Мазмұнға өту

Әрекетке қабілеттілік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әрекетке қабілеттілікзаңды тұлғаның немесе азамат өз әрекеттерімен азаматтық құқыларды иеленуге және оны жүзеге асыруға, өзіне азаматтық міндеттер белгілеп, оларды орындауға қабілеттілігі. Азаматтық құқықта оны заңды тұлғаның, азаматтардың немесе жас өспірімдердің (14 жастан 18 жасқа дейін) Әрекетке қабілеттілігіне бөледі. Азаматтар толық әрекеттік қабілеттілікке 18 жастан бастап ие болады. Егер 18-ге толмаған азамат некеге тұратын болса, неке мемлекет халық-актілерін тіркейтін органда тіркелсе, онда ол азамат некеге тұрған кезден бастап әрекетке қабілеттілікке толықтай ие болады. Азаматтық заң қағидалары бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, азаматтардың әрекетке қабілеттілігіне шек қоюға болмайды.

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан энциклопедия 1-том