Ятрофа
Ятрофа | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
170 түрі белгілі |
Ятрофа (лат. Jatropha) – 150 жуық түрі бар, сүттіген тұқымдасына жатады. Америка мен Африканың тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаш, бұта және көпжылдық шөптесін түрінде болады. Бәрінің құрамындағы сүтті шырыны улы болып келеді.
Шыққан жері - Орталық Америка. Суккулентке жатады. Бұл гүлдің пішіні бөтелке тәрізді, діңінің төменгі жағы жуан, биіктеген сайын жіңішкере түседі. Негізінен бұл өсімдік тастақ шөлдерде өсетіндіктен, бойына суды жинау үшін пішіні осылай қалыптасқан. Биіктігі 50-70 см. аралығында. Жылда маусым-шілде айларында гүлдейді. Кейде жапырақтарынан бұрын гүл сабағы пайда болады.
Жарығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]жарық сүйгіш. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.
Жылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]жазда 20 250С, қыста 10 150С температурада өсіреді.
Суғарылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]жазда топырағының беткі қабатын құрғатып барып суғарады. Қыста жапырақтары түсіп, жаңа өркен шығарғанға дейін суғармайды.
Ылғалдылығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді, дегенмен де жапырақтарын тазарту мақсатында су бүркіп жуып немесе дымқыл матамен шаңын сүртуге болады. Ескертетін жай, су бүркігенде діңіне су тигізбеу керек. Ол үшін қағазбен діңін орап қойған дұрыс.
Қоректендірілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]көктем, жаз мезгілдерінде ятрофаны кірпігүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіру керек.
Аурулары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ауруға сирек шалдығады. Кене және трипс зиянкестері ауру түсіреді. Мөлшерден артық суғаруға болмайды. Өз бойында ылғалды ұстап тұру мүмкіндігі бар өсімдік болғандықтан, артық құйылған судан тамыры мен діңі тез шіріп кетеді.
Көбейтілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]қалемшелеп көбейтеді. Тұқым арқылы көбейтуге болады. Бірақ бұл әдіс қиындау.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Пайдаланылған әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727