McDonald's

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
McDonald's Corporation
Түрі

Қоғамдық компания

Биржадағы листингі

NYSE: MCD

Компанияның ұраны

I’m lovin' it

Құрылды

1940

Құрушы

Дик және Мак Макдоналдтар (ресторан концепциясы құрушылары),
Рей Крок (корпорация құрушы)

Орналасуы

 АҚШ: Оук-Брук, Чикаго маңы

Басты адамдары

Джеймс Скиннер (директорлар кеңесінің төрағасы және бас меңгерушісі),
Дон Томпсон (президент)

Саласы

Қоғамдық тамақтандыру

Өнімі

Фастфуд

Айналым

$27,0 млрд (2011 жыл)[1]

Операциялық кірісі

$8,53 млрд (2011 жыл)[1]

Таза табыс

$5,5 млрд (2011 жыл)[1]

Қызметкерлер саны

700 мыңға адам жуық (2011 жыл)[2]

Сайты

McDonalds.com

McDonald’s Plaza

McDonald's Corporation — американдық корпорация, жылдам тамақтану дүкендерінің дүниежүзіндегі ірі желісі.[3]

2010 жылдың қорытындылары бойынша мейрамханалар саны бойынша Subway мейрамханалар желісінен кейін екінші орынды алады. Fortune Global 500 2009 жылғы тізіміне енген (388-ші орын).Компанияның штаб-пәтері АҚШ, Чикаго қаласының Оук-Брук атты қалашығында орналасқан.[4]

Әлемдегі «Макдоналдс» ресторандарының таратуы картасы
1953 жылы, Дауни қаласында (Калифорния штаты) ашылған Макдоналдс мейрамханасы.
Макдоналдстің 1968 пен 2006 жылдар аралығында қолданылған логотипі. Бұны әлі күнге дейін кей мейрамханаларда ілініп тұр.

Компания 1940 ж. ағайында Дик және Мак Макдоналдтармен ( бірінші мейрамханалары Калифорния, Сан-Бернардино қаласында ашылды), 1948 ж. дүниежүзінде ең бірінші болып "жылдам тамақтану" концепциясының принциптерін ашады.[5] 1954 ж. Рей Крок Макдоналд ағайындыларынан франчайзинг бойынша эксклюзивті агент қызметін атқару мүмкіндігіне ие болады. 1955 ж. Иллинойс штатындағы Дес-Плейнз қалашығында өзінің ең бірінші McDonald's ашады (қазіргі таңда корпорация мұражайы).[6] 1955 ж. Крок McDonald's System, Inc компаниясын тіркейді (1960 ж. McDonald's Corporation деп атауын өзгертеді). 1961 ж. компанияға деген барлық құқықтарды Крок толығымен сатып алады[7].

Басшылық пен иелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Компания акциясының 100% бос қолдануда. 2009 ж. маусым айының ортасына дейін 118 елде 32 060 мейрамхана (соның ішінде 14 мыңы АҚШ аймағында орналасқан) бар. Оның белгілі бір бөлігі (25 378) франчайзинг бойынша басқарылады, сондықтан мейрамханалар ассортименті, көлемі және үлестерінің құрамы әр түрлі елде әр түрлі болуы мүмкін.[8] 2010 ж. қорытындылары бойынша корпорация 32 737 дүниежүзі бойынша мейрамханаларға ие, дегенмен біріншілікті Subway компаниясына ұтылуда. Мейрамханалар ассортименті өзіне гамбургерлерді (соның ішінде Биг Макты қоса), сэндвичтер, картофель фри, десертттер, сусындар және т.б. қосады. Дүниежүзінің көптеген елдерінде мейрамхана жүйелерінде сыра сатады, дегенмен Ресейдегі "Макдоналдс" мейрамханалары алкогольсіз болып табылады.[9] 2008 ж. компания персоналының саны 400 мың. адамды құрады. Компанияның 2008 ж. табысы 23,5 млрд.$ құрады (2007 ж. - 22,8 млрд.$), операциялық табысы - 4,3 млрд.$ (2,4 млрд.$), таза табысы - 2,6 млрд.$ (2,3 млрд.$). 2010 ж. корпорация табысы рекордтық соманы 24,07 млрд. $ қамтыды. Соның өзінде таза табыс - 4,94 млрд. $ құрайтын.[10][11]

