Үлкен шалшықшы
Үлкен шалшықшы - ақ селеулі Қазақстан даласының әшекейі. Біздің даламыздағы ең үлкен шалшықшы. Ұзын аяқтары, жіңішке ұзын доға тәрізді төменге иілген тұмсығы бар. Жоны ашық сұр түсті. Жерде жүретін құс, бұталарға отыра алады. Төтенше жағдайда, мысалы, жаралы болғанда ғана жүзеді. Үлкен жалпақ қанаттарымен бойлай және баяу қағып, жақсы әрі ұзақ ұшады. Дауысы - әдемі, әуенді, жәй дірілдеген ысқырық. Мұндай дыбысты ертелі-кеш ойнақ салып ұшқанда шығарады. Күндіз белсенді, көктемгі және күзгі қоныс аудару кезінде, түнде де ұшады. Жәндіктермен және басқа да ұзақ жануарлармен қоректенеді, кейде дәнмен де қоректенеді. Жұптасып тіршілік етеді. Құрғақ шөп төселген шұңқыр ұясына аналығы 4 сарғыш жасыл теңбілді жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып шығарады, балапандарын бірге қорғайды. Аңшылар үшін үлкен шалшықшы патша қыр құсы болып есептелінеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |