Өзен шаяны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Өзен шаяны
Қазбалық ауқымы: Mesozoic–Recent
Paranephrops planifrons
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Кіші жамағаты: Шаянтәрізділер
Табы: Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер
Сабы: Онаяқты шаянтәрізділер‎
Кіші сабы: Pleocyemata
Ықшам сабы: Astacidea
Ұлы тұқымдасы: Astacoidea
Latreille, 1802
and Parastacoidea
Huxley, 1879

тұқымдастары
Astacoidea
Parastacoidea
Мексикалық стильдегі шаян

Өзен шаяны деп жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің онаяқты отрядына жататын Astacidae, Cambaridae, Parastacidae тұқымдастары өкілдерін атайды.

Тіршілігі мен сыртқы құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін шаян. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.

Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады.

Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.

Тыныс алуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер - желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.

Қан айналымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар - салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек-пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған қоректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді, мүшелердегі көмірқышқыл газды және бөлінген сұйық өнімді алып кетеді.

Зәр шығаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шаян екі жасыл без арқылы зәр шығарады. Жасыл бездер- сыртқа шығаратын өзекшелері бар дөңгелек қалташалар. Осы бездерден бөлінген сұйық өнім қанға барып, тамыр қабырғаларынан сүзіледі , еріген заттар сыртқа төгіледі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 85 б., ISBN 5-625-03599-7