Компанияның бірінші ресейлік мейрамханасы (ол уақытта - дүниежүзіндегі ең үлкені, қазіргі таңда - Европадағы ең үлкені), Мәскеуде Пушкин алаңында (Большая Бронная, 29) 1990 ж. 31 қаңтарында ашылады. Ашыла салысымен үлкен сенсацияға айналды: оның ішіне кіру үшін кезекте бірнеше сағат тұру қажет болатын. Мейрамхананың ашылу күнінде оған 30 мың. адам кіріп, McDonald's жүйесінде рекорд болды. Ресейдегі мейрамханалар желісі Джордж Кохонмен ашылды.[12] Ол "Макдональдстың" канадалық басшылығының иесі болып табылады. Екінші және үшінші мейрамханалары Огарева көшесінде (қазір Газетный тұйық көшесі) және Ескі Арбатта 1993 ж. жазында ашылды. 2011 ж. Ресейдегі қараша айының қорытындылары бойынша, Ресейде "Макдональдстың" 283 мейрамханасы жұмыс істейді, оның 193-де мак таңғы ас сатып алуға болады, 139 мейрамханасында клиенттерді «Макавто» жүйесі бойынша қызмет көрсетеді, 50-де Маккафе, 60-да балаларға арналған бөлмелер,145-де балаларға арналған іс-шараларды жүргізеді. Ресейдегі 86 мейрамхана желісінде (2011 ж. қазанның соңы) тегін Wi-Fi-желісі қосылды. Ол «Вымпелком» компаниясымен жүзеге асырылады.[13]

Морган Сперлокпен түсірілген «Двойная порция» (ағылш. Super Size Me) деректі фильмінде бас рөлдегі адам 30 күн бойы тек фастфудты ғана жейді, соның ішінде тәжірибе талаптарына сәйкес, McDonald's компаниясының тамағын күніне минимум түрде 1 рет жеуі керек болатын.[14] Осы аталған тәжірибенің қорытындылары бойынша, медициналық мекеменің адамның денсаулығына белгілі бір зиян келгендігі туралы ақпарат шығарады. Яғни, ол 12 кг.-ға толып, қан құрамындағы кант мөлшщерінің көбейгендігі, іш ауруы, көңіл-күйінің тұрақсыздығы және т.б. қиындықтарға тап болады. Бағдарламаның авторларының айтуы бойынша, осындай жағдайдан жазылу үшін 50 000$ шамасында интенсивті жартыжылдық ем қажет болады.[15]

McDonald's: өз тұтынушыларына арналған үлкен спектрлі қызмет

Көпшілік адамдардың ойынша, McDonald's ірі бренд болып қалады. McDonald's сияқты саудалық маркалар адамдардан тез танылмайды. McDonald's логотипінің алтынмен әріптері әгілі символ бола бастайды. Бұл қызығушылықты туғызады. Қазіргі танда әлем бойынша бұл компанияның 80000 астам дәмханалары бар.

Компания имиджіне үлкен әсерін шенеуніктер, антиглоболистер, заңгерлер, жас ересектердің семіріп кетуін ойлайтын ата-аналар, осы себептен бренд банкротқа ұшырауы мүмкін екені құпия емес. Осының бәрі салдар. Осыны білу үшін McDonald's-тің бүгінгі тандағы жетістіктеріне қалай жеткенін анықтау керек.

1948 ж. ағайынды, Дик және Морис МакДональд Сан-Бернардиода (Калифорния) жаңа пісірілген гамбургерлерді сататын дәмхана ашты. Ағайындар өздерінің клиенттерінің тез әрі жеңіл тағамды керек ететінін жақсы білген. Гамбургерлер, солодтан жасалған сусындар және қуырылған тағамдар басты ұсыныста болды. Алтын әріптерден жазылған саудалық маркасы дәмханалардың жақында орналасқын МакДональд отбасы ойластырған, брендтің имиджіне үлкен роль атқарар еді.

