркелгісінде сақталатын құпия сөз. Әр пайдаланушының әдетте бірегей құпия сөзі болады, және ол құпия сөзін жүйеге кірген кезде немесе серверге қатынаған кезде теруге тиіс.
- Пайдаланушы профайлы (User profile)
- Белгілі бір пайдаланушы үшін жұмыс үстелінің параметрлері, тұрақты желілік қосылымдар және қолданбалық параметрлер сияқты ішқұрылымдық ақпарат жазылған файл. Әр пайдаланушының бапталымдары пайдаланушы профайлында сақталады, ол Windows жүйесінде пайдаланушы жүйеге кірген сайын жұмыс үстелін ішқұрылымдау үшін қолданылады.
- Пайдаланушы тіркелгісі (User account)
- Windows жүйесін пайдаланушыны айқындайтын барлық ақпарат жазылған жазба. Оған пайдаланушының атауы мен оның жүйеге кіруі үшін қажетті құпия сөз кіреді.
- Пайдаланушының сызбалық интерфейсі (Graphical User Interface, GUI)
- Бағдарламаларға, файлдар мен басқа да элементтерге компьютер бейнебетіндегі кішкене белгішелер сәйкес келетін көрнекі компьютерлік орта. Сызбалық интерфейс элементтері – белгішелер, мәзірлер және тілқатысу терезелері. Бұл элементтерді таңдау тінтуірдің немесе пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады. Шарлау нысандарының көпшілігі (мысалы, айналдыру жолақтары) барлық бағдарламаларда бірдей жолмен әрекет етеді.
- Перифериялық құрылғы (?)
- Компьютерге жалғанған және оның процессоры арқылы басқарылатын құрылғы (мысалы, дискілік жинақтағыш, басып шығарғыш, модем немесе тәрте). Сондай-ақ құрылғы терминін қараңыз.
- Пернетақта жаймасы (Keyboard layout)
- Түрлі алфавиттердің белгілер мен таңбаларының пернетақта пернелеріне сәйкес келуі. Бейнебетте пайда болатын белгінің қандай болуы тек басылған пернеге ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы пернетақта жаймасына да байланысты.
- Пернетақта тілі (Keyboard language)
- Мәтін теру үшін пайдаланылатын тіл. Windows платформасына арналған кейбір бағдарламалар ғана осы параметрді таниды. Жаңа пернетақта тілі үстелген кезде осы тілге арналған пернетақта жаймасы да үстеледі.
- Порт (Port)
- Компьютерден және компьютерге дерек беретін құрылғыларды жалғауға арналған ағытпа. Мысалы, басып шығарғыштар әдетте қатарлас (LPT) порттарға, ал модемдер тізбекті (COM) порттарға жалғанады. Сонымен қатар тізбекті портты (негізінен дерек беруге арналған), сондай-ақ перифериялық құрылғылар үшін пайдаланылатын USB портын да айта кету керек. USB порты әдетте компьютердің алдыңғы немесе артқы жағында, тізбекті немесе қатарлас порттың жанында орналасады.
Р
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Рұқсат (Permission)
- Нысанға пайдаланушылардың қалай қатынай алатынын және қандай жолмен қатынауына болатынын реттейтін, нысанға қатысты ереже. Рұқсаттарды нысанның иесі береді немесе беруден бас тартады.
С
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Себет (Recycler)
- Себет Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Файлды жою үшін оны себетке апарып тастау керек. Себеттен сондай-ақ жаңсақ жойылып кеткен файлдарды қалпына келтіруге болады. Себеттің ішіндегісін жойып, дискіде қосымша орын босату үшін себеттің белгішесінің үстінен тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз да, Себетті тазалау әмірін таңдаңыз. Сондай-ақ тінтуірдің оң жақ батырмасымен басу терминін қараңыз.
- Сервер (Server)
- Желіні пайдаланушыларға ортақ қор көздерін қамтамасыз ететін компьютер (файлдар, қалталар, деректер және пошта қызметтері). Сондай-ақ клиент терминін қараңыз.
- Сүйреп апарып тастау (Drag and drop)
- Тінтуірдің көмегімен бейнебеттегі элементтерді сүйреп апару жолымен әрекеттер жасау. Мысалы, құжатты жою үшін оны себеттің белгішесіне сүйреп апарып, тінтуір батырмасын босатса жеткілікті. Құжатты себеттің белгішесінің үстіне қойыңыз, белгіше бөлектелгенше күтіңіз, содан соң тінтуір батырмасын босатыңыз. Сондай-ақ апару, пайдаланушының сызбалық интерфейсі терминдерін қараңыз.
Т
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тапсырмалар үстелі (Taskbar)
- Бейнебеттің төменгі жағында әдепкі бойынша көрініп тұратын үстел, осында «Бастау» батырмасы орналасқан. Тапсырмалар үстелінің батырмаларының көмегімен іске қосулы тұрған бағдарламаларды ауыстыруға болады. Сонымен қатар тапсырмалар үстелін жасыруға, жұмыс үстелінің үстіңгі немесе бүйір жақ шетіне ауыстыруға немесе оны басқа тәсілдермен баптауға болады. Сондай-ақ жұмыс үстелі, тапсырмалар үстелінің батырмасы, тапсырмалар үстелі терминдерін қараңыз.
- Терезе (Window)
- Бейнебеттің бір бөлігі, онда бағдарламалар мен әрекеттер іске асырылады. Мысалы, бір терезеде электрондық пошта бағдарламасын ашуға, ал екінші терезеде Интернеттен қажетті деректерді іздеуге болады. Терезелерді жабуға, мөлшерін өзгертуге, құралдар үстеліндегі батырмалар түрінде барынша кішірейтуге немесе бүкіл бейнебетке барынша үлкейтуге болады.
- Терезе тақырып аты (Window title)
- Терезенің аты жазылған, оның үстіңгі жиегін бойлай орналасқан көлбеу жолақ. Көптеген терезелердегі тақырып атының аймағында бағдарламаның белгішесі, сондай-ақ терезені барынша үлкейту, барынша кішірейту және жабу батырмалары болады. Сондай-ақ барынша үлкейту, барынша кішірейту терминдерін қараңыз.
- ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) (Read-Only Memory, ROM)
- Компьютерді жасап шығару кезінде оған орнатылған бағдарламалық нұсқаулары мен деректері бар жады. ТЖҚ-дағы нұсқауларды тек оқуға болады, өзгертуге болмайды.
- Тұрғылықты дискі (Hard Disk)
- Дерек жазу мен сақтауға арналған құрылғы. Тұрғылықты дискі әдетте компьютердің ішінде орналасады.
- Тізбекті порт (Serial port)
- Бұл ағытпа әдетте компьютердің артқы тақтасында орналасады да, басып шығарғышты жалғау үшін пайдаланылады.
- Тілқатысу терезесі (Dialog window, Dialog box)
- Бағдарлама көрсетіп тұратын, белгілі бір әмірлерді немесе тапсырмаларды орындауға арналған батырмалар мен басқа да элементтер орналасқан арнайы терезе.
- Тінтуір (Mouse)
- Әдеттегі көрсеткіш құрылғы. Тінтуірдің негізгі құраластары табаны жайпақ корпус (бір қолмен ұсталады), үстіңгі жағындағы бір немесе бірнеше батырмасы, көп бағытта жылжитын байқағыш құрылғы (әдетте бұл – кішкене шар) және компьютерге жалғауға арналған қосқыш кабель болып табылады. Тінтуірді жылжыту арқылы пайдаланушы монитордың бейнебетіндегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте нысанды немесе әмірді таңдау үшін тінтуірдің батырмаларының бірінің үстінен басу керек.
- Тінтуір көрсеткісі (Mouse cursor)
- Пайдаланушы тінтуірді қозғаған сайын оның жылжуына қарай бейнебеттегі орнын өзгертіп отыратын элемент. Тінтуір көрсеткісінің орналасқан жеріне қарай, сондай-ақ белсенді бағдарламаның мүмкіндіктеріне қарай тінтуірдің батырмаларының бірін басу көрсеткі орналасқан аймақта белгілі бір әрекеттің орындалуына себеп болады.
- Тінтуір төсемі (Mouse pad)
- Тінтуірдің астына төселетін төсем, әдетте бұл – матамен қапталған төрт бұрышты резеңке (үстелдің ағаш немесе шыны бетіне қарағанда тінтуір табанының жақсырақ ұстасуын қамтамасыз етеді).
- Тінтуірдің негізгі батырмасы (Primary mouse button)
- Көбінесе нысандарды бір рет немесе екі рет басу арқылы бөлектеу немесе ашу үшін пайдаланылатын батырма. Әдетте көптеген тінтуірлердегі негізгі батырма сол жақ батырма (кейбір трекболдарда – астыңғы батырма) болып табылады. Батырмалардың қызметін басқару үстелінің Тінтуір қалтасындағы тиісті құсбелгі көздерін орнату арқылы өзгертуге болады.
Ұ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұйқылық күй (Sleep mode)
- Бұл күйде, тұрғылықты дискідегі жадының барлық мазмұны сақталғаннан кейін компьютер жұмысын аяқтайды. Компьютерді ұйқылық күйінен шығарған кезде, ашық тұрған барлық бағдарламалар мен құжаттар жұмыс үстелінде қалпына келтіріледі. Сондай-ақ күту қалыбы терминін қараңыз.
Ф
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Файл (File)
- Файл компьютерге бір дерек жиынын екіншісінен айыруға мүмкіндік беретін сақтау бірлігі болып табылады. Мәтін мен суреттері бар қағаз құжат сияқты, файл да деректер жиыны болып табылады, бұл деректерді алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға немесе басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдың ішінде бағдарлама,бағдарлама пайдаланатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін.
