Мазмұнға өту

Қоңыраугүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қоңыраугүл
Campanula persicifolia
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Campanulaceae
Кіші тұқымдасы: Campanuloideae
Тегі: Campanula
Карл Линней
Үлгілік түрі
Campanula latifolia
Карл Линней
түрлері

500 түрі белгілі

Қоңыраугүл , қоңыраубас (лат. Campanula) – қоңыраугүлдер тұқымдасына бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

ТМД елдерінде 150-дей түрі белгілі. Қазақстанда, көбінесе Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында, Тобыл, Есіл алқабында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында өсетін 10 түрі бар. Ара тісті жапырағы кезектесіп орналасқан.

Тостағанша жапырақшалары 5 тісті түтік пішінді, жатынымен бірігіп кеткен. Гүлінің күлте жапырақшалары 5 қалақты, қоңырау тәрізді, ақ, көк, ақшыл көк түсті. Гүлдері сыпыртқы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Жемісі 3 – 5 ұялы, қақырап ашылатын қорапша. Айрықша маңызы бар түрі – рапунцел тәрізді қоңыраугүл (campanula rapunculoіdes). Оның биіктігі 30 – 100 сантиметр. Сабағы тік өседі. Жапырағы жұмыртқа не қандауыр пішінді. Көк, күлгін түсті гүлі бір-бірден қысқа гүл сағағында орналасқан.

Шілде – тамызда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жапырағы мен тамыры жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді.[1]

Пайдаланған әдебиетттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы