Standard & Poor's
Standard & Poor’s | |
[[Сурет:|200x200px px|логотипі]] | |
Түрі |
ашық серіктестік |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды | |
Құрушы |
Дэрил Летбридж |
Орналасуы | |
Саласы |
халықаралық рейтинг агентігі |
Айналым | |
Қызметкерлер саны |
10 000 (жуық) |
Басшы компания |
The McGraw-Hill Companies |
Сайты |
Standard & Poor’s (S&P) — Қаржы нарығының талдамалы зерттеулермен айналысатын McGraw-Hill корпорациясының еншілес серіктігі. S&P ең беделді үш халықаралық рейтинг агенттіктерінің қатарына енеді. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.
Несие рейтингтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Халықаралық рейтинг агенттігі есебінде Standard & Poor’s эмитенттер мен бөлек қарыз міндеттерге қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді беруімен айналысады.
Халықаралық шәкілі бойынша рейтингтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Standard & Poor's-тің несие рейтингтерiнiң халықаралық шәкiлi ғаламдық (халықаралық) қаржы нарықтарының қатысушыларының қажеттiлiктерін қанағаттандыруы үшiн қызмет көрсетедi.
Ұзақ мерзімді несие рейтингтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзақ мерзiмдi рейтингтер эмитенттiң өз мiндеттемелерiн уақытында орындауға қабiлеттiлiгiн бағалайды. Компаниямен қойылатын рейтингтік бағалар әрiптiк белгiсi арқылы шығарылады: сенiмдi эмитент AAA бағасын иемденсе, D бағасына , дефолт жариялаған эмитентке иемденеді. АА және В бағаларының арасында плюс ( ) және минус (-) таңбаларымен белгіленетін аралық бағалар бола алады (мысалы, BBB , BBB и BBB-).
- AAA — эмитент қарыз міндеттемелер мен қарызды төлеуден тек қана жоғары мүмкіндіктерге ие.
- AA — эмитент қарыз міндеттемелер мен қарызды төлеуден жоғары мүмкіндіктерге ие.
- A — эмитенттің пайыздар мен қарыздарды төлеуден мүмкіндіктері жоғары бағаланады, бірақ экономикалық жағыдайға тәуелді.
- BBB — эмитенттiң төлеу қабылетi қанағатты болып есептеледi.
- BB — төлей алатын эмитент, бiрақ қолайсыз экономикалық жағдайлар төлеу мүмкiндiктерге терiс ықпал тигiзе алады.
- B — төлей алатын эмитент, бірақ қолайсыз экономикалық жағдайлар оның қарыз төлеу дайындығына және мүмкіндіктеріне терiс ықпал тигiзетіні ықтимал.
- CCC — эмитент қарыз міндеттемелерді төлеуден қиналады және оның төлеу мүмкіндігі қолайсыз экономикалық жағдайларға тәуелді.
- CC — эмитент қарыз міндеттемелерді төлеуден қатты қиналады.
- C — эмитент қарыз міндеттемелерді төлеуден қатты қиналады, банкроттық рәсімі басталуы мүмкін, бірақ қарыз міндеттемелері төленіп жатыр.
- SD — эмитент кейбiр төлеу міндеттемелерінен бас тарытты.
- D — дефолт жарияланды және S&P эмитенттің көпшiлiк төлеулерден немесе барлық мiндеттемелерден бас тарытатынын жорамалдайды.
- NR — рейтинг берілмеген.
Қысқа мерзімді несие рейтингтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қысқа мерзiмдi рейтингтер қысқа мерзiмдi қарыз мiндеттемелердiң дер кезiнде өтеу ықтималдығын бағалайды. Standard & Poor's компаниясымен қысқа мерзiмдi қарыз мiндеттемелер бойынша қойылатын несие рейтингтері әрiптiк - цифрлік белгi арқылы шығарылады: ең жоғары А-1 бағасынан, ең төменгі D бағасына дейін. Аса сенімді А-1 дәрежесіндегі міндеттемелер плюс ( ) таңбасымен белілене алады. Сонымен бірге В дәрежесіндегі бағалар цифрмен нақтылана алады (B-1, B-2, B-3).
- A-1 — эмитент қарыз мiндеттемелерді өтеуi бойынша тек қана биiк мүмкiндiктерге ие.
- A-2 — эмитент қарыз мiндеттемелерді өтеуi бойынша тек қана биiк мүмкiндiктерге ие, бiрақ бұл мүмкiндiктер қолайсыз экономикалық жағдайларға сезгішірек.
- A-3 — қолайсыз экономикалық жағыдайлар эмитенттің қарыз міндеттемелрді өтеу мүмкіндіктерін баяулататыны ықтимал.
- B — қарыз мiндеттемесі алыпсатарлық сипатқа ие. Эмитент оны өтеуге мүмкіндігі бар, бірақ қолайсыз экономикалық жағдайларға өте сезігіш.
- C — эмитенттің қарыз міндеттемелерін төлеу мүмкіндіктері шектеулі және қалайлы экономикалық жағыдайға тәуелді.
- D — қысқа мерзiмдi қарыз мiндеттеме бойынша дефолт жарияланған.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Standard and Poor’s-тің ресми беті.
- Standard and Poor’s-тің интернет-басылымы Мұрағатталған 7 қаңтардың 2012 жылы..
- Standard & Poor’s Governance Services — Main Page.