Қасым Әуезов
Көрініс
Қасым Әуезов (1897, қазіргі Қарақалпақстан, Шымбай ауданы, «Кеңес» с-зы — 13 қазан, 1938, Ташкент) — қарақалпақ ақыны, драматург, сыншы, қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кедей шаруа семьясында туған. Ауыл мектебінде және Мақтым ақын медресесінде бiлiм алған.
- 1920 жылдан ауылды советтендiру және жаңа қоғам орнату ісіне белсене қатысты.
- 1921 жылдан бастап Шымбайда мектеп оқытушысы, директоры, округтық оқу бөлімінің меңгерушісі, Қарақалпақ автономомиялық облысының халық ағарту халкомы,
- 1925 — 29 жылдары Қарақалпақстан ОАК-нің төрағасы
- 1929 — 30 жылдары Қазақстан ОАК-і төрағасының орынбасары, Қазақ АКСР ішкі істер халкомы.
- 1930 — 31 жылдары Қарақалпақстанның РКФСР ОАК-дегі тұрақты өкілі
- 1932 — 34 жылдары Қарақалпақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
- 1937 жылдары Қарақалпақ АКСР Халком Кеңесі жанындағы өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
- 1938 —Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тұңғыш қарақалпақ пьесасы — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған “Мақсат жолында” драмасын жазған.
- «Ульянов-Ленин»
- «Қайта сайлауда» т. б. өлеңдерi.
- “Шахта” поэмасы
- “Еңбек”
- “Көктем келді”
- “Намыс құлы”
- “Күн” т.б. шығармалары қарақалпақ әдебиетінің дамуына елеулі ықпал жасады.
- Пушкин, Мольер т.б. шығармаларын қарақалпақ тіліне аударды.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Санаттар:
- 1897 жылы туғандар
- 1938 жылы қайтыс болғандар
- 13 қазанда қайтыс болғандар
- Шымбай ауданында туғандар
- Ташкентте қайтыс болғандар
- Қарақалпақ ақындары
- Қарақалпақ драматургтері
- Қарақалпақстан қоғам қайраткерлері
- Қарақалпақстан білім министрлері
- Қазақстан ішкі істер министрлері
- Қарақалпақстан премьер-министрлері
- Сталиндік репрессия құрбандары
- Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары
- Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері