Мазмұнға өту

Шықшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шықшөп

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Шықшөптер тұқымдасы
Тегі: Шықшөп (Drosera)

Шықшөп немесе шықшылдақ (лат. Drosera) – шықшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық жәндікқоректі өсімдіктер.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
(Drosera capensis) Жапырағы және қармауыштары
(Drosera kenneallyi) Гүлі
  • Биіктігі 7 – 25 см, төселе өсетін немесе түйнекті тамырсабағы болады.
  • Жапырақтары тамыр түбіндегі себетте орналасады, олардың шетін және жоғары жағын қызыл безді басы бар түктер жауып жатады. Осы бездер жабысқақ сұйық тамшылар бөліп шығарады, соның нәтижесінде өсімдіктің жапырағының үстін шық жауып жатқан сияқты болып көрінеді. Өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Түктер жапыраққа қонған жәндіктерді жауып қалады да, өздерінен бөлінген шырышпен бүркейді. Бұл кезде жапырақ қақ ортасынан екіге бүктетіліп, жәндікті ұстап тұрады. Өсімдіктің құрамынан бөлінген асқорыту ферментінің әсерінен жәндік қорытылып болғаннан кейін жапырақ қайтадан жазылып, бұрынғы түріне келеді.
  • Гүлдері ұсақ ақ түсті, олар шашақ немесе сыпыртқы гүлшоғырына топталады. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Тұқымынан, көбінесе вегетативті жолмен көбейеді (олар су арқылы тарайды).
  • Жемісі – бір ұялы қорапша.
  • Теңгежапырақ шықшөп – дәрілік өсімдік.

Өсетін жері мен таралу аймағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тропиктік және қоңыржай белдеулерде, негізінен Австралия мен Жаңа Зеландияның ылғалды аймақтарында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда шымтезекті мүк өскен батпақты жерлерде кездесетін 2 түрі: теңгежапырақ шықшөп және англия шықшөбі бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]