HeLa
HeLa — биология және фармакология саласындағы көптеген ғылыми зерттеулерде қолданылатын "өлмейтін" жасушалар желісі.[1]
Желі 1951 жылы 8 ақпанда Генриетта Лакстың (ағылш. Henrietta Lacks) жатыр мойынның қатерлі ісігінен алынды.[2]
Зерттеуші Джордж Геймен Генриеттаның жасушаларын оның рұқсатынсыз және келісімінсіз алынды, оларды зерттеп, жасушаларда өмірді сақтауға болатынын анықтады. Ол бір нақты жасушаны бөліп, оны көбейтіп, жасуша желісін бастауға мүмкіндік алды. Геймен оларды Генриетта Лакс атының бастапқы әріптермен “HeLa жасушалары” деп атады. Бұл зертханада өсірілген алғашқы "өлмейтін" адам жасушалары болды-олар бірнеше бөлінуден кейін өлмеді және көптеген эксперименттерде пайдалануға жарамды болды.
Ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]HeLa жасушалары "өлмейтін" деп аталады, олардың Хейфлик шегі бар қарапайым жасушалардан айырмашылығы- шексіз рет бөлінуге қабілеттілігі. Қатерлі ісіктерінің көптеген түрлері сияқты, HeLa жасушалары ДНҚ хромосомалар ұштарында теломерлерді ұзартатын теломераза ферментін өндіреді. Қазіргі уақытта бар HeLa жасушаларының популяциясы Генриетта Лакстың ұлпа үлгілерінен алынған. Бұл жасушалар басқа қатерлі ісік жасушаларымен салыстырғанда да өте тез таралады. Кейде бұл жасушалар басқа ұлпаларды зақымдайды.
HeLa жасушалары Генриетта қайтыс болған обыр жасушаларына жиі кездесетін папиллома вирусын жұқтырған. HeLa жасушалары аномальды кариотипке ие, HeLa түрлі сублиниялары 49-78 хромосомаға ие, ал қалыпты адам кариотипінде 46 хромосом бар.[3]
HeLa жасушалары in vitro өсіміне бейімделе отырып, осы жылдар ішінде эволюцияланды және олардың бөлінуінен бірнеше тармақтар пайда болды. Қазіргі уақытта HeLa жасушаларының бірнеше желісі бар. Бұл жасушалар желілері обыр жасушаларының моделі ретінде, жасушалар арасындағы сигнал беру механизмдерін, радиация және улы заттардың жасушаларға әсерін зерттеу және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылады.
Helacyton gartleri
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шектелмеген бөлу қабілеті және адамға тән емес хромосомалардың санына байланысты, HeLa жасушалары Леем ван Валенмен қазіргі кезде жаңа биологиялық түрдің пайда болуының мысалы ретінде сипаттап, оларды Helacyton gartleri (хелацитон Гартлер) деп осы жасушаларды зерттеген Стенли М. Гартлердің атымен атаған.[4]
Жеке түрге таңдалғаны үшін дәлелдер:
- HeLa жасушалары мен адам хромосомалардың санының сәйкес келмеуі;
- HeLa жасушаларының экологиялық қаты;
- HeLa жасушалары қалыпты адам жасушаларының өсіріндісінен тыс сақталу және көбею қабілеті.[5]
Бұл түрдің анықтамасы жетекші биолог-эволюционистермен, сондай-ақ басқа бағыттағы ғалымдармен шындап қабылданбаған.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Анна Старокадомская. Бессмертные клетки HeLa, Популярная механика №4, 2014.
- ↑ Scherer, William F.; Jerome T. Syverton, George O. Gey (January 1953). “Viral Multiplication in a stable strain of human malignant epithelial cells (strain HELA) derived from an epidermoid carcinoma of the cervix”. The Journal of Experimental Medicine. 97: 695—715. PMC 2136303
- ↑ Мамаева С. Е. Атлас хромосом постоянных клеточных линий человека и животных. — М.: Научный мир, 2002. — 236 с. — ISBN 5-89176-178-5.
- ↑ Van Valen LM, Maiorana VC (1991). “HeLa, a new microbial species”. Evolutionary Theory & Review. 10: 71—74. ISSN 1528-2619
- ↑ Duesberg, P; Mandrioli, D; McCormack, A; Nicholson, JM (2011). “Is carcinogenesis a form of speciation?”. Cell cycle (Georgetown, Tex.). 10 (13): 2100—14. DOI:10.4161/cc.10.13.16352. PMID 21666415
- ↑ No Longer Human (англ.), Discover Magazine (December 01, 1992).