Эквилибристика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эквилибристика (лат. aequіlіbrіs – тепе-теңдікте болу) – цирк жанры. Эквилибристика – орындаушының қандай да бір қолайсыз жағдайда (мысалы, керілген арқан немесе шар үстінде, т.б.) болмысын өз дене салмағын тепе-тең ұстай білуіне негізделген акробатикалық ойын-сауықтың бір түрі. Ертеден белгілі, дегенмен ол 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап кең өріс алды. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстанда кәсіби цирк өнерінің өріс алуымен байланысты Эквилибристикамен айналысушылар да бой көрсетті.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8