Уақыт өте олардың бизнесі үлкейді және де ағайындылар Калифорнияда да 7 дәмхана аты. 1954 ж. McDonald's шағын дәмханалар жүйесі Рэй Крокты қызықтыра бастады. Крок сүт өнімдерін сататын теңізші болған. Оның McDonald's-ті сатып алуға ақшасы жеткілікті болды.

McDonald's-тің қандай жолмен аса өріге айналғанын түсіну үшін, Рэй Кроктың қандай адам екенін түсіну керек. Крок ақшаны және оны жұмсауды ұнататын адам болған. Кейде оның баспасөз мәслихаттарында өзін соңғы иемденген заттарын, яғни, қайық, араб желісін және де фермерлердің мүйізді ірі қараларын мақтағысы келетін. Қысқасы, ол өз бәсекелестеріне өте агрессивті болды. Бірде ол «Егерде мен бәсекелестің батып бара жатқанын көрсем, онда мен оның тамағына тірі ызаланған атты салар едім» деп мойындады.

Крок, әрине, бизнесте қабілеттілікті иемденді. Әр ыңғайлы кезде ол Фордтың өнеркәсібіне сүйенді. Крок сәттіліктің бір ғана формуласына сүйімді болды, ол «Сапа-клиентке ұсынылатын қызметтің тазалығында» деп есептеген. 1967 жылдан бастап Крок әлем бойынша халықаралық дәмханалар жүйесін ашты. Сөйтіп өзінің жергілікті бәсекелестерін озды. 1990 ж. McDonald's көптеген мемлекеттерде үйреншіті көрініске айналды. McDonald's бренді тіпті Мәскеуде де бар, адамдар бұл компанияның дәмханасында тамақтану үшін үлкен кезекте тұрады.

Әлем бойынша кеңейтілгеннен соң Крок және оның көмекшілері өздерінің өндірісінің төмендеуін байқады. Әрі қарай не істеу керектігін ойластырды. 1990 ж. бренд үшін сынақтан өту жылы болды. Компанияның географиялық кенеюі енді мүмкін болмағандықтан, басшылық менюіндегі ассортиментті кеңейтуді шешті. Алғашында компания менюінде 11 тағам кіретін. 1990 ж. ол тағам саны 70 дейін өсті және де клиентке қалаған тағамын таңдау үшін 20 минут берілді.

Келесі бір ауыртпашылық-ол АҚШ-та жергілікті семіздіктің дамуы байқалды. Сол уақытта менюдің әр түрлілігіне байланысты McDonald's-ке келушілер саны жоғарлады. Фирмалық жүйеге дәмді тағамдану үшін келген клиенттер, енді сот арқылы компанияға салмақтарының жоғарылауы жөнінде компанияға шағыт түсіре бастады. Қазіргі таңда семіздік халықаралық кризиске айналды. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары айтуы бойынша, семіздік планета бойынша жас ұрпақтың ең басты мәселесі және олардың денсаулығының төмендеуіне әкеледі, ол батыс елдері бұл тізімде ең бірінші тұр.

McDonald's семіздік жөніндегі дебат талқылады. Компанияның тағамдарын жеміс майында дайындауын тоқтағанын сынады. Кейін компанияны балаларға жарнамалауды және оның жарнамалық белгісін мектеп тауары қосуы жөнінде айыптады.

