Элита
Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әскери бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді.
Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон,Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат.
Элита теориясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Элита теориясы - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Эрих Фромм, Г.Лассуэлл) әрбір адамның психологиялық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық теорияларда (Дж.Бернхэм, Дж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.
Элитология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Элитология - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң және logos - ілім] - саясаттану ғылымы саласында элитаның пайда болуын, шығу тегін, қалыптасуын, өсуін, дамуын, билікке келуін, қоғамға ықпалын, жойылуын зерттейтін ғылым саласы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|