Ұқсассуықторғай
Ұқсассуықторғай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Uragus sibiricus Pallas, 1773 |
ҰҚСАССУЫҚТОРҒАЙ (Uragus sibiricus) құйрығы ұзын болған соң денесі ірі болып (17-20 г) көрінетін пайыз шамалас құс.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұқсассуықторғай жабын қауырсындарының реңі күміс түстес қызғылт, оны кейде ұзынқұйрық суықторғай деп те атайды. Аталығының төсі мен екі бүйірі тіпті нарттай қызыл. Аналықтың қанатында ақ теңбілдер болады. Ұқсассуықторғай қанатын қағып ұшқанда құбылған дыбысқа ұқсас үн шығарады. Оның шақыру белгісі - әуезді, үшбуынды «фит-фит-фит» деген ысқырық, сазды әуені көктемгі бұлақтың сылдырын еске түсіреді. Ұқсассуықторғайлар балапандарын бунақденелілермен қоректендіреді, бірақ олардың ұялау тіршілігі Қазақстанда зерттелген жоқ.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл сібірлік құс. Қазақстанда тек қана Алтайда және Семейдің солтүстігіне қарай Ертіс аңғарына ұялайды, алайда ол қыста республиканың бүкіл оңтүстігі және оңтүстік-шығысында әдеттегідей белгілі, оны қазаннан сәуірге дейін сол жердегі тау баурайы немесе шөл өзендерінің жайылмасынан кездестіруге болады. Қыста олар шағын үйір түзеді. Алматыда оларды жемісін жақсы көретін, қалың өскен құлмақтан жиі көргенбіз.
Дереккөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- ↑ BirdLife International Uragus sibiricus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.