Қазақ мұңы (газет)
«Қазақ мұңы» – газет. Торғай облыстық депутаттар кеңесінің органы. 1918 жылы 16 сәуірде Орынборда шығарылды. Редакторы Нәзір Төреқұлов.
Газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 наурызда Орынборда жарық көрді. Осы тұста “Қазақ” газеті алашордашыл басылым деген айыппен жабылып, баспаханасы тәркіленді. Оның орнына “Қазақ мәселесі” мен “Известия” шығарылсын деген қаулы қабылданған. Газеттің бірінші нөмірінде Ә.Жангелдиннің кеңестердің облыстық съезін ашардағы сөзі толық берілді. “Қазақ мәселесі” большевиктер саясатын насихаттап, Алаш партиясына қарсы бағыт ұстанды. Облыстың еңбекші бұқарасына өкіметтің алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндірді. Көп ұзамай, азамат соғысының басталуына байланысты, Дутов ақгвардияшыларының билігі жүре бастаған кезде, газет шығуын тоқтатқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|