Құндыздар
Құндыздар Қазбалық ауқымы: Late Eocene–Recent | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Канадалық құндыз, Castor canadensis
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Құндыздар (лат. Castoridae) — кеміргіштердің бір тұқымдасы. Көлемі ірі, сулы жерде тіршілік етуге икемделген. Бұған жататындар: камчат кұндызы, өзен құндызы, Канада құндызы: бұлардың терісі өте құнды болады. Түк-ң жалғыз түрі. Дене ұзындығы 100 (130) см, салмағы 30 кг. Жартылай суда мекендеуге бейімделген. Суда танауы жабылады. Аяқтары қысқа, бесбармақты жарғақталған артқы аяқтары мыкты. Тырнактары ірі — жалпақ, артқы аяқтарының екінші бармағының тырнағы қақ айрылған (жүнін тарауға бейімделген). Жүні калың, жұмсақ, ашық-қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгереді.
Сипаттамалары мен бейімделулері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құндыздардың биіктігі 30 см-дей және ұзындығы 70 см-дей болады. Олардың ұзындығы 25 см болатын жалпақ, қалың құйрығы бар. Олар қауіп төнгенде басқаларына хабар беру үшін осы құйрығымен суды шалпылдатады. Құндыздың құйрығы жүзу барысында руль қызметін атқарса, артқы аяқтарына тік тұрғанда тіреу рөлін атқарады. Құндыздардың артқы аяқтарындағы саусақтарының арасы жарғақты, ал танаулары ашылып-жабылатын болады. Олардың осы бейімділіктері жартылай суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
Тістері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құндыздардың тістері мықты болып келеді. Олар өздерінің үстіңгі және астыңғы күрек тістерімен (қос жағындағы алдыңғы екі тісі) үлкен ағаштарды кеседі. Бұл төрт тісін қаптайтын арнайы эмальдың арқасында тістері тістеуге икемді, үшкір болады. Барлық басқа кеміргіштердікі секілді құндыздардың да тістері өмір бойы өсіп отырады. Сонымен қатар, құндыздар су астында да шайнай алады. Олардың алдыңғы тістерінің артында орналасқан арнайы жалпақ жабындылары болады, бұл жабынды суға сүңгігенде олардың аузын жауып, ауыздарына су кіруден қорғайды.
Қорегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көбіне құндыздар ағаш діңдерін, камбийді, ағаш діңінің астында өсетін жұмсақ талшықты және жапырақтарды қорек еткенді ұнатады. Әдетте олар талдың, үйеңкінің, қайыңның, көк теректің, үш қырлы теректің, теректің және қарағаштың діңдерін жегенді жақсы көреді. Сонымен қатар олар тамырларды, бүршіктерді және су өсімдіктерін де жейді. Америка құндыздары су лалагүлін жегенді өте ұнатады.
Құнайлары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құндыздар көктем кезінде үш-төрт жас құнайды дүниеге әкеледі. Құндыздардың балалары құнайлар деп аталады. Жаңадан туылған құндыз құнайларының көздері ашық, толығымен жүні болады және де туылғаннан соң 24 сағат ішінде жүзіп кете алады. Жас құнайлар екі жасқа жеткенше ата-аналарымен тұрады. Одан соң ғана олар жұптарын тауып, өз үйлерін жасауға кіріседі.
Үйшіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құндыздардың үйлері үйшік деп аталады. Бір үйшікте төрттен сегізге дейінгі мүшеден тұратын отбасы тұрады. Құндыздар үйшіктерін саз бен таяқтардан соғады. Олардың үйшіктері ішінде іні бар күмбезге ұқсайды. Олар үйшіктерінің есігіне дейін баратын су асты жолын салады. Үйшіктің бір үлкен орталық бөлігі болып, бірнеше кіретін есіктері болады. Үйшіктің едені су деңгейінен жоғары көтеріліп салынып, үйшіктің тесіктері таза ауаның кіруіне мүмкіндік жасайды. Құндыздар қыстың көп бөлігін сол үйшіктерінің ішінде өткізеді. Әдетте үйшікті қалың балшық қабаты қаптап жатады, бұл қабат үйшіктің жылуын сақтап, жауларынының бұзуынан қорғайды.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құндыздардың екі түрі белгілі, олар – еуропалық құндыздар және америкалық құндыздар. Жойылып кету шегіне дейін ауланған еуропалық құндыздар қазіргі таңда заңмен қорғалады. Олар Еуропаның көптеген аймақтарына және бұрынғы Кеңес тер Одағы мемлекеттері суларына қайта жерсіндірілген. Америкалық немесе кана далық құндыз Канадада, Америка Құрама Штаттарында және Мексиканың кейбір бөліктерінде кездеседі. Алып құндыз – құндыз дардың жойылып кеткен түрі. Бұл өте үлкен болғандығы соншалық – америкалық қара аюдың өлшеміндей болған. Ол шамамен 13 000 жыл бұрын голоцен кезеңінде жойылып кеткен.
Құйрығы жалаңаш күректәрізді (ұзындығы 30 см кеңдігі 10-13 см). 2 түр. Канадалық құндыздар (C. canadensis) Солтүстік Америкада (Аляскадан Солтүстік Мексикаға дейін); ТМД, Батыс Карелия, Солтүстік Ленинград облысы, Амур облысы Оңтүстік Сахалин және Камчаткаға жерсіндірілген. Өзен құндыздары (C. fiber) Еуразияның орманды далалық аймақтарда және далалық аймақтарда өзендер бойында таралған. 20 ғ. басында жойылуға такаған.[1]
Құндыздардың соғатын бөгеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құндыздар ағыстағы су жылдамдығын төмендетіп, өздерінің үйшіктерінің маңындағы аймақты ұлғайтып, суын тереңдету үшін бөгеттер соғады. Су деңгейінің жоғары болуы оларды кайоттар, қасқырлар және аюлар секілді жауларынан қорғайды. Уақыт өте келе қалқып келген заттар жиналып, бөгеттің жанында өсімдіктер өседі, бөгет бекем бола бастайды. Әдетте, бөгеттердің биіктігі 1,5 метрдей және де негізінің жалпақтығы 3 метрдей болады.
Экожүйеге әсері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адамдардан кейін құндыздар өмір сүру орталарын өзгертіп, жаңа экожүйе түзуге көмектеседі. Олар ағаштарды кесіп, бөгеттер соғып, каналдар қазып, үйшіктер салады. Ағыстарда бөгет салу арқылы таза су тоғанын түзуге көмектеседі. Бұл тоғандарға жаңа жануарлар мен өсімдіктер келіп, барлығы бірігіп жаңа экожүйе құрылады. Құндыз бөгеттері олардың жанындағы ормандарды да өзгертеді. Ормандарды құндыздарға қажет емес жас ағаштар мен бұтақтар қаптайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |