Мазмұнға өту

Шөпжияр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шөпжияр
татар шөпжияры
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Monocots
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Ixioliriaceae
Nakai
Тегі: Ixiolirion
Fisch. ex Herb.
Синонимдері

Kolpakowskia Regel

Шөпжияр (лат. Ixiolirion) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзен аңғарларында, шөл, далалық аймақтарда, таудың төм. белдеулерінде өсетін 1 түрі – татар шөпжияры (І. tatarіcum) бар. Биіктігі 8 – 50 см, жуашығы домалақ (ұзындығы 1,5 – 2,5 см, ені 1 – 1,5 см), қара қоңыр қабықты. Сабағы жалаң, тік өседі. Жапырақтары ұзынша (ені 2 – 10 мм), жоғарғы жағы үшкір, аздап салаланған, төм. жапырақтары сабақ түбіне шоғырланып орналасады. Гүлшоғыры азгүлді, шашақ тәрізді. Гүлсерігінің пішіні қоңырау сияқты, оның жапырақшасы көк немесе көкшіл қызыл түсті (ұзындығы 2 – 3 см, ені 5 – 7 мм). Тозаңдығы түзу, оның ұзындығы 1,5 – 2 мм. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Қорапшасы жұмыр, түйреуішке ұқсайды, үш қырлы. Әсемдік өсімдік. Қолдан өсіргенде гүлдері ірі болып шығады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]