Алайда ең бастысы McDonald's компаниясын оның сатылымдағы тағамдарының үлкен көлемі үшін айыптады. Тағамның бұндай көлемі жөніндегі ой компанияның басшыларының бірі Дэвид Валлерштайнға бастапқысынан жатқызылды. Грег Кристер өзінің «Толық адамдар әлемі» кітабында тағамдардың ауқымды көлемінің себебін түсіндіреді. 1970 ж. ортасынан бастап McDonald's (компаниясында жұмыс істей бастап, Валлерштайн үлкен мәселемен қақтығысты: клиенттер өз қалтасының қарқысын жиі есептей бастап, дәмханаларға анда-санда келе бастады. Ең сарақысы, дәмханаға келген кезде клиент кішігірім соса-cola сусыны мен гамбургер, немесе кейде тек гамбургер сатып алатын. Соның салдарынан ешқандай таза табыс болмайтын. Қандай жолмен клиенттерге қымбат тағамдарды алғызуға болатын. Тағамдарды үлкен көлемді пакеттегі жартылай фабрикаттарды алғашында болды. Ф. Лованың «McDonald's қақпасының арғы жақ өмірі» кітабында екі ойдың түсініспеушілік жолында жазды. Крок бұл ойдын мәнін мүлдем түсінбеді. «Егерде, адамдар үлкен көлемде тағамдарды жегісі келсе, олар 2 пакет сатып алуы блады» деді. Валлерштайн бұл сұраққа «Рэй, ол 2 пакет жегісі келмейді, себебі олар жалмазар болып көрінісі келмейді» деп жауап берді. Алайда Кроктың бұл ойға деген күмәні тоқтаған жоқ. Валлеоштайн өз ұсынысы бойынша тұтынушы-мінез құлқына зерттеу жүргізгенде ғана.

Крок бұл стратегияның тиімдігіне көзі жетіп, компания кірісі қайта жоғарылай бастады. Бір жағынан компанияның суперкөлемді тағамдары жақсы табыс екінші жағынан McDonald's тағамдары пайдалы емес, тек ақша табу үшін жұмыс ұстейтін компанияға айналды.

Крок американдықтардың көпшілігі cиыр етін жақсы көретініне сенімді болды. Мүмкін алайда АҚШ-та және де әлем бойынша вегетариандық тағамның пайдасы жөнінде ой қалыптсаты.

Гарвардтың бизнес-мектептің профессоры Дэвид Аптон ВВС-дің Money Programme-ге: «Компанияның өзінің көлемі шегіне жетті. Әрі қарай жаңа жаңалықтар ашуы мүмкін емес.» деген ұсыныс берді.

Interbrand-ң басшысы Рита Клифтон: «Егерде ең күшті гамбургерді өндіруде жаңа өзгеріс енгізбесе, компания құлдырауға ұшырайды» деп есептейді.

Гамбургерді дайындаудан тыс шығу оңай емес. McDonald's крмпаниясы инновацияларды ендірумен ешқашан айналыспаған. Вегеториандық пайдалы тағамды дайындау мүмкіндігі компанияға ешқандай нәтиже әкелмеді. Компанияның жағымсыз істерінің бірі қоршаған ортаның брендті теріс қабылдаумен болды. Бұл іс-әрекет McLidel Trial компаниясымен антиглоболистер қатысуымен өршікті. Сонымен қатар бәсекелестін мәселесі қарастырылады. Көптеген жылдар бойы McDonald's-тің ең басты бәсекелесі болып Burger King компаниясы болып табылады. Қазіргі танда компания үшін бәсеке проблемасы басқаша көрініс табады. Профессор Дэвид Аптонның айтуы бойынша «McDonald's компаниясы модернизацияны жүогізгенге дейін басқа адамдар тез орындайды». Профессордың басқа адамдар ойымен Subway брендін мысал етті. Ол кезде бұл бренд әрі пайдалы тағамды дайындау үшін үлкен имиджде болатын. Көптеген эксперттің ойынша сэндвичті дайындау жүйелері McDonald's басты қауіпі болып табылады. Бұған қарамастан McDonald's-та Еуропадағы өзінің бәсекелестерін озу үшін жаңа тактика ойластырды. Мысалы: компания 2000-нан астам дәмханаларын ашуға тырысады. Компания өзінің бәсекелестерін қарастыра отырып, қазіргі танда компанияның болашағын алдын-ала болжау қиын. Егер, мысалы компания өзінің менюін өзгертпей өздерінін клиенттерін олардың тағамдарының пайдалы екендігі жөнінде акция жүргізсе, онда болашақта олар халыққа сапасыз тағамдарды таратуын имиджіне ие болады. Мұндай жолмен темекі өнімін өндіретін ірі Philip Morris компаниясы жұмыс істей бастады. XXI ғасырда өмір сүру үшін компанияларға әртүрлі жаңартуларды еңгізу керектілігін көпшілік қолдайды. Басқада сияқты McDonald's өзінің сәтті өсуінің арқасында құрбаны болды. Бірде Кроктың байқауы бойынша: «Дамып келе жатқан кезде сіз өсесіз, пісіп-жетілгеннен кейін, шірисіз». Бұл байқау McDonald's үшін анық болып отырады.

