II Франсуа
ІІ Франсуа François II | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
10 шілде 1559 — 5 желтоқсан 1560 | |||
Тәж кигізу жорасы | 21 қыркүйек 1559 | ||
Ізашары | ІІ Анри | ||
Ізбасары | ІХ Шарль | ||
| |||
31 наурыз 1547 — 10 шілде 1559 | |||
Ізашары | ІІ Анри | ||
Ізбасары | ХІІІ Луи | ||
| |||
24 сәуір 1558 — 5 желтоқсан 1560 | |||
Ізашары | Мария де Гиз | ||
Ізбасары | Генри Стюарт | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Католицизм | ||
Дүниеге келуі | 19 қаңтар 1544 Фортенбло сарайы, Франция патшалығы | ||
Қайтыс болуы | 5 желтоқсан 1560 (16 жас) Орлеан, Франция | ||
Жерленді | Сен-Дени аббаттығы, Париж, Франция | ||
Династия | Валуа | ||
Әкесі | ІІ Анри | ||
Анасы | Екатерина Медичи | ||
Жұбайы | Мария Стюарт | ||
ІІ Франсуа Ортаққорда | |||
өңдеу |
II Франсуа (фр. François II; 19 қаңтар 1544 жыл, Фонтенбло сарайы, Франция — 5 желтоқсан 1560 жыл, Орлеан) — 1559 жылғы 10 шілдеден бастап 1560 жылғы 5 желтоқсанға дейін Франция королі. 1558 жылғы 24 сәуірден бастап Шотландияның патша-консорты. Валуа әулетінен шыққан.
Бала кезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Франсуа — ІІ Анридің үлкен ұлы, атасының құрметіне аталған. 1558 жылғы 24 сәуірде Шотландияның жас патшайымы Мария Стюартқа үйленген. Некелескеннен кейін Шотландияның патша-консорты атанды. Франсуа мен Мария төрт және алты жаста болғанда (24 қаңтар 1548 жыл) олардың одағы жайлы шешім қабылданған болатын. Кейінгі он жылды Мария Францияда өткізді.
Таққа отыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1559 жылғы 10 шілдеде жазатайым оқиғадан кейін, ІІ Анри қайтыс болған. Одан кейін таққа отырған Франсуа өте аурушаң, қыңыр және психикалық жағынан төзімсіз он бес жасар жасөспірім болған еді. 21 қыркүйекте Реймста оның тәж кию жорасы өтті. Елдің заңы бойынша Франсуа кәмелетке толды, бірақ біреудің көмегінсіз ол елді басқара алмайтыны анық болды.
Шынымен де, Франсуа мемлекеттік істерді әйелі Мария Стюарттың ағаларына тапсырды. Оның анасы Екатерина Медичи ұлына үлкен ықпал еткен. Мария Стюарттың отбасысы үлкен байлыққа кенелді. Ал жас патша ештеме жасамай, уақытын басқа сарайларға жүріп-тұруға, аңшылыққа жұмсады.
Елдегі діни саясаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гиздар әулеті таза католиктер болғандықтан бұл Францияның діни саясатына әсер етті. Олар Франсуаға әкесінің жолын қууға демеуші болды. 1559 жылы ІІ Анри жылы дінбұзарлықты жасаған адамдарды өлтіруі туралы заң қабылдаған еді. Оның үстіне Франсуа бұл заңдарды қаталдандырды.
Өлімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1560 жылы Франсуаның құлағын құрт жеп, гангрена басталды. Екі апта ауырып, патша Орлеанда көз жұмды. Оның балалары болмағандықтан, таққа оның он жасар інісі ІХ Шарль отырды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 19 қаңтарда туғандар
- 1544 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Фонтенблода туғандар
- 5 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1560 жылы қайтыс болғандар
- Орлеанда қайтыс болғандар
- Сен-Дени аббаттығында жерленгендер
- Алтын руна орденінің иегерлері
- Франция дофиндері
- Франция королдері
- XVI ғасырдағы Еуропа билеушілері
- Шотландия монархтарының жұбайлары
- Валуа
- Таққа отырған балалар