Nikon

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Nikon (Nikon Corporation,жапон. 株式会社ニコン, Kabushiki-gaisha Nikon – суреттерді өңдеу үшін оптика мен электронды жабдықтар дайындайтын жапон компаниясы. Nikon Mitsubishi Groupтың құрамына кіреді. 1917 жылы 25 шілдеде Nippon Kogaku K.K., атауымен жарыққа шыққан, 1988 жылы атауы өзгертілген. Президенті — Мичио Кария (Michio Kariya.

Nikon Corporation 1917 жылы оптикалық жабдық шығаратын 3 компанияның (Seisakusho, Iwaki Glass Co, Fujii Lens) бірігуінен пайда болған. Алғашында атауы Nippon Kogaku Kokyo K.K. деп аталған. Компания Жапонияның әскери флотына оптикалық приборлар өңдеумен айналысқан. 1931 жылы Nikkoru (Nikkor) обьективтердің жаңа сауда белгісі жарыққа шығады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания 19 зауытқа дейін көтеріледі. Ол кезде қызметкерлер саны 23 мыңға дейін жеткен. Компания Жапония армиясына дүрбі, перископ және дәлдегіштер дайындаумен айналысқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң компания алғаш рет екі объективті орта пішінді (6х6 см) фотоаппарат өндіріп шығарады. 1946 жылы жаңа 35 мм-лік Nikon брендті фотоаппарат шығарылады. Nikon компанияның атауына айналады. 1948 жылы Nikon I фотоаппараттары Гонконгқа экспорттала бастайды. 1950 жылы Nikon S фотоаппараты жарық көреді. 1950 жылдың шілде айынан 1951 жылдың қаңтарында өткен Корей соғысында америка тілшісі [[Дэвид Дуглас Дункан (David Douglas Duncan)] болған оқиғаны осы фотоаппаратпен суретке түсіреді. 1957 жылы жаңа Nikon SP атты қашықтықтан түсіретін фотоаппарат шығарыла бастайды. Фотоаппарат сапасы жағынан Leica және Carl Zeiss өнімдерімен салыстырылады. Көп уақыт өтпестен, компания бір объективті әйнек камералар ойлап табады. 1959 жылы Nikon F жарық көреді. Осы камераны шамамен 30 жыл бойы кәсіби фотографтар қолданып келген. 1961 жылы 8-мм-лік Nikorekkusu-8 камерасы өндіріледі.

1962 жылы компания Токия обсерваториясына 91 см-лік телескоп рефлектор ойлап шығарады. 1974 жылы Kiso обсерваториясында 105 метрлік Шмидт телескопы тұрғызылады. 1963 жылы су астын түсіруге арналған объективтері ауыстырылатын Nikonosu фотоаппараты өндіріледі. 1980 жылы NASA ғарыш ұшуына қатысқан Nikon F3 фотоаппараты жарық көреді. 1982 жылы жаңа түрлі түсті S-100 видео камера ойлап табылады.

АҚШ-та Nikon Precision Inc. компаниясы жұмыс істейді. Компания жартылай өткізгіш өнеркәсіп жабдықтарын сатумен айналысады. 1986 жылы телекамераларға арналған объективтер өндіріле бастайды. 1988 жылы Nikon F4.фотоаппараты жарық көреді. 1990 жылы Таиландта компанияның бөлімшесі ашылады. 1991 жылы зауыт салынады. 2000 жылы осы зауытта шамамен 2000 адам жұмыс істесе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 8000 қызметкерге жеткен. 1995 жылы Fujifilm компаниясымен бірігіп фотоаппараттың жаңа прототипін шығарады. 1997 жылы шағын Coolpix-100 сандық фотоаппараты, ал 1999 жылы Nikon D1 жарық көреді. 1996 жылы – Nikon F5, 2004 жылы — Nikon F6 фотоаппараттары жарық көреді. 2006 жылы компания пленкалы фотоаппараттарды шығаруды азайтады. Cosina компаниясымен бірігіп, келісімшарт бойынша Nikon F6 және Nikon FM10 кәсіби фотоаппараттардың шығарылымын жалғастырады. 2007 жылы Nikon D3 фотоаппаратын өндіру жұмыстары басталады. 2008 жылы тамыз айында нарыққа Nikon D90 камерасы шыға бастайды. 2010 жылы Nikon D3100 өндіріледі. 2011 жылы жаңа Nikon D5100 камерасы пайда болады. 2010 жылы фотоаппараттарға арналған Nikkor объективтері 55 миллион, ал 2011 жылы 60 миллион данамен шығарылған.

