Құл-Шәриф мешіті
Құл Шәриф мешіті | |
Картада орналасуы | |
---|---|
|
Координаттар: 55°47′ с. е. 49°06′ ш. б. / 55.783° с. е. 49.100° ш. б. (G) (O) (Я)
Құл Шариф мешіті – Татарстандағы ең ірі мешіт. Мешіт 1996-2005 жылдар аралығында салынған. Жобаның авторлары – А.Г. Саттаров, И. Сайфуллин, С.П.Шакуров. [1]
Мешіт 1552 жылы Иван Грозный әскерімен Қазан қаласына шабуыл жасағанда қираған болатын. Қалақорғаған қолбасшы және соңғы имамы сеид Кул-Шарифтің құрметіне қойылған. 1996 жылы құрылыс жұмыстары басталды. Ол Қазандағы көп мұнаралы мешіт ретінде салынды.
Құрылыс жұмыстары 400 миллион рубльге бағаланды. Қаржыны жинауға қайырымдылық қорлар ұйымдастырылып, оған 40 мыңнан аса азаматтар мен мекемелер қатысты. Мешіттің ашылу салтанаты 2005 жылдың 24 маусымында, Қазанның 1000 жылдығына орай болды.
Негізгі төрт мұнараның биіктігі 58 м. Ешқандай көрсеткіштермен бекітілмесе де Европаның ең үлкен мешіті деп жарияланды. Мешіттің негізгі бөлмесінде қайырымдылық қорына ақша берген барлық адамдардың есімдері жазылған кітап бар. Сонымен қатар әлемнің әр тілінде жазылған, сыйлыққа берілетін Құран кітаптар бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|