Ылғалдандыру
Ылғалдандыру - 1) аумақтың ылғалдандырылуы — белгілі бір өңірге жауатын жауын-шашынның мөлшері мен булануы арасындағы арақатынас (кейде жауын-шашын мөлшерінің булануы соған байланысты болатын ауаның температурасына қатынасы). Артық ылғалданатын, орнықсыз және жеткіліксіз ылғалданатын аумақтар сараланады; 2) топырақтың ылғалдандырылуы — топырақтағы ылғал қорының табиғи не жасанды түрде арттырылуы не толықтырылуы. Басы артық ылғалдану — организмдер мен субстраттар үшін оңтайлы ауа ылғалдығынан артық шамада су келуі (табиғи не жасанды). Әдетте, өңірдің батпақтануына апарып соғады. Жеткіліксіз ылғалдану — судың организмдер мен субстраттар үшін оңтайлы ауа ылғалдығын қамтамасыз ететін мөлшерден кем түсуі. Орнықсыз ылғалдану — ылғалдың маусымдар бойынша әркелкі болуы, біршама ылғалды кезеңдермен құрғақшылықтардың кезектесуі; 3) суармалы егістік жерлерде күз, қыс айларында ылғал жинау үшін жүргізілетін суару жүмысы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |