Мазмұнға өту

Құтыз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Құтыз сұлтан (Мұзафар Сайф әд-Дин Құтыз) - Мысыр жерінде мәмлүктер құрған сұлтандықтың (мемлекеттің) үшінші билеушісі.

Билеген кезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құтыз сұлтан 1259-60 жылдары аз ғана уақыт билік құрды. Ол билікті қолына алысымен мәмлүктермен ортақ тіл тауып, гвардиялық арнайы жасақтың қолбасшысы Бейбарысты жанына тартады. Мәмлүк қосындарын басқарған Бейбарыс 1258 жылы Бағдад қаласының түбіндегі шайқаста Сирия мен Мысырды жаулап алуға ұмтылған моңғолдың қарақұрым қолына қарсы соққы береді. Осы Құтыз билігі кезінде Бейбарыс бастаған мәмлүктер моңғолдарға да, кресшілерге де қарсы соққы беріп, шығыс пен батысқа кеңінен таныла бастады. Көп ұзамай, Құтыз сұлтан Бейбарысқа "әмір" атағын береді.1260 жылы 3-ші қыркүйекте Айн-Джалаут түбіндегі шайқаста, жұлдызы жанған Бейбарыс Шыңғыс ханның немересі Құлағудың Кетбұға бастаған жеңімпаз әскерін күл-талқан етті. Осы жеңістен соң Бейбарыс өзін бағаламаған Құтыз сұлтанды өлтіріп Мысырдағы билікті өз қолына алды.