Мазмұнға өту

Қазатомөнеркәсіп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Түрі

қоғамдық компания

Биржадағы листингі

KASE: KZAP
LSE: KAP


AIX: KAP

Құрылды

1997

Орналасуы

 Қазақстан, Астана, Сығанақ көшесі 17/12

Басты адамдары

Юсупов Мейіржан Бақытұлы (басқарма төрағасы)

Саласы

атом энергиясы

Өнімі

уран, бериллий, тантал, ниобий және сирек кездесетін металдар

Айналым

1 001,1 млрд (2022 жыл) [1]

Таза табыс

472,9 млрд (2022) [1]

Қызметкерлер саны

16,5 мың (2023)[2]

Басшы компания

«Самұрық-Қазына» АҚ (63%), ҚР Қаржы министрлігі (12%)[3]

Аудитор

PricewaterhouseCoopers

Сайты

www.kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — әлемдегі ең ірі уран компаниясы,[4] уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, екі рет қолданылуға арналған технологиялар мен материалдарды барлаумен, өндірумен, қайта өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы. Толық атауы — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы.

Бүгін, ұлттық атом компаниясының активтеріне ақырғы өнімді шығару тізбегіндегі (геологиялық барлаудан, уранды өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап - ғылымға, әлеуметтік қамтуға және мамандар дайындауға дейін) іске қосылған кәсіпорындар кешені кіреді.

Қазатомөнеркәсіп — атом өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы және уран өндіру саласындағы әлемдегі жетекші өндіруші.[5] Компанияның жалғыз акционері мемлекет атынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан.

1997 жылдың 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті жарлығы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды. Холдинг құрамына «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы, үш кен басқармалары (Степное, Центральное, Шестое) және Үлбі металлургия зауыты кірді.

2003 жылы Қазақстан Үкіметі Қазатомөнеркәсіпке Маңғыстау облысындағы электр қуатын үнемдейтін жалғыз көзі болып табылатын ірі көп бейінді энергетикалық өнеркәсіпті — Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын дағдарыстан шығаруға сенім білдірді.[6]

2009 жылдан бастап Қазақстан ең ірі уран өндіретін мемлекет болып табылады, сонымен қатар табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы. Қазақстандық уран концентраты 40%-дан астам бейбіт атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз етеді және әлемдегі АЭС-ы бар барлық мемлекеттерге жеткізіледі.

2015 жылы компанияда Трансформация бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның басты мақсаты — компания қызметінің тиімділігін 3 есе арттыру.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өнімдері және қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • геологиялық барлау
  • табиғи уранды және U3O8 уранның тотық-шала тотығын өндіру
  • уран гексафторидін (өндірістік қуаттарға қолжетімділік) конверсиялау және өндіру
  • уран өнімдерін реконверсиялау
  • БУӨ байыту және өндіру (ОЭХК-мен бірігіп)
  • ядролық отынның компоненттерін фабрикациялау және өндіру
  • сирек кездесетін және сирекжерлік металлдарды (Ta, Be, Nb) өндіру

Уран өндіру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Уранды өндіру және қайта өңдеу — компанияның негізгі қызмет бағыты болып табылады.[7] «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындар тобының құрамына 22 әрекеттегі кеніштер кіреді. Табиғи уранның өндірісі экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүргізіледі.

Жерасты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уранды жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. ЖҰШ-ты өндірістің дәстүрлі әдістермен (шахталық және карьерлік) салыстырғанда, құрамында ураны бар жыныстар жер астында қалады.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны кен орындарын игерудің экологиялық ең таза және ең қауіпсіз, сонымен қатар топырақ құнарлығын қалпына келтіруге елеулі қаржыны талап етпейтін әдіс ретінде мойындаған.

ЖҰШ кәсіпорындарында жалпы өзіндік құны уранды дәстүрлі таулы әдісімен (шахта және карьер) өндіретін кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен.

Табиғи уранды қайта өңдеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазатомөнеркәсіпте қазақстандық кен орындарының уранды химиялық концентраттарды қайта өңдеудің заманауи әдісін жетілдіріп, оны қолданысқа енгізді.

