Әлеуметтік-экономикалық география
Әлеуметтік-экономикалық география - қоғамдық географияның және географиялық ғылымдардың барлық жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі; әр түрлі елдердегі, аудандардағы, жергілікті жерлердегі қоғамның аймақтық ұйымдастырылуын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география және халық географиясы деп бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық географияның зерттейтін шекті нысанына Жердің географиялық қабығының қоныстанған, игерілген немесе басқа жолмен қоғам өміріне тартылған, өзіне тән шаруашылығының кеңістіктік құрылымы мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың нысаны бар бөлігі жатады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі термињдерініњ салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |