Мазмұнға өту

Әсем гониолимон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әсем гониолимон

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Қорғасыншөптер тұқымдасы
Тегі: Қызшөп'
Түрі: Әсем гониолимон
Екі-есімді атауы
Goniolimon speciosum[1]
(L.)

Әсем Гониолимон (лат. Goniolimon speciosum) — қорғасыншөптер тұқымдасының гониолимон туысының кермектерге жақын кең таралған өсімдік[2]. Қалампыртәрізіділердің ататектілеріне генетикалық тұрғыдан жақын.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көпжылдық өсімдік, биіктігі 10-15 см; тамыры вертикалды тартылған жуан келеді; жапырақ кесіндісімен жабылған; қатқыл қалың жапырағы топырақтамыр түбінен розетка түзіп орналасқан, ашық немесе көкшіл-жасыл, ұсақ әктаңдақты, кейде әржерінен қызара, жиегі жалаңаштана келген масақ гүлшоғырлары құрайды. Негізінен гүлсабағы тік келген 1-2 болады, түп жағынан жуандау, иілген қысқалау әрі жалаң, ал жоғарғы жағы тармақталған көпбұтақты және иілген ұсақ бұтақшалы; масағының ұзындығы шамамен 8 мм, гүлсабағы 2-5, тығыз біржақты болып, екі қатарлы черепицалы орналасқан әрі қалқан тәрізденіп келген гүлшоғырын құрайды. Гүласты тостағаншасы ашық немесе қысқа төмен иілген. Гүлжапырақшалары күлгін-қызғылт, биік, гүлтостағаншасынан 1/3 асып тұрады.

Далада, сортаңдау жерде, тау етегінде, тастақты сортаңда, қалың ший арасында және шалғынды ойпаттарда өседі[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1]The Plant List
  2. [2]Гониолимон красивый – Goniolimon speciosum (L.) Bois.
  3. [3] Мұрағатталған 11 сәуірдің 2020 жылы.GONIOLIMON SPECIOSUM