J-pop

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
AKB48 - Жапонияның «AKB48» деген танымал идол-тобы

J-pop (жап. ジェイポップ, Джэй-поппу) немесе джей-поп — жапондық танымал музыканы жіктеу үшін қолданылатын термин, «Japanese pop» деген ағылшына сөзінен қысқарылған. Кейде бұл терминді Жапонияның рок музыкасына анықтама беруде де қолданады, бірақ оған жеке арналған J-rock термин бар. Дәл осы себептен көптеген жапондық рок орындаушылары өздерін J-rock бағытына қосады.

J-pop терминін J-Wave FM-радиостанциясы ойлап тапқан болатын. Осы арқылы жапондық поп-музыка өзге де әлемдік поп-сахналарынан бөлектеніп тұрады. Жапонияда терминді әр түрлі музыкалық стильдерді ажырату үшін қолданады, соның ішінде поп, рок, рэп, соул және би музыкасы да бар. J-pop орындаушылар - танымал музыканттар және де сэйю - әртістер, яғни аниме кейіпкерлерін дыбыстайтын адамдар.

Негізінен J-pop Сёва кезеңінде танылған джаз музыкасынан бастау алады. Джаз өзімен бірге көптеген музыкалық аспаптары алып келді, оларды ертеректе классикалық музыканы, әскери марштарды орындау үшін қолданған. Бұл жаңалық сол кездегі жапон сахнасына "қуаныш" элементін қосты. Нәтижесінде Онгаку Кисса (жап. 音楽喫茶), музыкалық дәмханалар джазды орындайтын танымал орындарға айналды.

Екінші дүниежүзілік соғыс барысында, Империя армиясының қысымымен джаз өз танымалдылығынан айырылды. Соғыс аяқталғаннан кейін, Жапонияны басып алған Құрама Штаттарының солдаттары өздерімен бірге көптеген музыкалық стильдерді алып келді. Мысалы, буги-вуги, мамбо, блюз және кантри. Касаги Сидзуконың «Токио Буги-Вуги» (1948), Тиэми Эридің «Tenessie Waltz» (1951), Хибари Мисорының «Омацури Мамбо» өлеңдері ерекше танымалдыққа ие болды. Шетелдік музыканттар мен топтар Жапонияға концерттерін қою үшін келе бастады, соның ішінде JATP және Луи Армстронг та бар. Бірақ жанр техникалық шеберлік жағынан орындауда қиындық тудыратын, сол себептен жапондық әуесқой-орындаушылар үйренуге оңай болатын кантри стилін таңдайтын.

Кантридің арқасында 1956 жылы Жапонияда рок-н-ролл жаппай танымалдыққа ие болды. Кадзуя Косака және оның Wagon Masters-тері Элвис Преслидің атақты «Heartbreak Hotel»-іне интерпретациясын жариялады. Рок-н-ролл өз танымалдылығының шыңына 1959 жылы шықты. Алайда Құрама Штаттарындағы рок-н-ролл ғұмыры ұзыққа бармады, ал бұл оның Жапониядағы таралуына кері әсер етті. Осындай кезеңде жеке жапондық ұйымдар жапондық поп-музыканы рок-н-роллмен біріктіргісі келді. Бірақ бұл тек Кю Сакамотоның «Уэ о Муйтэ Аруко» (жап. 上を向いて歩こう Уэ о Муйтэ Аруко:) әнімен жүзеге аса алды. Ал өзге орындаушылар өз кезегінде америкалық танымал шығармалардың тексттерін жапон тіліне аударып, орындай бастады, солай жаңа «cover pop» ұғымы қолданысқа енді. Алайда теледидарлардың кезеңі келді, барлық адамдар өз теледидарларына қол жеткізіп, музыкалық қойылымды үйде де көре алатын болды. Сонымен cover pop-та сұраныстан шығып қалды. Соған қарамастан қазіргі кезде бүкіл әлемге белгілі караоке онымен тікелей байланысты.

70-ші жылдардың басынан 80-ші жылдардың ортасына дейін жай әндердің гитара сүйемелдеуімен орындалатын әндерге өту кезеңі болды. Бұл шығармалар әлдеқайда қиын еді, және оларға "жаңа музыка" (ニューミュージック ню: мю: дзикку) аты берілді. Осылай әндердің мазмұны өзгеріске ұшырады. Махаббатқа және ішкі күйзелістерге бағытталған композициялар саны азайды. Такуро Ёсида мен Ёсуй Иноуэ "жаңа музыканың" көрнекті өкілдері болып табылады.

80-ші жылдары «сити поп» терминін қалалық тематиканы ұстанатын үлкен қалалардың танымал музыкаларын анықтауда қолданатын болды. Бұл жанрдың көптеген өлеңдері Токио қаласында шығарылды. Сити поппен жаңа музыканың арасында үлкен айырмашылықтар болмағандықтан «васэй поп» деген термин қоланылысқа енгізілді. Сонымен J-pop термині тек 90-шы жылдарда ғана бүкіл әлемге танылды.

Қазіргі уақытта жапондық музыкаға R&B және Hip-Hop ритмдері әсер етуде. J-Hip-Hoр топтар құрылды, ORANGE RANGE және Кэцумэйси Oricon чарттарының төрінен орын алған. Mr. Children, B'z және Southern All Stars топтары да ұмытылмаған.

Қазіргі кездердерде герл және бой-бэндтер, яғни идол-топтар танымалдылықтың шыңында. Жапониядағы ең көп сатылған синглдардың үздік ондығында герл-идол-топ AKB48-та, Johnny & Associates бой-бэнды да бар.

Поп-мәдениетке тигізген әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

J-pop - жапон поп-мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол барлық жерде: бизнесте, саудада, кинода, телешоуларда, видео ойындарда, анимеде. J-pop ритмі өте жылдам, сондықтан кей адамдар оны түсіне бермейді. Анимеде және телешоуларда, мысалы дорамада, бастапқы және аяқтаушы музыка тақырыбы жылына 4 рет өзгереді.

Шығарылатын әндердің үлкен көлемінен J-pop жиі өзгеріске ұшырайды. Көптеген әртістер тек бір сингл немесе альбом шығарып қана үлгереді, одан кейін жоғалып, көпшілік арасында білінбей кетеді. 10 жыл аралығында өз дәрежесн ұстап тұрғандарды таланттар деп таныйды. как Dreams Come True, Chage & Aska, B'z, Southern All Stars, the pillows, Tube группалары сахнада 15 жыл бойы жүр және олар үлкен табысқа жеткендер деп мойындалған.

Соңғы 5 жылда Батыс Жапонияда пайда болған жаңа және ерекше феномен бақылануда. Фукоку және Ойта қалаларында жапондықтар мен қатар шетел музыканттарынан құралған топтардың танымал болуы тіркелген. Бұл танымалдылық Sony Japan сияқты ірі компаниялардың назарын өзіне аударды. Осының арқасында Bump of Chicken, Fever, Dr. Funkinstein, Cut Flowers, The Routes, F8, және The James Heneghan Acoustic Roadshow сынды топтар таныла бастады.

Орыс википедиясы