Мазмұнға өту

Қоғамдық сфера

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қоғамдық сфера (нем. Öffentlichkeit, ағылш. public sphere) — жеке адамдар бірлесе отырып, қоғамдық мәселелерді еркін талқылап, анықтай алатын, ал мұндай пікірталастар саяси харекеттерге әсер ететін әлеуметтік өмір кеңістігі. Мұндағы "Қоғамдық" (public) дегеніміз жалпы мағынадағы адамдарға және адамдарды жалпы деп есептеуге қатысты. Қоғамдық сфера – барлығына ортақ платформа, онда идеялар мен ақпараттар алмасуға болады. Мұндай талқылау қоғамдық пікірталас деп аталады және онда қоғамды толғандыратын мәселелер бойынша өзара ерікті пікір білдіру жүреді, бірақ тұрақты, ресми болмайды, пікірталасқа қатысушылар да суырыпсалма, әраулан, қарама-қайшы, тіпті қарсы пікірлерді білдіре береді. Бұл түрдегі қоғамдық пікірталас негізінен БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары, mass media) арқылы, сондай-ақ жиналыстарда немесе әлеуметтік желілерде (social media), академиялық басылымдарда өтеді.[1] Бұл терминді алғаш неміс философы Юрген Хабермас енгізді, ол қоғамдық сфераны "қоғамдық (public) ретінде жиналған, қоғам қажетті мен мемлекет туралы пікір бөлісетін жеке адамдардан тұрады" деп анықтады.[2] Коммуникация маманы Жерард А.Хаузер оны "өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылайтын, мүмкіндігінше ортақ пікірге келуге тырысатын жеке адамдар мен топтардың біріккен пікірлесу кеңістігі" деген анықтама берді.3] Қоғамдық сфераны "қазіргі қоғамдардағы саясатқа қатысуды әңгімелесу арқылы жүзеге асыратын сахна",[4] "қоғамдық пікір (public opinion) қалыптастыруға болатын әлеуметтік өмір әлемі"[3] The public sphere can be seen as "a theater in modern societies in which political participation is enacted through the medium of talk"[4] and "a realm of social life in which public opinion can be formed".[5] деп те сипаттауға болады.

XVIII ғ-да қоғамдық сфера пайда болуының негіздерін сипаттай отырып, Хабермас қоғамдық әлем (public realm), немесе қоғамдық сфера алғашында "қоғамдық билікпен (public authority) бірге өріс ашу"[6] болғанын, ал "жеке сфера (private sphere) тар мағынада азаматтық қоғам, яғни тауар айырбасы әлемі мен қоғамдық еңбек әлемі" болғанын атап көрсетті.[7] Әдетте, "қоғамдық билік сферасы" мемлекетке, полицияға, үстем тапқа, әсіресе шіркеу, князь мен дворян секілді феодалдық билікке қатысты болды, ал саяси тұрғыдағы "шынайы 'қоғамдық сфера'" негізінен жеке әлемнің (private realm) ішінен шықты, нақтырақ айтқанда әдебиет, хат жазысу әлемінен пайда болды.[8] Бұл жаңа қоғамдық сфера қоғамдық және жеке әлемді қамтыды, әрі "қоғамдық пікірге жүктеліп, мемлекетті қоғам қажетсінулерімен байланыстырды."[9] "Бұл әлем мемлекеттен концептуалды тұрғыда ерекшеленді: ол бейне мемлекетті сынға алатын пікірлесуді (discursive) өндіру мен таратуға арналған алаң."[10] Қоғамдық сфера "ресми экономикадан да ерекшеленеді; ол нарықтық қатынастар аренасы емес, керісінше пікірлесу қатынастарының бір формасы; ол сатып алу-сату үшін емес, пікірталас пен сөйлесу сахнасы."[10] "Мемлекеттік аппараттар, экономикалық базарлар және демократиялық бірлестіктер... арасындағы айырмашылықтар демократиялық теориялар үшін маңызды."[10] Халықтың өзі қоғамдық сфераны мемлекеттік билікке салыстырмалы реттеуші институт ретінде таниды.[11] Қоғамдық сфераны зерттеудің өзегі демократиялық қатысу идеясына және қоғамдық пікірдің қалай саяси әрекетке айналуына шоғырланған.

Қоғамдық сфера теориясының идеологиясы үкіметтің заңдары мен саясатын қоғамдық сфера сапыруы керек және жалғыз легитимді үкіметтер ғана қоғамдық сфераны тыңдай алады.[12] "Демократиялық басқару азаматтардың зайырлы пікірталастарға қатысу қабылеті мен орайына негізделген».[13] Қоғамдық сфера туралы пікірталастардың көпшілігі қоғамдық сфераның негізгі теориялық құрылымы неден тұратынын, ақпарат қоғамдық сферада қалай талқыланатынын және қоғамдық сфераның өзі қоғамға қандай ықпал ететінін қамтиды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Overland Indra Public Brainpower: Civil Society and Natural Resource Management. — P. 1–22.
  2. Soules, Marshall Jürgen Habermas and the Public Sphere.
  3. Hauser, Gerard A. (1999). Vernacular Voices: The Rhetoric of Publics and Public Spheres. Columbia: University of South Carolina Press. p. 61; a similar formulation is found in: Hauser, Gerard A. (June 1998), "Vernacular Dialogue and the Rhetoricality of Public Opinion", Communication Monographs 65 (3): 83–107, doi:10.1080/03637759809376439, ISSN 0363-7751 , p. 86. See also: G. T. Goodnight (1982). "The Personal, Technical, and Public Spheres of Argument". Journal of the American Forensics Association. 18:214–227.
  4. Fraser, Nancy (1990), "Rethinking the Public Sphere: A Contribution to the Critique of Actually Existing Democracy", Social Text 25 (26): 56–80, doi:10.2307/466240, https://semanticscholar.org/paper/b3d083906255e6dbaa4c401027cfce6f24af393e  Also published in 1992 in Fraser, Nancy (1992), "Rethinking the Public Sphere: A Contribution to the Critique of Actually Existing Democracy", in Calhoun, Craig, Habermas and the Public Sphere, Cambridge Mass.: MIT press, pp. 109–142, ISBN 978-0-262-53114-6 
  5. Asen, Robert (1999). "Toward a Normative Conception of Difference in Public Deliberation". Argumentation and Advocacy 25 (Winter): 115–129. doi:10.1080/00028533.1999.11951626. ISSN 1051-1431. 
  6. Habermas, Jürgen (1989), The Structural Transformation of the Public Sphere: An Inquiry into a Category of Bourgeois Society, Cambridge Massachusetts: The MIT Press, p. 30, ISBN 978-0-262-58108-0  Translation from the original German, published 1962.
  7. Habermas 1989, p.30
  8. Habermas 1989, p. 30-31.
  9. Habermas 1989, p. 31.
  10. a b c Үлгі:Harvnb
  11. Habermas 1989, p.27
  12. Benhabib, Seyla (1992), "Models of Public Space", in Calhoun, Craig, Habermas and the Public Sphere, Cambridge Mass.: MIT press, pp. 73–98 [87], ISBN 978-0-262-53114-6 
  13. Үлгі:Harvnb