Сәттілік құпиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фамильярдық. Фамильярдық талқылау туғызады, бірақ ол да ыңғайлылыққа айналуы мүмкін. McDonald's табысқа қол жетуі адамдар, компаниядан не күтуі керектігін анық білетін: сервис пен дәмханалар тазалығы.

Мақтаныш. Крок өз компаниясымен де, оны қалай құрылысынан да мақтан тұтатын. Ол жайлы: «Гамбургерлерге деген әдемілікті байқау үшін адамның ақыл-ойы, қабілеті жоғары болу керек».

Көздегенінен қайтпаушылық. Крок ешқашан амбициясын жоғалтқан емес. Өзі айтқанынан қайтпаушылық пен белгілі бір мәселелерді қабылдай білу қабілетті Крокты әрқашан да күштілік қасиетке әкеледі.

Фотогалерея

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қысқаша бағдарлама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сайт:www.mcdonalds.com Құрылу мерзімі: 1954 ж. Шығарушы мемлекет: АҚШ. Компанияның тауарлы-экономикалық McDonald's-әлемдегі алдыңғы қатарлы бөлшектеп сатудағы кәсіпорынның бірі. Компанияның әлемнің 119 мемлекеттерінде 30000 астам дәмханалар бар. Күніне McDonald's 47 миллионнан астам адамдарға қызмет көрсетеді.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c Чистая прибыль американской McDonald's за 2011г. выросла на 11% - до 5,5 млрд долл. :: Фондовые новости :: Quote.rbc.ru(қолжетпейтін сілтеме)
  2. McDonald’s возьмет на работу 50 тыс. сотрудников за один день — bigmir)net
  3. MCD 10-K 2007, Item 6, pg. 9.
  4. Stephen Evans. McDonald's: The journey to health (20 сәуір 2004). Тексерілді 2 мамыр 2011.
  5. McDonald's history 1965–1973. www.mcdonalds.com. Тексерілді, 22 маусым 2008.
  6. McDonaold's history from Route-66.com[dead link]
  7. McDonald's history 1954–1955. www.mcdonalds.com. Тексерілді, 22 маусым 2008.
  8. Mcdonalds.ca Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2008 жылы., retrieved мамыр 8, 2008
  9. McDonald's Wraps Up Boston Market Sale. Dow Jones & Company, Inc. News Services (27 тамыз 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қыркүйек 2007. Тексерілді, 28 тамыз 2007.
  10. Brand, Rachel. (2006-12-23) "Chipotle founder had big dreams" Мұрағатталған 28 маусымның 2009 жылы. Rocky Mountain News. retrieved on 2009-10-07.
  11. McDonald's sets October deadline to sell Chipotle stock, Denver Business Journal, BizJournals.com (шілде 25, 2006). Тексерілді 10 тамыздың 2009.
  12. В McDonald's появится Golden WiFi Мұрағатталған 2 қаңтардың 2008 жылы. (орыс.)
  13. Егер {{cite web}} үлгісінде archiveurl=параметрі жазылса, онда archivedate= параметрі де жазылуы керек, және керісінше. Профсоюз Макдональдс в России, первичная профсоюзная организация «ЗАО Москва-Макдоналдс», McDonald's. // mak-prof.com. (орыс.)
  14. http://nutrition.mcdonalds.com/nutritionexchange/ingredientslist.pdf Мұрағатталған 9 желтоқсанның 2010 жылы.
  15. Оксана № 175 или Правда о ресторане Макдоналдс Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: McDonald's