Theobroma bicolor
Көрініс
Мокамбо ағашы / Ягуар ағашы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Theobroma bicolor Humb. & Bonpl |
Мокамбо ағашы, немесе Ягуар ағашы, немесе Pataxte (лат. Theobroma bicolor) — Құлқайыргүлділер тұқымдасының Теоброма тегінің жемісті талы, какаоның туысы. Оңтүстік және Орталық Америкада өседі.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Theobroma bicolor орташа биіктігі 3–8 метр болады, бірақ кейде 25 метрге дейін өседі. Амазонка алабында өскен ағаштар наурыздан қарашаға дейін жеміс әкеледі.[1]
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жеміс пен бұршақтарын жеуге болады, олар протеин мен жасұныққа бай, кофеинді қамтиды.
Ежелде ацтектер оны какаомен қатар шоколад дайындауға пайдаланған. Бірақ қазіргі кезде оның сапасы какаодан төмен деп танылады.[2]
Таксономия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсімдікті 1808 жылы Александр Гумбольд пен Эме Бонплан суреттеген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Food and Fruit-Bearing Forest Species, 3: Examples from Latin America/F2911 (289-бет) ФАО, 1986
- ↑ Pataxte and cacao in Mayan ethnobotany, iconography, and art history
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|