Компания, уранның кәдуілгі техникалық тотығы-шала тотығын өндіруден кейін қайта өңдеу кезінде конверсиялық зауыттарда фторлау үшін арналған қосымша дайындықты талап ететін, сонымен қатар конвертерлік зауытта тікелей фторлауға жарамды уранның тотығы-шала тотығын шығарады.

Еншілес және тәуелді компаниялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы 2024 жылғы қаңтар айындағы ақпарат бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:[8]

Компания Ұлттық компания үлесі Өзге үлескерлер Үлесі
«РУ-6» ЖШС 100%
«Kazatomprom-SaUran» ЖШС 100%
«АППАҚ» ЖШС 65% Жапония Sumitomo Corporation

Жапония Kansai Electric Power

25%

10%

«Инкай» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС 60% Канада Cameco Corporation 40%
«ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны» ЖШС 51% Қытай CGNM UK Limited 49%
«Буденовское» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС 51% Қазақстан «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС 49%
«Семізбай-U» ЖШС 51% Қытай Beijing Sino – Kaz Uranium Resources Investment Company Limited 49%
«Қаратау» ЖШС 50% Ресей Uranium One Group 50%
«Ақбастау» Бірлескен кәсіпорын» АҚ 50% Ресей Uranium One Group 50%
«Хорасан-U» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС 50% Британдық Вирджин аралдары Energy Asia (BVI) Limited

Ресей Uranium One Group

30%

20%

«Қызылқұм» ЖШС 50% Ресей Uranium One Group

Жапония Energy Asia Holdings Ltd

30%

20%

«Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз шетел инвестицияларымен бірлескен кәсіпорын» АҚ 49,98% Ресей Uranium One Group

Қырғызстан Қарабалта тау-кен комбинаты

49,98%

0,04%

Қазақстандық-француздық «КАТКО» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС 49% Франция Orano Mining 51%
«Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС 30% Ресей Uranium One Group 70%
Ядролық-отын циклі және металлургия
Компания Ұлттық компания үлесі Өзге үлескерлер Үлесі
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 94,32%
Украина «УкрТВС» ЖАҚ 33,33% Украина «Вайс Трейд» ЖШҚ

Ресей «ТВЭЛ» АҚ

33,33%

33,33%

Ресей «Халықаралық уран байыту орталығы» АҚ 10% Ресей «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы
Украина «Ядролық отын» Мемлекеттік концерні
Армения «Армян атом электр станциясы» ЖАҚ
70%

10% 10%

Компания Ұлттық компания үлесі Өзге үлескерлер Үлесі
«Волковгеология» АҚ 97,45%
«Qorģan-Security» ЖШС 100%
«Жоғары технологиялар институты» ЖШС 100%
«KAP Technology» ЖШС 100%
«KAP Logistics» ЖШС 94,23% «Kazatomprom-SaUran» ЖШС

«РУ-6» ЖШС «Қаратау» ЖШС

5,3987%

0,5030% 0,0001%

«СКЗ-U» ЖШС 49% Жапония Sap-Japan Corporation

Нидерланд UrAsia London Limited

32%

19%

«Уранэнерго» ЖШС 47,86%
Швейцария TH Kazakatom AG 100%
Ұлыбритания Energy Asia (BVI) Limited 50%
«КАТЭП» басшылары
  • 1993—1997 — Виктор Язиков
«Қазатомөнеркәсіп» басшылары
  • 1996—1998 — Бағдат Шаяхметов
  • 1998 — Қадыp Байкенов
  • 1998—2001 — Мұхтар Жәкішев
  • 2001—2002 — Асқар Қасабеков
  • 2002—2009 — Мұхтар Жәкішев
  • 2009—2014 — Владимир Школьник
  • 2014—2015 — Нұрлан Қаппаров
  • 2015—2017 — Асқар Жұмағалиев
  • 2017 — 2021 — Ғалымжан Пірматов
  • 2021 — 2022 — Мәжит Шәріпов
  • 2022 — 2023 — Ержан Мұқанов
  • 2023 жылдан бастап — Мейіржан Юсупов

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]