Black Lives Matter

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Black Lives Matter
Қаралар Өмірі Маңызды
Ұйым түрі:

Белсенді қозғалыс

Құрылуы

2013.7.13

blacklivesmatter.com

Нәсілшілдікке қарсы насихат және наразылық

Халықаралық, көбінесе АҚШ-та

Ортаққор логотипі Black Lives Matter Ортаққорда

Black Lives Matter ("Бләк Лайвз Мәттэр", BLM, "Қаралар Өмірі Маңызды") — ұйымдасқан зорлықсыз азаматтық қозғалыс болып, олар полицияның Афроамерикандарға көрсеткен қатыгездік оқиғаларына қарсы және қара тәнділерге көрсетілген тарихи қиянатты дәріптеушілерге қарсы наразылық білдіреді.[1] Орталықсыз әлеуметтік тор ретінде Black Lives Matter ұйымының[2] әлемде 30-дан астам бөлімшесі жұмыс істейді, үлкен Black Lives Matter қозғалысы "Арманды қорғаушылар" (Dream Defenders) және "Ассата қыздары" (Assata's Daughters) секілді түрлі топтардан құралады. Бұл қозғалыс және оған байланысты ұйымдар әдетте қара тәнділерге көрсеткен полицияның зорлық-зомбылығына қарсылық білдіреді, сондай-ақ қаралар азаттығына қатысты мемлекет саясаттатын түзетуді дәріптейді.[3]

2012 жылы 17 жасар афроамерикандық Трейвон Мартинді атып өлтірген Джордж Циммерман сот жағынан қылмыссыз деп жарияланған соң, 2013 жылы BLM қозғалысы әлеуметтік желіде #BlackLivesMatter хэштегімен пайда болды. 2014 жылы бұл қозғалыс афроамерикандық Майкл Браун өлімінен кейін Сент-Луис (St. Louis) маңындағы Фергюсонда (Ferguson), ал афроамерикандық Эрик Гарнердің өлімінен кейін Нью-Йоркте наразылық білдіріп, бүкіл АҚШ-қа танымал болды.[4] 2015 жылы жазда BLM белсенділері АҚШ-тың 2016 жылғы президенттік сайлауына қатысты.[5] Хэштегтің бастамашылары және қозғалысқа шақырған Алисия Гарза, Патрис Куллер және Опал Томати қатарлылар 2014-2016 жж аралығында өз жобаларын 30-дан астам жергілікті бөлімшеден тұратын тұтас ұлттық торға айналдырды.[6] Black Lives Matter қозғалысы орталықтандырылмаған тор болып, ешқандай ресми иерархияға ие емес.[7]

2020 жылы 25 мамырда Миннесотадағы Миннеаполисте полиция қызметкері Дерек Шаувин Джордж Флойдті өлтірген соң, Джордж Флойдті қорғау халықаралық қозғалысының наразылықтары арқылы BLM қозғалысы ұлттық деңгейден халықаралық деңгейге көтерілді.[8]

Қозғалыс дәстүрі және моделі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
"Өлу" - Миннесота Сент-Полдағы полиция қатыгездігіне қарсы BLM наразылығы, 20 қыркүйек, 2015 ж

Тарихтағы Азаматтық құқықтар қозғалысы, Қара күш қозғалысы (the Black Power), 1980 жылдардағы Қара феминизм қозғалысы, Панафриканизм, анти-оқшаулау қозғалысы, Хип-хоп, Уолл-стритті басып ал секілді қозғалыстар мен субмәдениеттер BLM қозғалысының қалыптасуы мен ұйымдасу үлгісіне әсер етті. Кейбір медия ұйымдары BLM-ды "жаңа азаматтық құқық қозғалысы" деп атады. шіркеудің қатысуы, демократиялық партияға адалдық, сыйластық саясаты секілді ортатап дәстүрлерінен бас тарту арқылы BLM-нің кей мүшелері Әл-Шарптон (Al Sharpton) сияқты ағабуын қаралар басшылығынан өздерін айқын ажыратады. Саясаттанушы Фредерик С. Харрис BLM-нің «топ-центрлік басшылық моделі» Джисси Джексонның кемпірқосақ PUSH коалициясы (Rainbow PUSH Coalition) және Әл-Шарптонның Ұлттық Қозғалыс Желісі (National Action Network) сияқты азаматтық құқық ұйымдарын сипаттайтын ескі харизматикалық басшылық моделінен өзгеше екенін алға тартады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Friedersdorf, Conor.  "Distinguishing Between Antifa, ...." The Atlantic. August 31, 2017. August 31, 2017.
  2. What we believe.
  3. Roberts, Frank How Black Lives Matter Changed the Way Americans Fight for Freedom. American Civil Liberties Union (July 13, 2018). Тексерілді, 15 маусым 2020.
  4. Luibrand, Shannon Black Lives Matter: How the events in Ferguson sparked a movement in America. CBS News (August 7, 2015). Тексерілді, 18 желтоқсан 2016.
  5. Eligon, John One Slogan, Many Methods: Black Lives Matter Enters Politics. The New York Times (November 18, 2015). Тексерілді, 18 желтоқсан 2016.
  6. Cullors-Brignac, Patrisse Marie We didn't start a movement. We started a network.. Medium (February 23, 2016). Тексерілді, 18 желтоқсан 2016.
  7. Who Really Runs #BlackLivesMatter? (August 15, 2015). Тексерілді 18 желтоқсанның 2016.
  8. Protesters around the world rally for George Floyd and against police brutality, France24 (7 June 2020). Тексерілді 16 маусымның 2020.