Құмқұрт
Көрініс
Құмқұрт (Arenicola) - көп қылтықты құрттар туысы.
Құмқұрт туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзындығы 30 см. Қою қоңыр не жасыл сұр. Құмқұрттың басы редукцияға ұшыраған, 11-40 бунақтарында қылтықтарынан басқа қызыл түсті желбезек шоқтары бар, денесінің соңғы бунақтары қылтықсыз. Сыртқа айналып ашылатын жұтқыншағы бетінде жұмсақ емізіктер болады.
Тіршілігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құмқұрт теңіз жағалауының лайлы-құмды жиегінен 30 см тереңдікке ін қазады. Құмқұрт құмды-лайды ішегі арқылы өткізіп, ондағы органикалық заттармен қоректенеді. Құмқұрт - треска, навага т.б. балықтардың жемі.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақ теңіз, Баренц теңізі, Қара теңіз, Байқал көлінде 4 түрі кездеседі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том