- Файл атауының кеңейтімі (File name extension)
- Windows жүйесіндегі файлдардың атаулары әрқашан да үш әріптен тұратын кеңейтіммен аяқталады. Кеңейтім файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақталатын дерек түрін көрсетеді. Мысалы, файлдың Example.txt деген атауындағы txt кеңейтімі бұл файлдың мәтіндік файл екенін көрсетеді. Файлды сақтаған кезде кеңейтімді қосып жатудың қажеті жоқ — бағдарлама мұны өздіктік түрде жасайды.
- Файл түрі (File type)
- Файл сипаттамаларының айқындамасы. Файл түрі осы файлды ашу үшін пайдаланылатын бағдарламаны айқындайды (мысалы, Word). Файл түрлері файл атауының кеңейтімдерімен байланыстырылған. Мысалы, txt немесе log кеңейтімдері бар файлдардың түрі «Мәтіндік құжат» болып табылады және оларды блокнот немесе WordPad (бұл бағдарламаларды «Бастау» мәзірінің «Қалыпталған» қалтасынан ашуға болады) сияқты кез келген мәтіндік өңдегіштен ашыла алады.
- Фрагментациялау (Fragmentation)
- Файлды тұрғылықты дискінің әр жерінде сақталатын бірнеше бөлікке бөлу. Фрагментация дискідегі файлдар жойылған және жаңа файлдар үстелген кезде орын алады. Соның нәтижесінде дискіге қатынау жылдамдығы баяулайды да, соның салдарынан дискілік операцияларды орындаудың жалпы жылдамдығы төмендейді. Бұл қиындықты шешу үшін «Дискіні дефрагментациялау» бағдарламасы әзірленген (ол «Бастау» мәзірінің «Қалыпталған» қалтасындағы «Жүйелік құралдар» қалтасында орналасқан).
Х
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Хабарландыру аумағы (Tray)
- Тапсырмалар үстелі батырмаларының оң жағында орналасқан, тапсырмалар үстеліндегі аумақ. Мұнда ағымдық уақыт, сондай-ақ дыбыс үнділігін өзгерту және қоректендіру параметрлерінің бағдарламалары сияқты кейбір бағдарламаларға жылдам қатынауды қамтамасыз ететін белгішелер көрініп тұрады. Кейбір белгішелер тапсырмалардың күйін көрсету үшін уақытша көрініс беруі мүмкін. Мысалы, құжатты басып шығаруға жібергеннен кейін хабарландыру аумағында басып шығарғыштың белгішесі көрініс береді де, басып шығару аяқталғаннан кейін жоғалып кетеді.
Ш
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Шебер (Wizard)
- Белгілі бір тапсырманы орындау кезінде пайдаланушыға сұрақтар қоя отырып немесе таңдау үшін нұсқалар ұсына отырып, оның жұмысына жетекшілік ететін бағдарлама. Мысалы, шебер пайдаланушыға мәтіндік құжатпен жұмыс істей бастауға, бағдарламалық жасақтама орнатуға немесе дерек қорын жасауға көмектесе алады.
- Шолғыш (Browser)
- HTML файлдарын веб-беттер түрінде пішімдейтін және көрсететін бағдарламалық жасақтама. Кейбір шолғыштар сондай-ақ электрондық поштаны жіберуге және алуға, жаңалықтар тобынан хабарларды оқуға, және веб-құжаттарға ендірілген дыбыстауыш және бейне жазбаларды ойнатуға мүмкіндік береді. Internet Explorer бағдарламасы веб-шолғыш болып табылады. Сондай-ақ веб терминін қараңыз.
A—Z
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- MS-DOS (Microsoft Disk Operating System)
- Дербес компьютерлерде және олармен сыйысымды құрылғыларда пайдаланылуға арналған амалдық жүйе. Пайдаланушы пернетақтада теретін әмірлерді компьютер іске асыратын әрекеттерге айналдырады. MS-DOS жүйесімен өзара әрекеттесу әмір жолағының терезесінде жүзеге асырылады, ал оның бағдарламаларына қатынауды жұмыс үстеліндегі лақаптардың көмегімен іске асыруға болады. Сондай-ақ әмір жолы терезесі, MS-DOS бағдарламасы терминдерін қараңыз.
- MS-DOS бағдарламасы (MS-DOS Program)
- MS-DOS жүйесінің басқаруымен іске асырылуға арналған бағдарлама. Мұндай бағдарламалар Windows жүйесінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмауы мүмкін. Сондай-ақ MS-DOS бағдарламасы, бағдарлама туралы ақпарат файлы (PIF) терминдерін қараңыз.
- URL-мекен-жайы (Uniform Resource Locator, URL)
- Интернеттегі қор көзін бірегей түрде айқындайтын мекен-жай. Веб-торапқа арналған URL мекен-жайы http:// префиксінен басталады, мысалы, http://www.example.microsoft.com Мұрағатталған 9 тамыздың 2003 жылы..
Мазмұны: | Үсті — А Ә Б В Г Д Е Ж И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Х Ш A—Z |
---|