Компания фотоаппаратура мен фотожабдықтар: сканер, дүрбі, микроскоп, өлшеуіш жабдықтар шығарумен айналысады. Фотокамераларға арналған объективтер Nikkor сауда белгісімен өндіріледі. 2008 жылдың 31 наурыздағы көрсеткіш бойынша компанияда шамамен 25 мың қызметкер жұмыс істеген. 2010 жылғы мәлімет бойынша дүниежүзі бойынша Nikon 12.6%-бен Canon және Sony компанияларынан кейінгі үшінші орынды иеленген. Өнімдері

  • • Nikon F series (1959—1972) ( Германида Nikkor атауымен сатылды)
  • • Nikkorex (1960—1964)
  • • Nikkormat FT (1965—1977) (Жапонияда Nikomat деп аталды)
  • • серия Nikon F2 (1971—1980)
  • • Nikkormat EL (1972—1977) (Жапонияда Nikomat деп аталды)
  • • Nikon EL2 (1977)
  • • Nikon FM (1977)
  • • Nikon FE (1978)
  • • Nikon EM (1979)
  • • серия Nikon F3 (1980—1997)
  • • Nikon FG (1982)
  • • серия Nikon FM2 (1982—2000)
  • • Nikon FE2 (1983)
  • • Nikon FA (1983)
  • • Nikon FG20 (1984) *
  • • Nikon F301 (1985) (Солтүстік Америкада N2000 деп аталды)
  • • Nikon F601m (1990) (Солтүстік Америкада N6000 деп аталды)
  • • Nikon FM10 (1995)
  • • Nikon FE10 (1996)
  • • Nikon FM3A (2001)

Advanced Photo System камералары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • • Nikon Pronea 600i (Pronea 6i) (1996)
  • • Nikon Pronea S (1997)

35-мм Автофокусты камералар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • • Nikon F3AF (1983) (F3)
  • • Nikon F501 (1986) (Солтүстік Америкада N2020 деп аталады)
  • • Nikon F401 (1987) (АҚШ-та N4004 деп аталады)
  • • Nikon F801 (1988) (АҚШ-та N8008 деп аталады)
  • • Nikon F4 (1988)
  • • Nikon F401S (1989) (АҚШ-та N4004s деп аталады)
  • • Nikon F601 (1990) (АҚШ-та N6006 деп аталады)
  • • Nikon F401X (1991) (АҚШ-та N5005 деп аталады)
  • • Nikon F801S (1991) (АҚШ-та N8008s деп аталады)
  • • Nikon F90 (1992) (АҚШ-та N90 деп аталады)
  • • Nikon F50 (1994) (АҚШ-та N50 деп аталады)
  • • Nikon F70 (1994) (АҚШ-та N70 деп аталады)
  • • Nikon F90x (1994) (АҚШ-та N90s деп аталады)
  • • Nikon F5 (1996)
  • • Nikon F60 (1999) (АҚШ-та N60 деп аталады)
  • • Nikon F100 (1999)
  • • Nikon F65 (2000) (АҚШ-та N65 деп аталады)
  • • Nikon F80 (2000) (АҚШ-та N80 деп аталады)
  • • Nikon F55 (2002) (АҚШ-та N55 деп аталады)
  • • Nikon F75 (2003) (АҚШ-та N75 деп аталады)
  • • Nikon F6 (2004)

Қашықтықтан өлшейтін камералар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • • Nikon I (1948)
  • • Nikon M (1949)
  • • Nikon S (1951)
  • • Nikon S2 (1954)
  • • Nikon SP (1957)
  • • Nikon S3 (1958)
  • • Nikon S4 (1959)
  • • Nikon S3M (1960)
  • • Nikon S3 2000 (2000)
  • • Nikon SP Limited Edition (2005)
  • • Nikonos

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]