Мазмұнға өту

Әбул-Баракат әл-Бағдади

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бағдати, Әбу-л- Баракат Хибатуллах б. Малкаәл - Балади (1077- 1164 ж.ш.) - философ, табиғат зерттеушісі және дәрігер. Мосул маңында, Бағдатта туған, Бағдат халифалары мен салжұқ сұлтандарының сарайларында дәрігер болып жұмыс істеді, Бағдатта қайтыс болды.

Бағдатидің шығыстың және метафизикаға арналған үш бөліктен тұратын, «әл-Муғтабар фи-лхикма» (1-3 т., Хайдарабад, 1940 -1941) атты ең басты шығармасы сақталған. Екінші тарауда өзекті мәселенің аясын тарылтқаны (ибн Синаның физикасымен салыстырғанда) және жаратылыстану мәселелерін зерттеудің негізгі құралы ретінде тәжірибе мен бақылауға негізделгені аңғарылады. Метафизикада, жалпы алғанда олардың: тұтастан тұтас туындайды, мәңгілік нәрсе өтпелі құбылысқа қызмет ете алмайды, Құдайдың тіршілігіне қосымша белгілері болуы мүмкін емес, ғарышта он ақыл-ой несі бар деген тәрізді бірқатар ережелерін сынға алды. Бұл сынды кейін Фахр ад-Дин ар-Рази одан әрі жалғастырды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1