Қазақстанның көне қалалары тізімі
Көрініс
Байырғы қазақ қалалары | |||||
№ | Аты | Құрылған кезі | Географиялық орналасуы | Қосымша мәлімет | |
1 | Аққорған | XV-XVIII ғасырлар | Сайрамнан 110 км алшақ жерде орналасқан. | ||
2 | Аркөк | XV-XVI ғасырлар | Сырдария алқабы. | Сырдария алқабындағы оқиғаларға байланысты деректерде жиі аталатын ортағасырлық қала. | |
3 | Басқамыр Қиян (Хиям) |
VIII-XI ғасырлар | Жезқазған қаласынан 83 км жерде орналасқан. | Орталық Қазақстанды мекендеген оғыз-бесене тайпалары мәдениетінің айқын көрінісі. Зерттеулер мен заттай деректер Басқамыр қаласының VІІІ-ХІ ғасырларда болғанын дәлелдейді. Есқұла шоқысының биік төбесіндегі тас мұнара - Хан тұрғызған әскери бақылау орны деген болжам бар. | |
4 | Қойлық (Қаялық) |
IX-XIII ғасырлар | Шымкент облысы, Созақ ауданында орналасқан. | Іле алқабындағы ортағасырлық қала. Қарлұқ қағаны Арыслан ханның ордасы болған. | |
5 | Асанас (Аснас, Ашнас) |
1220 жылдан бері белгілі | Қызылорданың оңтүстігінде, Сырдарияның сол жағалауынан 25 км алшақ жердегі Іңкәрдария аңғарында орналасқан. | Сырдария алқабындағы жергілікті жартылай отырықшы оғыз тайпалары салған ортағасырлық қала. | |
6 | Атлах | VI-XII ғасырлар | Жазба деректерге қарағандаТалас алқабында болған. | ||
7 | Баласағұн | Қала XV ғасырға дейін өмір сүрген. | Шу алқабындағы ежелгі қала. | Әр кезде Батыс Түрік, Қарлұқ қағанаттарының, Қарахан, Қарақытай мемлекеттерінің астанасы болған. | |
8 | Баршынкент | Қызылорда облысы, Сырдария өзенінің оң жағында орналасқан. | |||
9 | Басқамыр | VIII-XI ғасырларда өмір сүрген қала. | Жезқазған қаласынан 83 км қашық жерде орналасқан. | ||
10 | Жанкент | X-XII ғасырларда оғыз билеушілерінің мекені болған қала. | Қазалыдан (Қызылорда облысы) оңтүстік-батысқа қарай 20 км жжерде орналасқан. | ||
11 | Женд (Жаңқала) |
IX-XVII ғасырларда өмір сүрген қала. | Қызылордадан оңтүстікке қарай 115 км жерде орналасқан. | ||
12 | Жікіл | ХІІ ғасырға дейін өмір сүрген ортағасырлық қала. | Талас алқабында, Тараз қаласынан 5 км алшақ жерде орналасқан. | ||
13 | Исфиджаб, Испенджаб (қазіргі Сайрам) |
Тарихи деректерде VII ғасырдан белгілі. ХІ ғасырда Сайрам атанған. | Шымкент қаласының шығысына қарай Талас Алатауының баурайында орта ғасырда өмір сүрген қала. | Сайрам қазақ хандығы тұсында (XV-XVIII ғ.) ірі сауда, қолнер және діни орталық болған. | |
14 | Қарнақ | ХІІІ-ХVIII ғ. | Түркістанның солтүстік батысынан 25 км женрде орналасқан. | Қалада ежелден мыс,шойын қорыту,қорғасын балқыту,оқдәрі жасау кәсібі дамыған.Түркістандағы атақты мыс қазан ХІV ғасырда осы Қарнақта құйылған. | |
15 | Қостөбе | І-VII ғ. | Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық қала. Арыс өзенінің сол жағалауында, Шәуілдір кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан. | ||
16 | Құйрықтөбе | VI-XIII ғ. | Шымкент облысы, Темір стансасынан 14 км жерде орналасқан. | ||
17 | Құлан | VII-XII ғ. | Жамбыл облысы, Луговое стансасына жақын орналасқан. | ||
18 | Құмкент | IX-XIV ғ. | Шымкент облысы, Шолаққорған кентінен 30 км жерде орналасқан. | ||
19 | Мерке | VII-XIII ғ. | Жамбыл облысындағы Мерке кенті қала жұртына орналасқан. | ||
20 | Наукент | VI-XII ғ. | Жетісудағы ортағасырлық қала. | ||
21 | Отырар | ортағасырлық қала | Сырдарияның орта алқабында, темир жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. | V-XV ғасырларда маңызды сауда, ғылым-білім орталығы болған. | |
22 | Сарайшық | ортағасырлық қала (ХІ-ХVI ғ.) | Атыраудан 40 км жерде, Жайық өзенінің оң жақ жағасында орналасқан. | XIII-XIV ғасырларда Ноғай ордасының, Қасым ханның тұсында қазақ хандығының астанасы болған. | |
23 | Сауран | ортағасырлық қала (XIII-XIV ғ.) | Түркістанның солтүстік-батысына қарай 30 км жерде орналасқан. | ||
24 | Созақ | ортағасырлық қала (VІ-ХІХ ғ.) | Шымкент облысындағы Созақ кенті қала жұртына орналасқан. | ||
25 | Суяб | ерте ортағасырлық қала (V-VІ ғ.) | Шу бойында | Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болған. | |
26 | Сүткент | ортағасырлық қала (VІ-ХV ғ.) | Сырдарияның сол жақ жағалауындағы Қаракөл сайында орналасқан. | ||
27 | Сығанақ (Сунақ) |
ортағасырлық қала (VІ-ХVІІІ ғ.) | Сырдария бойында, Төменарық темір жол стансасынан 10 км жерде орналасқан. | ||
28 | Талғар (Тальхиз) |
Жетісудағы ортағасырлық қала (ХІ-ХІV ғ.) | Алматының шығысында 25 км жерде, Талғарөзенінің оң жақ жағалайында орналасқан. |
|