Мазмұнға өту

Янка Брыль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Янка Брыль (Иван Антонович) (04.08.1917 ж.т. Одесса) - беларус совет жазушысы. Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусьдан партизиан күресіне қатысты. Шығармалары 1938 жылдан бастап жарияланды. Бірнеше роман, повесть, әңгімелердің авторы. 1952 жылы КСРО Мемлкеттік сыйлығын алды. "Заболотьеде таң атып келеді" повесі (1950) ұжымдастыру, ауылдағы тап күресі тақырыбына арналған. Янка шығармаларында совет жастарының өмірі, еңбегі мен күресі, жан дүниесінің байлығы бейнеленеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том