Әкімшілік ұстау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтканда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6