Мазмұнға өту

Щи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Щи — әзірлеуге қажетті негізгі өнімдер аққауданды капуста немесе саумалдық және қымыздық. Щиді жас қалақайдай немесе қалақай қосылған қымыздықтан да әзірлеуге болады. Щи ет, көкөніс, балық, саңырауқұлақ сорпасынан әзірленеді.

Жас щи (аққауданды капустадан). Алдымен етті 1 1/2-2 сағат қайнатып, содан кейін сорпасын кастрюльге сүзіл құнды да, оған аздап қуырылған пияз, сәл кейінірек ет, туралған капуста, тұз салады. Сосын 30-40 минут қайнатады. Бұрыш пен лавр жапырағын щи пісуге 5—10 минут қалғанда салған дұрыс. Аздап қуырылған ұн қосуға да болады. Щиге картоп пен жас помидор (3—4 түйір) салса да артықтығы жоқ. Қабығы аршылып, туралған картоп кастрюльге капустадан соң 10—15 минуттай кейін, ал туралған помидор тағам піскен соң, тұздық құяр кезде салынады. 500 г етке 2—3 л су, 500 г жас капуста, бір түйірлен тамыр, 1 пияз, 2 ас қасық сары май керек. Тұз татымына қарай салынады.

Қышқыл щи (тұздалған капустадан). Ет асу керек. Тұздалған (ашыған) капустаға (егер капуста тым қышқыл болса, алдын ала сығу қажет), стаканның 1 / 2 бөлігіндей су, аздаған май қосып, кастрюльдің қақпағын жауып, бір сағаттай бұқтырылады. Содан соң капустаның үстіне асылған еттің сорпасын құйын, томат қосып, қуырған тамыр салынады да, қайнатылады. Пісіп қалғанда лавр жапырағы, бұрыш, тұз салып, аздап қуырылған ұн себеді. Қышқыл щиді бұдан басқа да әдіспен әзірлеуге болады: Кастрюльге капуста мен ет салып, үстіне су құйылады да, отқа қояды. Тамыр мен пияз бөлек қуырылып, пісуге 20—30 минут қалғанда лавр жапырағы, бұрыш, тұз және қуырылған ұн қосыла- ды. 500 г етке 2—3 л су, 500 г ашыған капуста, бір түйірдей тамыр, 1 пияз, 1 ас қасық бидай ұйы, 2 ас қасықтай сары май және томат-пюре керек. Тұз бен бұрыш татымына қарай салынады.

Қызыл балық сорпасына ашыған капуста салып әзірленген щи.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызыл балық сорпасына ашыған капуста салып әзірленген щи. Қызыл балықтың басын кесек-кесек етіп бөліп, желбезектерін алып тастайды. Жуып, 1—2 минут ыстық су ға салып қояды. Содан соң қайтадан жуып, кастрюльге салады да, үстіне салқын су құйып, отын басыңқырап, 3—4 сағат қайнатады. Отқа қойғаннан кейін бір сағаттап соң балықтың басын басқа ыдысқа бөлек салып алып, сорпасын сүзіп құйын алады. Басты бөлшектел, еті мен шеміршегін бөліп алады да, шеміршегін қайтадан сорпаға салып қайнатады. Пісуге бір сағат қалғанда шеміршек пен томат қосып, қуырылған тамырлы осының алдында айтылған рецепт, бойынша бұқтырылған капуста сорпасына қосады. Пісер кезде бұрыш, тұз, лавр жапырағы және қуырған ұн салады.

Бір қызыл балық басына 2—3 л су, 500 г ашыған капуста, 1—2 түйір тамыр, 2 пияз, 2 ас қасық томат-пюре, 2 ас қасық сары май, 1 ас қасық бидай ұйы керек. Бұрыш пен тұз әр адамның қалауынша салынады.

Саумалдық щиі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Саумалдық щиі. Шпинатты іріктеп алып, жақсылан жуады, жұмсарғанша қайнатып, сүзгімен сүзіп, сорғытыл, үгеді. Қымыздықты да іріктеп жу ады, ірі жапырақтарын ұсақтал турайды. Тамыр мен пияз- ды үш бұрыштал ұсақтал турап, содан соң қуырыл, ұн қосып тағы да 1 — 2 минут қуырады. Үгілген шпинатты кастрюльге салып, жақсылан араластырады да, шпинатты асқан сорпа мен оның нәрін құйып, бұрыш пен лавр жапырағын қосады. Сөй- тіп, 15—20 минут қайнатады. Пісуге 10—15 минут қалғанда қымыздыққа тұз салынады. Өсімдік щиін дастарқанға қоярда үстіне қаймақ құйып, бітеу пісірген жұмыртқа қосады. 500 г етке 2—3 л су, 500 г саумалдық, 200 г қымыздық, бір түйірлен тамырлар, 1 пияз, 1 ас қасық бидай ұйы, 2 ас қасық тоң май керек. Бұрыш пен тұз әр адамның қалауынша салынады.

Қымыздықтан қуырылған нан қосып әзірленген щи.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қымыздықтан қуырылған нан қосып әзірленген щи. Қымыздық (300 г) 3—5 минут қайнатады. Содан соң елекпен үгіп, қайнап жатқан сорпаға салады. Шала қуырылған пияз қосып, 10—15 минут тағы да қайна- тады. Сосын қалған қымыздық пен (туралған) тұз салынады да бұрышталады. Сөйтіп тағы да 5—10 минут қайнату керек. Ақ нан бөлек қуыры- лып, жұмыртқа бітеу пісіріледі.

Дастарқанға әкелерде тәрелкеге жұмыртқа, қуырған нан салып (оны бөлек те беруге болады), қаймақ қосып береді.

600 г қымыздыққа 2—3 л су, 2 тал петрушка, 1 пияз, 2 ас қасық тортасынан айырған немесе сары май керек. Тұз бен бұрыш әркімнің қалауына қяэюююэююяяарай салынады.

Қалақай щиі. Іріктеліп алынған қалақайды жуып, қайнап жатқан суға салады да, кастрюльдің қақпағын мықтап жауып, жұмсарғанша қайнатады. Содан кейін елекке аударып үгеді. Үгілген соң, ыстық ет сорпасы мен нәр құяды. ДастарқанДастарқанға әкелерде щиге қаймақ құйыл, бітеу пісірген жұмыртқа салады. Қышқыл дәм беру үшін аздап қымыздық қосуға болады. 500 г етке 500 г қалақай, 200 г қымыздық керек. Тұз әркімнің қалауына қарай салынады.

[1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9