Мазмұнға өту

Қазақстандағы әйелдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстандағы әйелдерҚазақстанда тұратын немесе осы елден шыққан әйелдер. Олардың қоғамдағы жағдайына әр түрлі факторлар әсер етті және қазіргі уақытта әсер етуде, солардың ішінде жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, кеңестік биліктің онжылдықтары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жедел әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тұрақсыздық, сондай-ақ жаңа қалыптасып жатқан батыс құндылықтары факторлары кіреді.

Тарихи контекст

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кеңес Одағы құрамындағы 70 жылдан астам уақыттан кейін Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздікке ие болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңде, әсіресе 1990-шы жылдары қатты құлдырау мен тұрақсыздықты бастан кешірді: 1995 жылға қарай елдің нақты ЖІӨ-сі 1990 жылғы деңгейден 61,4%-ға дейін төмендеді, бұл жағдай ақыл көшіне алып келді[1][2]. Экономикалық депрессияның бұл жағдайы қоғамдағы әйелдерге деген дәстүршілдік көзқарастардың қалыптасу үйлесімімен әйелдерге теріс әсер етті. Дегенмен, 1990 жылдары әйелдерге қатысты, елдің 1998 жылы Кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылуындай кейбір оң салдарлар жасалынды[3]. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Кеңестік Одақтан жеткілікті дамыған білім беру жүйесін мұраға алды, бірақ өтпелі кезеңде, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көп ұзамай білім беру секторы елеулі шығынға ұшырады, үнемі қаржыландырылмады және мектептердің жабылуы, әсіресе ауылдық жерлерде әдеттегі құбылысқа айналды[4]. Алайда, бүгінгі күні Қазақстандағы әйелдердің сауаттылық деңгейі ерлердікіндей әлемдегі ең жоғары көрсеткішке, 99,8%-ға ие (2015 жылғы жағдай бойынша)[5].

2000 жылы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы" ратификацияланды, онда демографиялық мәселелер ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен бір деңгейге қойылды. Бұл "Қазақстан-2050 стратегиясы" ұзақ мерзімді саяси моделіне сәйкес халық санының өсуі мен әйелдер құқықтарының мәселелерін шешуге мүмкіндік берді[6].

Ұрпақ жаңғырту денсаулығы мен ұрықтылық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда ана өлімінің деңгейі 100 000 тірі туғанға шаққанда 12 өлімді құрайды (2015 жылғы статистика бойынша)[5]. Бала туу коэффициенті әйел адамға шаққанда 2,31 баланы құрайды (2015 жылғы статистика бойынша)[5], бұл коэффициент бұрынғы жылдарға қарағанда біршама өскен[5].

Күшпен неке қию мен қыз алып қашу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күшпен неке қию және қыз алып қашу - Қазақстандағы әйелдер мен қыздар тап болатын негізгі мәселелер, бірақ олардың нақты таралуы белгісіз[7][8]. Қазақстандағы қыз алып қашу келісіммен алып қашу мен келісімсіз алып қашуға бөлінеді[9]. Кейбір алып қашқан ерлер қалыңмал төлеуден құтылу мақсатымен ынталанады[10].

Қазақстандағы адамдардың секс-саудасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы секс-саудасының құрбандары қазақстандық және шетелдік әйелдер мен қыздар болды. Олардың үстінен бүкіл ел бойынша жезөкшелер үйлерінде, кәсіпорындарда, қонақ үйлерде және басқа да орындарда зорлық-зомбылық жасалынады және физикалық, психологиялық зиян келтіріледі[11][12][13][14].

Әйелдер құқығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үкімет БҰҰ-ға Қазақстандағы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы жоспарын ұсынды[15]. 2009 жылы Қазақстанда "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" заң қабылданды. Заң әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін болдырмау бойынша кешенді шараларды қарастырады[16].

Халықаралық әйелдер күні Қазақстандағы ресми мемлекеттік мерекелердің бірі[17].

"Орталық Азия жастары. Қазақстан" Фридрих Эберт қоры мен қоғамдық пікір ғылыми-зерттеу институты дайындаған баяндама сәйкес, ел жастарының 84,8%-ы Қазақстандағы әйелдер жеткілікті құқыққа ие деп санайды[18].

Save the Children коммерциялық емес ұйымы өткізген 2016 жылғы есепте Қазақстан гендерлік теңдік бойынша 144 елдің ішінде 30-шы орынға ие болды. Рейтингте Қазақстан АҚШ пен Жапония сияқты елдерден озып шықты[19]. Қазақстан 2017 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік индексінде 144 елдің ішінде 51-ші орынға ие болды[20].

