Әл-Баттани
Әл-Баттани | |
Абу Абдаллах Мухаммад ибн Джабир ибн Синан әл-Баттани араб.: أبو عبد الله محمد بن جابر بن سنان الحراني الصابي البتاني | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы |
Абу Абдаллах Мухаммад ибн Джабир ибн Синан әл-Баттани (араб.: أبو عبد الله محمد بن جابر بن سنان الحراني الصابي البتاني, Харран, 858 — Самарра, 929) немесе Әл-Баттани - араб астрономы әрі математигі. Сфералық үшбұрыштарды есептеу әдісін алғаш болып қолданған. Тригонометриялық функцияларды(синус, тангенс және котангенсті) жиі пайдаланған. Осы функциялардың қатынастарын да назардан тыс қалдырмаған. Бұл қатынастар косинустар теоремасына жуық болған. Әл-Баттанидің Күн мен Айдың қозғалысын анықтайтын кестесі өзінен бұрыңғылар жасалаған кестелерден едәуір дәлірек болған. Эклиптиканың экваторға көлбеулігінің мәнін Клавдий Птоломейден(100 - 178) де дәлдеу анықтаған(23°35′41″). Қазіргі кездегі есептеу бойынша бұл шама 23°27′-қа тең деп қабылданған.Әл-Баттани К.Птоломейдің Жер қозғалмайды деген жаңсақ пікірән қуаттаған[1][2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.
- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том