VI Митридат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Ұлы Митридат Понти VI - Понтий патшасы, б.з.д 134 жылы Қара теңіздің жағалауында орналасқан Понтий патшалығына қарасты Синопа деген қалада дүниеге келген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Митридат иелігіндегі жерін кеңейте бастады. Сөйтіп, Колхида, Боспор, Пафлагония, Каппадокия мен Галатия елдерін өзіне қаратты. Осыдан кейін Митридаттың сол маңдағы жалғыз тәуелсиз ел - Вифин патшалығына көзі түсіп,кезінде ата-бабалары иелік еткен жерлерді қайтарып алуға ұмтылды. VI Митридат- парсы және грек рухымен тәрбиеленген жан - жақты адам болған. Ол зиялы жан болғанымен, қарсыластарына және айналасындағыларына қатыгездігін де танытты. Б.з.д. 88 жылдың көктемінде Митридат Римдік Азияны жаулап алып, Вифиния мен Каппадокиядағы Рим провинцияларындағы римдіктер мен италияндықтарды аяусыз қырды. Ал сол жердің байырғы тұрғындары Митридатты қуанышпен қарсы алды. Өйткені Митридат Кіші Азияны римдік үстемдіктен құтқарды. Митридат Пантикапеде Керчь қаласында қайтыс болғанымен, оның есімі Қырымның басқа бір қаласына берілді. Сөйтіп, ол қала Евпатория аталды

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Ұлы Императорлар. – Алматы: «Аруна» баспасы. -116-117 беттер. «11000 қызықты деректер».