Мазмұнға өту

Һомо Хейдельберг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Маңдай 5 (жақ сүйегі сақталған бас қаңқасы, құйма), Sima de los Huesos (Испания) ашқан, Һомо Хйдельбергке жатады. Бас сүйектің суреті Лондонның Табиғи Тарих мұражайынан түсірілген.
Һомо Хейдельбергтің астыңғы жақ сүйегі, Розенштейн мұражайы

Һомо Хейдельберг (ағылш. Homo Heіdelbergensіs, Гейдельберг, немесе Хейдельберг адамы — ежелгі адамның Һомо түріне жататын жойылған түр, немесе субтүр (subspecies) болып, ол шамамен 700,000 - 300,000 жыл бұрын Орта Плейстоцен кезеңінде өмір сүрген деп есептеледі. Тас құралдары Acheulean тас құралдарына жақын келеді. Бәлкім Еуропалық Һомо Неандерталдардың арғы атасы болуы мүмкін. Ал Һомо хейдельбергтің ата-бабасы Еуропалық Һомо антесессор (Homo antecessor) болуы мүмкін.

Мұнда белгілі болған төрт субтүр бар: олар Һомо хейдельберг (Homo heidelbergensis), Һомо далий (Homo daliensis), Һомо Родезия (Homo rhodesiensis) және Һомо стейнхейм (Homo steinheimensis). Һомо Сапиенс осылардың ішінде Һомо родезийден туындағаны туралы жорамал бар, бірақ 400 мың – 260 мың жылдар аралығындағы қазындылар бостығынан сенімсіздік туғызады. Бұл түр Германиядағы Хейдельберг маңында табылған қаңқа бойынша Һомо Хейдельберг деп аталады.


Алғаш 1907 жылы һомоның иек сүйегін Хейдельберг қаласы маңындағы Эльсенц өзені аңғарынан неміс антропологы Отто Шетензак (Otto Schoetensack) тапқан болатын. Ол ерте плейстоцен (400 мың жыл бұрынғы) кезеңіне жатқызылады. 24 м тереңдіктен сүйектің қасынан этрусс мүйізтұмсығының, ежелгі пілдің, жылқының, бизонның, арыстанның, т.б. хайуанаттардың сүйек қалдықтары шыққан. Осы жерден шақпақ тастан жасалынған тас құралдары да табылған. Гейдельберг адамының төменгі жақ сүйегінің морфологиялық құрылысы адам тектес маймылдарға ұқсас және осы күнгі адамның жақ сүйегіне де жақын (әсіресе, азу, күрек тістері). Көптеген зерттеушілер Гейдельберг адамы питекантроп пен синантропқа жақындастырады.[1] Бұл түрдің бас сүйектері Һомо Еректуске де, қазіргі адамға да жақын келеді; оның миы қазіргі адамдардікі секілді үлкен болған. Ал, Солтүстік Испанияның Атапуеркадағы (Atapuerca) Сима-де-лос-Хуесос үңгірінен (The Sima de los Huesos cave) осы түрге жататын маңызды қызындылар табылды.

Һомо Хейдельберг бүкіл Шығыс және Оңтүстік Африкаға (Эфиопия, Намибия, Оңтүстік Африка) таралды, сонымен қатар Еуропада да (Англия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Италия, Португалия, Испания) тіршілік кешті. Оның бұрынғы Һомо Антесессормен (Homo antecessor), Һомо Ергастермен (Homo ergaster), сондай-ақ кейінгі түр болған Һомо Неандерталдармен (Homo Neanderthals), Һомо Денисовандармен (Homo Denisovans) және қазіргі адамзатпен нақты байланысы әлі де анық емес.

Зерттеулердің қорытындысы бойынша, қазіргі адам Һомо Родесийлер (Homo rhodesiensis) арқылы 400 мың жыл бұрын Шығыс және Солтүстік Африкада кездесетін Һомо Хейдельбергтерден (Homo heidelbergensis) бастау алады. Көптеген қазындылардың белгілі бір хроноспексияға дұрыс орналаса қалуы қиын және көп жағдайда палеоантропологтар арасында бірдей қабылданатын Һомо Еректус, Һомо Хейдельберг және Һомо Неандерталдардың ортақ бөлу сызығы (автапоморфиялар) болмауына байланысты дау туындайды.

Һомо Хейдельбергтер қазіргі адамзаттың ата-бабасы екендігі әлі анық емес, өйткені Африкада 400–260 мың жыл аралығындағы қазындылардың кемдігі Һомо Сапиенстердің Һомо Родесийлерден пайда болғанын күңгірт қалдырады. Сима-де-лос-хуесос қазындыларына (the Sima de los Huesos fossils) жасалған генетикалық анализдер (Meyer et al. 2016) Һомо Хейдельбергтер неандерталдар шежіресіне жататындай көрінеді, оны «при-неандертал», немесе «архаикалық неандертал», немесе «алғашқы неандертал» ретінде тану керек секілденеді, сөйтіп Неандерталдардың тамырын Һомо Хейдельберг тарих сахнасына шыққанға дейінге, шамамен 600,000 - 800,000 жыл бұрынға апаруға болады. Ал, бұл шамамен Һомо Антесессорлардың жойылған мезгіліне тура келеді.

Һомо Хейдельберг пен Һомо Еректустың шекарасы да әлі анық емес.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 2-том