Қантамырлар және олардың түрлері
Қантамырлардың үш түрі бар: Күретамырлар, көктамырлар және қылтамырлар.
Қылтамырлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қылтамырлар (ағылш. Capillary) адам шашынан 50 есе жіңішке болады. Қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Қылтамыр жақтаулары 3 қабат:
- ішкісі, эндотелиальдық ортанғысы,
- базальдық,
- сыртқысы адвентициальдық.
Бұл қабаттар әртүрлі ағзалармен қан арасында және басқадай заттар алмасуын қамтамасыз етеді.
Қылтамырларда қан өте баяу ағады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, өзі көмірқышқыл газымен қанығып, Көктамыр қанына айналады. Қандағы корек заттар кылтамырлардың жақтауымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Қылтамырлардан қан көктамырларға жиналады.
Олардың кабырғалары өте жүқа болғандықтан, еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен қылтамырлар бірде кеңейіп, бірде тарайып отырады. Қылтамырларда қан қысымы күретамырларға қарағанда төмен болады.[1]
Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді.
Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады. Қан қылтамырының арнасы мүшелердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі (4,5 мкм-30 мкм) болады. Оның қабырғасы үш қабаттан: ішкі - эндотелийден, ортаңғы - негіздік жарғақта орналасқан перициттерден, сыртқы - адвентициальды жасушалардан тұрады.
Перициттер жиырылу арқьшы қылтамыр арнасының диаметрін реттеп отырады. ішкі эндотелий қабатын құрайтын эндотелиоциттер мен оның сыртындағы негіздік жарғақтың (базальды мембрананың) құрьшыс ерекшеліктеріне байланысты қылтамыр: сомалық қылтамыр, фенестерлі қылтамыр және қойнауша (синусоидты) қылтамыр болып үш түрге бөлінеді. Сомалық қылтамырда эндотелиоциттер бір-біріне тығыз жанасып, үзіліссіз түтас жатқан негіздік жарғақта орналасады. Фенестерлі (терезелі) қылтамырда эндотелиоциттердің цитоплазмасы жұқа рып, зат алмасуға бейімделген терезе тәрізді жүқарған құрылымдар түзеді. Синусоидты қылтамырда негіздік жарғақшада және эндотелиоциттер аралықтарында ірі молекулалар (макромолекулалар) өте алатын саңылаулар болады.
Қан қылтамыры — жануарлар организміндегі жасушалық және үлпалық деңгейдегі зат алмасуды іс жүзіне асырады. Қан капиллярлары негізінен артериолаларды венулалармен жалғастырады.
Лимфа қылтамырлары — тым жүқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа қылтамырларының арнасы (5 мкм - 100 мкм) мүшелердегі атқаратын қызметтеріне байланысты өзгеріп отырады. Олардың қабырғалары да жалаң қабат жалпақ келген эндотелиоциттерден тұрады. Бірақ, эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының арасында негіздік жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа қылтамырлары арнасы қан қылтамырларына қарағанда кең де, созылмалы болып келеді және оларды қоршаған ұлпа сүйығы мен қылтамырлар арасындағы зат алмасу процесі жеңіл жүреді.
Эндотелиоциттердің аралықтарында, лимфа қылтамырларының қуысына ірі молекулалы заттар, клеткалар мен олардың ірі бөліктері өтетін саңылаулы тесіктер болады. Эндотелиоциттердің цитоплазмасында, лимфа қылтамырлары жақтауларының жиырьшу арқьшы, олардың откізгіштігін реттеп отыратын актинді микрофиламенттер болады. Жануарлар ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы және олардағы зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты, лимфа қылтамырлары — тарілмекті және кеңілмекті торлар түзеді.
Күретамырлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күретамырлар (лат. arteria) - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларга тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі күретамырлары бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе күретамырлары ішінде көктамыр қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын - қолқа күретамыры (аорта) ішінде күретамырлар қаны. күретамырлар жақтауы 3 кабаттан тұрады: сыртқы қабаты - дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты - бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. күретамырлары жақтауы қалың әрі серпімді. Олардың сыртқы қабаты беріктік, серпімділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпімді талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшыкеттерден тұрады. Бұлшыкеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ірі артерия қантамырларымен ағатын қанның кысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпімді болуының маңызы өте зор. күретамырлары бұлшыкеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі күретамырлары - қолқа көктамыры (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын күретамырлары тармақтанып, жіңішке қылтамырларға айналады.
күретамырлары бойымен көбінесе артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен көктамыр қаны ағады.
Ерекше ескертетін жағдай - барлық күретамырларымен тек күретамырлары қаны, барлық көктамырлармен тек көктамыр қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.
Көктамырлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктамырлар (лат. vena) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. күретамырына ұксас көктамырлардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Күретамырға қарағанда көктамырлардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Көктамырлар бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Күретамырларға қарағанда көктамырларда қан козғалысы баяу.
Көктамырлар орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Көктамырлар канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын көктамыр қаны, алдымен ұсақ көктамырларға жиналады. Ұсақ көктамырлар өзара қосылып, ірі көктамырлар түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын көктамырлар жоғары және төменгі қуысты көктамырларға айналады. Бұл екі көктамырлар көктамыр қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Өкпеден келетін 4 өкпе көктамырлар сол жақ жүрекшеге күретамыр қанын тасиды.
көктамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Қантамырлардың түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күретамырлар | Көктамырлар | Қылтамырлар |
---|---|---|
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады | Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды | Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады |
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді | Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған | Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты |
3. Қан қысымы жоғары | Қан қысымы өте төмен | Қан қысымы шамалы |
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады | Теріге жақын да, тереңде де жатады | Дененің барлық мүшелеріне таралады |
5. Ең ірі күретамырлар: қолқа күретамыры және өкпе күретамыры | Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі көктамырлар - төменгі, жоғары куысты көктамырлар және 4 өкпе көктамыры | Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ күретамырлар мен ұсақ көктамырларды байланыстырады |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х