Әйелдер үкіметте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әйелдер соңғы уақытта көбінесе жоғары саяси және үкіметтік лауазымдарға ие болуда[21]. 2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанда ерлер мен әйелдердің Мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін көздейтін "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" заң қабылданды[22]. 154-орынды ҚР Парламентінде 28 әйел бар және әйелдер Парламенттің төменгі палатасының 25,2 пайызын құрайды[23]. 2017 жылдың наурыз айында Парламенттің төменгі палатасындағы әйелдердің үлесі 27%-ды құрады, бұл он жыл бұрынғы жағдайдан 10%-ға жоғары[24].

Қазақстан президенттігіне кандидат-бірінші әйел Дания Еспаева 2019 жылғы президенттік сайлауға қатысты. Еспаева Ақ Жол демократиялық партиясынан жеті кандидат қатарынан ұсынылды[25].

Әйелдер Құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құқық қорғау және әскери мансап елде әйелдер үшін дәстүрлі емес салалар болып саналады. Қазақстанда полиция қызметкерлерінің шамамен 6-12%-ын әйелдер құрайды[26][27]. 1999 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі арнайы бөлімше құрылды, бірақ шектеулі дайындық пен ресурстарға байланысты бұл бағдарлама болжаулар мен жергілікті сұранысқа сәйкес келмеді. Соңғы уақытта Флорида мемлекеттік университеті Қазақстан ішкі істер министрлігімен және Алматы қалалық полиция басқармасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша кадрларды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуде ынтымақтасуда[28]. АҚШ мемлекеттік департаменті қаржыландыратын бұл бағдарлама отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі американдық сарапшыларды, гендерлік проблемаларды зерттеушілерді және Қазақстандағы жергілікті ҮЕҰ-ның сарапшыларын отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері бойынша полицияның дайындығын жақсарту үшін біріктірді.

Қазақстан әскерінде шамамен 8-8,5 мың әйел қызмет етуде[29]. Осы әйелдердің 750-і - офицерлер[30]. ҚР қорғаныс министрлігі білім беру бағдарламалары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері арқылы әйелдерді әскерде жоғары жылжыту бойынша жұмыс атқаруда. Қорғаныс министрлігінің басшылық лауазымдарының 2,1 пайызын ғана әйелдер құрауда[31]. Қорғаныс министрлігі жыл сайын әйелдердің жауынгерлік дағдыларын, дайындығын және физикалық қабілеттерін паш ететін жалпыұлттық "Батыр арулар" жарысын өткізуді. "Батыр арулар" жарысы әйелдерді үздік қызмет көрсеткені үшін марапаттайды[32].

Әйелдер кәсіпкерлікте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда өндірістік фирмалардың 28%-ы әйелдерге тиесілі[33]. Қазақстанда кәсіпкерлікпен 1,44 миллион әйел айналысады[34]. Елдің шағын және орта кәсіпорындарының 44%-ын қазіргі уақытта әйелдер басқарады[24].

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Қазақстандағы тұңғыш әйелдердің үкіметтік емес ұйымы әйелдер құқығы мен кәсіпкерліктегі әйелдерге арналған саммиттерді тұрақты түрде өткізіп тұрады. 2015 жылдың қараша айында Астанада IV Еуразиялық әйелдер саммиті өтті[35]. IV Еуразиялық әйелдер саммиті барысында ЕҚҚДБ "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарлама шеңберінде ЕҚҚДБ әйелдер басқаратын ШОБ-терге көп миллиондық несие бөледі және оларға қаржылық және іскерлік кеңестерге қол жеткізуге көмектеседі[36]. ЕҚҚДБ 2016 жылдың қыркүйегінде осы бағдарлама аясында бірінші несие желісіне қол қойып, Банк "ЦентрКредит"-ке әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындарға несие беру үшін 3,72 млрд теңге (шамамен 20 млн АҚШ доллары) бөлді[37].

2019 жылғы жағдай бойынша ЕҚҚДБ әріптес-қаржы институттарымен бірлесіп Қазақстандағы әйелдер басқаратын кәсіпорындарға 28,9 млрд теңге (76 млн АҚШ доллары) сомасында 21 281 қосалқы несие берді. ЕҚҚДБ сондай-ақ Қазақстанның 14 өңірінен келген 350 кәсіпкер әйелге арналған, олардың тиімді бизнес құралдарына қол жеткізуін жақсарту және бизнесті жүргізу әдістерін жаңғырту мақсатындағы "Микробизнестегі әйелдер" бағдарламасын іске асыруда[38].

