Мазмұнға өту

Өкпе сыйымдылықтары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өкпенің тіршілік немесе өмірлік сыйымдылығы - ішке дем толық тартқаннан кейін тыныс жолдарынан толығымен шығатын ауа көлемін сипаттайтын сыртқы дем алу көрсеткіші.[1] Яғни адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғанда ауаның көп мөлшерін айтады. Әйел адамдарда шамамен 3000-3500 мл құраса, ер адамдарда 3500-4800 мл құрайды.

Өкпенің жеделдетілген өмірлік сыйымдылығы — максимальдық жылдам дем алу кезінде анықталатын өкпенің өмірлік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90—92% құрайды. Өкпенің тиісті өмірлік сыйымдылығы — арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндеғі өмірлік сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығын орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000—7500 мл-ге дейін жетеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда жөне әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.

Адам қалыпты тыныс алып, артынша терең тыныс алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

Адам қалыпты тыныс шығарып, артынша терең тыныс шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тынысшығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы —> тыныстық сыйымдылық (500 мл) тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл 1500 мл 1500 мл=3500 мл!

Қаншама терең тыныс шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылыгы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0