Қызшөп
Қызшөп | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|
Қызшөп немесе Гониолимон (лат. Gonіolіmon) — қорғасыншөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Ақтөбе облысында, Мойынқұмда, Балқаш — Алакөл ойысында, Шу — Іле таулары мен Қаратаудың жусанды далалары мен сор, сортаң топырақты жерлерінде, жарқабақтарда, тастақты беткейлер мен ши арасында өседі. Қазақстанда 11 түрі бар. Олардың биіктігі 10 — 100 см-дей (ал, түзу бұтақты Қызшөптің биіктігі 5 см).
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тамыры жақсы дамыған, жан-жағына жайыла тарамдалып жатады. Сабағы қысқа. Жапырақтары сабағының түбіне дегелектене орналасқан. Өсімдік түріне қарай жапырақтары шырынды немесе қатты, тығыз келеді. Жіңішке гүлсидамының (гүл шығатын сабағы) буындарында кебу-қабыршақты майда жапырақтары орналасады.
Гүлдері өте ұсақ, гүл масақшасында 2-ден 6-ға дейін кездеседі. Олар қосжынысты, бір жақты жартылай ирек гүлді гүлшоғырын құрайды. Жеке гүлінде түтік тәрізді қызғылт күлгін, сары, жарғақты тостағанша жапырақша, 5 күлте (қызғылт, ақ, күлгін, сары түсті), 5 аталық, 5 жеміс жапырақшалы аналығы болады. Күлтелері тек түп жағынан біріккен, гүлдеген соң күлтесі ішке қарай иіліп, тостағанша үстін жауып тұрады. Бұл аналықтың жатынын құрғақ ауа мен зиянды жәндіктерден сақтайды.
Жемісінің сыртында тостағанша сақталып қалады. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, шілде — қазанда жеміс береді. Жемісі— жаңғақша, өсімдіктің гүлдері әдемі әрі құрғақшылыққа төзімді болғандықтан гүлзарларда сәндік үшін өсіреді, кепкен түрлерін гүлшоқтарына (букет) қосады.[1]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гониолимон туысында 25 түр өсімдіктер бар[2]:
- Goniolimon besserianum
- Goniolimon cabulicum
- Goniolimon callicomum
- Goniolimon caucasicum
- Goniolimon collinum
- Goniolimon cuspidatum
- Goniolimon dalmaticum
- Goniolimon dshungaricum
- Goniolimon elatum
- Goniolimon eximium
- Goniolimon glaberrimum
- Goniolimon graminifolium
- Goniolimon griffithianum
- Goniolimon heldreichii
- Goniolimon incanum
- Goniolimon italicum
- Goniolimon kaufmannianum
- Goniolimon orthocladum
- Goniolimon platypterum
- Goniolimon rubellum
- Goniolimon sartorii
- Goniolimon sewerzovii
- Goniolimon speciosum
- Goniolimon tataricum
Қазақстанда гониолимонның 11 түрі өседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
- ↑ Goniolimon — The Plant ListGoniolimon — The Plant List