Әлмет (Татарстан)
Қала | |||
Әлмет | |||
тат. Әлмәт | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Аймағы | |||
Муниципалды аудан | |||
Қалалық қоныс | |||
Мэр |
Айрат Ринатұлы Хайруллин | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
54°54′00″ с. е. 52°18′00″ ш. б. / 54.95000° с. е. 52.30000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°54′00″ с. е. 52°18′00″ ш. б. / 54.95000° с. е. 52.30000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
XVIII ғ. | ||
Алғашқы дерек | |||
Бұрынғы атаулары |
Әлметьево (Әл-Метьево) | ||
Қала статусы |
1953 | ||
Жер аумағы |
118 км² | ||
Орталығының биiктігі |
110 м | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 158 429 адам (2020) | ||
Тығыздығы |
1377,88 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы |
татарлар 55,2%, орыстар 37,1%, чуваштар 3,1%, мордвалықтар 1,9% | ||
Конфессиялар |
мұсылмандар, христиандар | ||
Этнохороним |
әлметтіктер | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
(8553) | ||
Пошта индексі |
423450 - 423465 | ||
Автомобиль коды |
16, 116 | ||
[[]] |
92405 | ||
almetyevsk.tatarstan.ru/tat/ (татар.) | |||
Әлмет шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Әлмет |
Әлмет (тат. Әлмәт) - Татарстандағы қала, аудан орталығы. Республикадағы халық санынан және маңыздылығынан төртінші қала. Темір жол стансасы бар. Автожолдар торабы.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала Шолман аймағында, Бүгілме-Белебей үстіртінің баурайында, Зәй өзенінің сол жағалауында (Шолманның саласы), Қазаннан оңтүстік-шығысқа қарай 249 км жерде, Әлмет теміржол станциясынан 8 км жерде орналасқан.
Лениногорскіден және Татарстанның оңтүстігіндегі Еділ-Орал мұнай-газ аймағының ең үлкен Ромашкинское кен орнынан 39 км қашықтықта орналасқан.
Қаланың құрамына Красноармейка және Урсала шағын аудандары (2003 жылдан бастап), Яшлық, Агропоселок, Алсу, Биғаш (Бигаш), ДОСААФ, ДСРК, Дружба, Нагорный, РТС, СУ-2, Ескі Әлмет (Иске Әлмәт), Техснаб, Черемушки (М-4) кіреді.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты - континенталдық
- ауаның жылулығы жылына орта есеппен — 4,4 °C
- желдің жылдамдығы — 3,8 м/с
Әлмет ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Орташа максимум, °C | −7,2 | −6,7 | −0,9 | 9,1 | 18,3 | 23,7 | 25,2 | 22,1 | 16,2 | 7,4 | −1,9 | −6,6 | 8,3 |
Орташа температура, °C | −10,9 | −10,8 | −5,7 | 4,8 | 13,9 | 19,0 | 20,7 | 18,2 | 12,6 | 4,6 | −4,6 | −10,2 | 4,4 |
Орташа минимум, °C | −15,2 | −15,2 | −10,4 | 0,2 | 8,3 | 13,1 | 14,9 | 13,3 | 8,7 | 1,8 | −7,5 | −14,1 | −0,1 |
Дерекнама: Татарстанның метеорологиялық мәліметтері |
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада республикалық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындары бар:
- ОАО «Татнефть»-тың кеңсесі
- «Татнефтепром» (Татарстандағы ең ірі мұнай компаниясы)
- «Булгарнефть»
- «СМП-Нефтегаз»
- «АТЗ» (Альметьевский трубный завод)- мұнай-газ құбарлар зауыты т.б.
Халықаралық "Дружба" мұнай құбыры Альметьевсктен басталады. Нижний Новгород, Пермь, Самараға мұнай құбырлары жүргізілген.
Мәскеудағы мұнай химиясы мен газ өнеркәсіптік институтының бөлімшесі, 6 орта арнаулы оқу орны, 7 жоғарғы оқу орны, драма театры, мұражайлар ашылған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлмет ауылының негізі қаланған уақыттағы нақты деректер сақталған жоқ, бірақ бірқатар жанама дәлелдер бұл оқиға XVIII ғасырдың екінші немесе үшінші онжылдықтарының тоғысында болған деп болжайды. 1840 жылы аймақта жүргізілген сауалнама барысында әлметтіктер билікке олардың ауылы 121 жыл бұрын, яғни шамамен 1719 жылы құрылғанын хабарлады.
Ауылдың негізін қалаушы Әлмет молда болып саналады (Әл-Мұхаммедтің қысқартуы, тат. Әлмәт - Әл-Мөхәммәт, башқұрттарда жеке аты-жөні Әлмет[1][2]). Жазба деректерде ауыл туралы алғашқы ескертулер 1735-1740 жылдардағы көтерілістің бастапқы кезеңіне қатысты құжаттарда кездеседі. Олардың ішінде Әлмет молданың полковник И. Н. Татищевке жазған хаты сақталды, онда бүлікшілердің «съездері мен ниеттері туралы» және олардың Чистай уезі Надыров болысының тұрғындарына қауіптілігі туралы айтылды Хат 1735 жылдың 24 маусымында жазылған және келесі сөздермен аяқталады:
«Бұл хатты мен, Әлмет-молда, Әлмет ауылынан Зәйдан жаздым»[3].
1795 жылы ауылда 700 типтәр мен башқұрт өмір сүрсе, 1834 жылы 123 башқұрт, 544 типтәр болған. 1859 жылғы аудит материалдары бойынша ауылдың 214 ауласында 1518 мемлекеттік шаруалар мен башқұрттар, сонымен қатар мешіт, пошта бекеті, жәрмеңке, базарлар мен 2 зауыт есепке алынды[4].
1920 жылдан бастап Татар АКСР Бүгілме кантонының құрамында, 1930 жылдың 10 тамызынан бастап аудан орталығы болды.
1952 жылы 25 наурызда Әлмет ауылы Әлмет кентіне айналды, 1953 жылы 3 қарашада РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен қала мәртебесін алды.
Тұрғындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Әлмет Жастар орталығы
Туыстас қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Портал администрации г. Альметьевска. Мұрағатталған 4 желтоқсанның 2014 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Альметьевск // Города России: энциклопедия. — М.: Большая Российская энциклопедия, 1994. — С. 20. — 559 с. — 50 000 экз. — ISBN 5-85270-026-6
- ↑ Федерация. Ру — Большая энциклопедия о России
- ↑ Поспелов Е. М. Альметьевск // Географические названия мира : Топонимический словарь : Ок. 5000 единиц / P. A. Агеева — 2-е изд., стереотип. — Мәскеу: Русские словари, Астрель, АСТ, 2002. — ISBN 5-93259-014-9, 5-271-00446-5, 5-17-001389-2.
- ↑ КОГДА И КЕМ БЫЛО ОСНОВАНО СЕЛО АЛЬМЕТЬЕВО? (Р. Амирханов)
- ↑ Асфандияров А. 3. Аулы мензелинских башкир. — Уфа: Китап, 2009 г. — 600с. (на с.574)