Мазмұнға өту

Әмудария көмбесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әмудария қазынасынан алынған білезік (Британ мұражайы)
Әмудария қазынасынан арбаның алтын үлгісі

Әмудария көмбесі, 1877 жылы Тәжікстанда Әмудария өзенінің бойынан табылған қазына көмбесі.

Осы өзен атымен аталады. Көмбені жергілікті халық тауып, асыл заттарды саудагерлер сатып алып, Үндістанға апарған. Ғалымдар қолына кейінірек түскен. Әмудария көмбесінен 180-нен астам алтын мен күмістен жасалған бұйымдар мен мыңнан астам теңгелер табылған. Заттарға көне грек, иран, сақ мәнеріндегі ою-өрнектер салынған. Әсіресе, адамдар бейнеленген қаңылтыр жалтырауықтардың маңызы ерекше. Оның бетіндегі сақалды адамдардың жейделері, қалпақтары, белбеулері мен семсерлері скифтер киімдерінен аумайды. Бұл Геродоттың Сырдарияның оңтүстік бөлігін мекендеген сақ-массагеттер мен скифтердің тұрмыс-тіршіліктері өте ұқсас деген сөзін растайды. Көмбе б. з. б. 4 ғасырдың соңынан б. з. б. 3 ғасырдың соңына дейінгі аралықтағы бірнеше кезеңде жиналған қазына болса керек. Әмудария көмбесінен табылған заттардың негізгі бөлігін Британ мұражайы сатып алған, қазір сонда сақтаулы. Көмбенің түп тарихы белгісіз.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан энциклопедиясы 1-том