Мазмұнға өту

Ырғыз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ырғыз өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 593 км
Су алабының
ауданы
31 600 км²
Су ағысы
Бастауы Мұғалжар тауы
 • Координаттары 50°35′ с. е. 59°55′ ш. б. / 50.583° с. е. 59.917° ш. б. / 50.583; 59.917 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Торғай өзені
 • Координаттары 48°15′ с. е. 62°01′ ш. б. / 48.250° с. е. 62.017° ш. б. / 48.250; 62.017 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°15′ с. е. 62°01′ ш. б. / 48.250° с. е. 62.017° ш. б. / 48.250; 62.017 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ақтөбе облысы, Әйтеке би, Ырғыз аудандары

ЫрғызТорғай алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 593 км, су жиналатын алабы 31600 км2. Ақтөбе облысының шығысында орналасқан ол Қостанай, Қарағанды облысымен шекаралас.[1]

Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Торғай өзеніне қосылып, Шалқартеңіз көліне құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

136 кішігірім саласы бар.[2]

Басты салалары: Бақсайыс, Үймола, Қарабұтақ, Шетырғыз. Аңғары жоғарғы ағысында 0,4 - 0,6 км-ден сағасына қарай 1,5 - 1 км-ге кеңейіп, Торғай өзенінің анғарымен тұтасып кетеді. Жайылымы 200 м-ден 2 км-ге дейін өзгереді, сағасына жақын айкын байқалмайды. Арнасы жоғарғы ағысында 20 - 50 м-ден, ортаңғы ағысында 120-160 м-ге дейін жетеді. Ағынының 90%-ы көктемгі су тасу кезінде қалыптасады, жазда төменгі ағысында қарасуларға бөлініп қалады. Суының минералдылығы тасу кезінде 50-100 мг/л-ден сабалық кезеңде 2000 - 3000 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Шеңбертал ауылы тұсында 6,70 м3/с. Өзен бойынан жалпы сыйымдылығы1,32 млн. м3 болатын 4 тоған салынған.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ақтөбе: Энциклопедия - Ақтөбе.<Отандастар - Полиграфия>ЖШС, 2001. - 748 БЕТ
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  3. Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5