2015 жылғы Астана экономикалық форумы сессияларының бірі қазақстандық іскер әйелдер қауымдастығы (ҚІӘҚ) ұйымдастырған халықаралық әйелдер форумына арналды. Сессия арнайы Орталық Азия мен Ауғанстандағы гендерлік теңдіктің экономикалық пайдаларына арналды[39].

2016 жылдың 19 қарашасында Қазақстан әйелдер кәсіпкерлігінің (ӘКК) алғашқы күнін өткізді. ӘКК - бұл 2014 жылы Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде іске қосылған әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаһандық бастамасы[40].

Азия даму банкі Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда. Банк берген кредиттердің үштен бірі әйелдерге бағытталды және 51,9 млрд теңге (155 млн АҚШ доллары) сомасына 750 жоба қаржыландырылды[41].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Economy of Kazakhstan :: Kazakhstan's economic development.
  2. http://www.europarl.europa.eu/RegData/etudes/briefing_note/join/2013/522303/EXPO-INTA_SP(2013)522303_EN.pdf
  3. United Nations Treaty Collection.
  4. UNESCO Office in Bangkok: Sector Wide Challenges.
  5. a b c d The World Factbook — Central Intelligence Agency.
  6. The Analysis of Women’s Marital Rights in Kazakhstan: Challenges of Gender Equality..
  7. The Rise of Non-Consensual Bride Kidnapping in Kazakhstan: Developing a Culturally-Informed and Gender-Sensitive Response (2013).
  8. Bride Abductions in Kazakhstan and Human Trafficking Discourse: Tradition vs Moral Acuity (March 5, 2018).
  9. Cynthia Werner, "The Rise of Nonconsensual Bride Kidnapping in Post-Soviet Kazakhstan", in The Transformation of Central Asia: States and Societies from Soviet Rule to Independence (Cornell University Press, 2004: Pauline Jones Luong, ed.), p. 70.
  10. Werner, pp. 71–72.
  11. 2019 Trafficking in Persons Report: Kazakhstan (2019).
  12. Central Asian women targetted by sex traffickers (April 10, 2012).
  13. Kazakhstan: A New Destination For Trafficked Women (March 15, 2006).
  14. The Rise of Non-Consensual Bride Kidnapping in Kazakhstan: Developing a Culturally-Informed and Gender-Sensitive Response (2013).
  15. WOMEN’S ANTI-DISCRIMINATION COMMITTEE TAKES UP REPORT OF KAZAKHSTAN. United Nations.
  16. Statement of Ambassador at Large of Kazakhstan at the 54th Session of the Commission on the Status of Women.
  17. Official Holidays.
  18. Survey shows Kazakh youth are pleased with their country and future.
  19. Kazakhstan Ranks 30th among 144 Nations on Gender Equality.
  20. Kazakhstan Makes Strides in Gender Equality.
  21. Kazakh Government Commits to Gender Quotas, Mandatory 30 Percent Women in Politics, The Astana Times.
  22. Statement of Ambassador at Large of Kazakhstan at the 54th Session of the Commission on the Status of Women.
  23. Steppe Sisters: Kazakhstan’s Rising Women Politicians. EdgeKZ.
  24. a b Women’s contributions give Kazakhstan reason to celebrate.
  25. Kazakhstan’s first female presidential candidate sees mass entrepreneurship as vehicle to improve lives.
  26. Gender Equality Statistics for the Republic of Kazakhstan.
  27. Gender and Security Toolkit: Policing and Gender — DCAF, OSCE/ODIHR, UN Women, 2019. — ISBN 92-9222-474-3.
  28. Gender and Security Toolkit: Policing and Gender — DCAF, OSCE/ODIHR, UN Women, 2019. — ISBN 92-9222-474-3.
  29. 8,000 women serve in the Kazakh army.
  30. Kazakh army women balance gender and responsibilities.
  31. Gender Equality Statistics for the Republic of Kazakhstan.
  32. Batyr Arular competition announces best servicewomen of 2016.
  33. Enterprise Surveys - Kazakhstan. World Bank.
  34. Women Run About 700,000 Kazakh Enterprises.
  35. Astana hosts IV Eurasian Women Summit.
  36. EBRD launches Women in Business programme for Kazakhstan at Eurasian Women's Summit in Astana.
  37. EBRD launches Women in Business programme for Kazakhstan at Eurasian Women's Summit in Astana.
  38. EBRD finance for Women in Business programme reaches $561 million.
  39. Forum Empowers ‘Soft Power’ of Female Entrepreneurs.
  40. Kazakhstan Joins Movement to Empower, Celebrate and Support Women in Business.
  41. Government, financial institutions increase support for women entrepreneurs.