Volkswagen Golf
Volkswagen Golf — германиялық Volkswagen компаниясының шағын автокөлігі. Өндірісі 1974 жылы басталған автокөліктің қазіргі уақытқа дейін жеті буыны бар. Барлық буындағы Golf-тарға келесі конструкциялық сызба тән: алдыңғы жетекті дөңгелектер, қозғалтқыш алдында орналасқан. Барлық буындағы Golf 3-есікті хэтчбек шанағында өндірілді. Одан бөлек 5-есікті хэтчбек, әмбебап және 2-есікті купе-кабриолет нұсқалары болды. Golf негізінде жасалынған седандар әр кезде Jetta, Vento және Bora атауларымен өндірілді.
Golf атауы Тынық мұхитындағы Гольфстрим жылы ағысынан пайда болған.
Бірінші буын (1974–1983)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірінші буынды Golf (зауыттық атауы Type 17) 1974 жылы өндіріліп бастады. Алдыңғы қозғалтқышты және алдыңғы жетекті дөңгелегі бар Golf өндірісте Volkswagen Beetle-ді алмастырды.
1976 жылы маусымда 1,6 л қозғалтқыш бар, жылдамдығы 180 км/сағ Golf GTI спорттық нұсқасы жарық көрді. 1976 жылы қыркүйекте дизильді нұсқасы, ал 1979 жылы қазанда седан Jetta, 1980 жылы қаңтарда Golf Cabriolet және Golf базасында жасалынған пикап — Volkswagen Caddy сатылымға шықты.
АҚШ пен Канадада 1-ші буынды Golf Volkswagen Rabbit, ал Мексикада Volkswagen Caribe атауымен сатылды. Фейслифтинг жасалынған бірінші буынды Golf Оңтүстік Африка Республикасында Citi Golf атауымен 1984–2009 жылдары өндірілді.