Kraftwerk

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Kraftwerk
суреті
Негізгі ақпарат
Жанры

электронды музыка
синтипоп
техно

Белсенділік
жылдары

1970 - қазіргі уақыт

Мемлекет

 Германия

Қайдан

Дюссельдорф

Топ құрамы

Ральф Хюттер
Хенинг Шмиц
Фальк Гриеффенхаген
Георг Бонгарц

Бұрынғы
қатысушылары

Флориан Шнайдер
Хоусчёнг Неджадепьюр
Платон Костич
Питер Шмидт
Чарли Вайс
Томас Ломанн
Эберхард Кранманн
Андреас Хофманн
Клаус Дингер
Михаэль Ротер
Эмиль Шульт
Вольфганг Флюр
Клаус Рёдер
Карл Бартос
Фернандо Абрантес
Штефан Пфаффе
Фриц Хильперт

www.kraftwerk.com

Kraftwerk (крафтверк, неміс тілінен – электр станциясы) - электрондық музыка саласына зор үлес қосқан, Дюссельдорфтан шыққан немістің аты аңызға айналған музыкалық ұжымы. 1970 жылы Флориан Шнайдер (Florian Schneider) мен Ральф Хүттер (Ralf Hütter) құрылған топ көпшілікке сәл кейіннен оған Вольфганг Флүр (Wolfgang Flür) мен Карл Бартос (Karl Bartos) қосылып, квартет ретінде танылды. Бұл музыканттардың бірігуі негізінде пайда болған тұңғыш ұжым Organisation квинтеті болды.

Тарихы мен шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бас кезінде Pink Floyd музыкасына негізделген Organization құрамында болған Хүттер мен Шнайдер топтан шығып, Конни Планк (соңыра топ құрамынан шыққан) үшеуі мұнай айыру зауытының маңында орналасқан студияда жұмыс істей бастайды. Өндірістік шу, азан-қазанға толы айнала нәтижесінде олардың музыкалық шығармашылығына шешуші ықпал жасайды. Бірте-бірте механикаландырылған әуезге толық көшкен олар Kraftwerk көпшілікке белгілі өзіндік стиль жасай білді.

1976 жыл. Kraftwerk «классикалық құрамында»; солдан оңға қарай: Ральф Хүттер, Карл Бартос, Вольфганг Флүр мен Флориан Шнайдер.

Өте жұтаң келетін музыкалық әуезге өндіріс орындары мен қалаларда болатын күнделікті дыбыстар қосылатын. Осы бағытта жазылған алғашқы «Ralf and Florian» күйтабағы тыңдаушыға жарқын, энтизузиазмге толы көңіл күй әперсе, екінші «Autobahn» күйтабағы бұрын-соңды болмаған музыкалық шешімдерді қамтыды. Айталық, немістің әйгілі автобандары бойымен жүйткіген автокөліктерден шығатын дыбыстар мен фонендоскоп арқылы күйшейтілген адамның тынысы осында көрініс тапты. Өнертапқыш музыканттар осының барлығын тәртіпке келтіріп, әсерлі мелодиялар шығара білді. Осы күйтабақты жазу барысында топ өздерінің «классикалық» құрамында ұйымдасты: ұжымға перкуссионист Вольфганг Флүр мен Карл Бартос келіп қосылды.

Соңыра жарық көрген «Trans-Europe Express» пен «The Man Machine» күйтабақтары топ ұстанған суық әрі таза электронды әуезді бағытын одан сайын бекітті. Ұжым жазатын музыкасынан адам құлағына жағымдының барлығы алынып тасталған болып көрінгенімен, Kraftwerk тобының синтезатордан өткізген сұрғылт, беймәлім дыбыстары тыңдарманды баурап алатын сиқырлығы болғанын жасырмау керек.

Ансамбль «өндірген» әрбір ән жинағында көптеген жаңашылдықтар қосылып отыратын. 80-жылдардағы электро-, синти-поптың әлемде жеткен жетістіктері толығымен Kraftwerk шығармашылығының жалғасы деуге болады. «Autobahn» үні бұл онжылдықтағы синтезаторлық музыканың барлығында дерлік сезіледі.

Топ өздерінің әртістік қырларын да танытып отырды. Мәселен, «Computerworld» күйтабағының әндерін орындау кезінде олар сахнаға қосымша синтезаторлар шығарып, өздерінен аумайтын манекендерді солардың тұсына қоятын. Ұжым мұнысымен компьютерлермен, техникамен туыстығын танытқысы келді. Өздері «бұл келешекте роботтар жазатын музыка дер едік. Олардың қолдарынан мұндай келмейтіндіктен, бұл міндетті өз иығымызға арттық. Біз роботтар мен адамдар арасындағы делдалдармыз», - деген еді. Музыканттардың сахнадағы қимылдары көзге роботтардың іс-әрекеттерін елестететін.

80-жылдары ұжымның екі-ақ күйтабағы жарыққа шығарды. «Computerworld»-тан бөлек, өндірістік бағыттағы «Electric Cafe» тыңдарманға жол тартты.

Ұзақ уақытқа созылған шығармашылық үзілістен соң, Kraftwerk Ганновердегі бүкіләлемдік көрмеге арнап, «Expo 2000» синглын шығарды. 2003 жылы көпшілік асыға күткен заманауи әуезді әрі топтың сарынындағы «Tour de France Soundtracks» атты күйтабақ жарық көрді. Бұдан соң болған топтың әлемдік турнесі кезіндегі жиылған материал «Minimum-Maximum» концерттік CD мен DVD-ге енді.

2009 жылы қаңтарда EMI таратқан ресми мәліметтерге қарағанда, топтың негізін қалаушылардың бірі, Kraftwerk-те 40 жыл жұмыс атқарған Флориан Шнайдер ұжым құрамынан шықты.

Топтың қазіргі мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ральф Хүттер (Ralf Hütter) - вокал, пернетақта, электроника
  • Фриц Хильперт (Fritz Hilpert) - электро-перкуссия, дыбыс әрлеуші
  • Хеннинг Шмитц (Henning Schmitz) - электро-перкуссия, жанды пернетақта, дыбыс әрлеуші
  • Штефан Пфаффе (Stefan Pfaffe) - бейнеинженер

Топтың бұрынғы мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Флориан Шнайдер (Florian Schneider) - синтезаторлар, қосалқы дауыс, вокодер, компьютер арқылы өңделген вокал, флейталар, электроника
  • Вольфганг Флүр (Wolfgang Flür) - электро-перкуссия
  • Карл Бартос (Karl Bartos) - электро-перкуссия, жанды пернетқталар
  • Клаус Рөдер (Klaus Röder) - электро-гитара, электро-виолончель
  • Клаус Дингер (Klaus Dinger) - дауылпаз
  • Андреас Хоманн (Andreas Hohmann) - дауылпаз

Топтың «классикалық құрамы»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күйтабақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Kraftwerk (1970)
  • Kraftwerk 2 (1972)
  • Ralf und Florian (1973)
  • Autobahn (1974)
  • Radio-Aktivität (ағылшын нұсқасы: Radio-Activity)-(1975)
  • Trans Europa Express (ағылшын нұсқасы: Trans-Europe Express)-(1977)
  • Die Mensch-Maschine (ағылшын нұсқасы: The Man-Machine)-(1978)
  • Computerwelt (ағылшын нұсқасы: Computer World)-(1981)
  • Electric Café / Techno Pop (1986)
  • The Mix (1991)
  • Tour de France Soundtracks (2003)
  • Minimum-Maximum (2005)
  • Der Katalog (ағылшын нұсқасы: The Catalogue)-(2009)

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]