Қобан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қобан
орыс. Кубань
Қобан өзені, Краснодар
Қобан өзені, Краснодар
Сипаттамасы
Ұзындығы 870 км
Су алабының
ауданы
57 900 км²
Су шығыны 425 м³/с (Краснодар маңайында) м³/с
Су ағысы
Бастауы Улуккам мен Учкулан өзендері
 • Орналасқан жері Қарашай ауданы
 • Биіктігі 1342 м
 • Координаттары 43°27′40″ с. е. 42°05′46″ ш. б. / 43.46111° с. е. 42.09611° ш. б. / 43.46111; 42.09611 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Азов теңізі
 • Орналасқан жері Темірүк тауы
 • Биіктігі 0 м
 • Координаттары 45°20′21″ с. е. 37°24′11″ ш. б. / 45.33917° с. е. 37.40306° ш. б. / 45.33917; 37.40306 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°20′21″ с. е. 37°24′11″ ш. б. / 45.33917° с. е. 37.40306° ш. б. / 45.33917; 37.40306 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі Азов теңізі м/км
Орналасуы
Аймақ Қарашай-Шеркесия,

Ставрополь өлкесі,
Адыгея,
Краснодар өлкесі

Қобан (орыс. Кубань, қараш.-малқ. Къобан, кабард.-шерк. Псыжь, адыг. Псыжъ, абаз. -{Къвбина}-, ноғ. Кобан, көне грекше: ‛Ύπανις Гипанис, лат. Hypanis, Vardanes) – Солтүстік Кавказ маңайындағы, Ресей Федерациясының өзені.

A.
Қобан өзені

Ұлықам және Ұшқұлан өзендерінің қосылуынан құралады. Эльбрустағы Ұлықам мұздығынан басталып, Азов теңізінің Темрүк шығанағына құйылады.

Ұзындығы 870 км (Ұлықам саласынан 906 км), су жиналатын алабы 57900 км². Бастауынан Невинномыск дейін көбіне терең және тар шатқалмен ағады, арнасы шоңғалды, орта ағысында кең аңғармен өтеді. Лаба сағасынан төменде суы молайып, жайылмасының ені 20 км-ге (сағасы тұсында 3 – 4 км) жетеді. Невинномыск тұсында аттас каналға су жіберіп тұратын бөгет бар.